ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Радиациялық бақылау әдістеріРадиациялық бақылау әдістері-(Метод контроля радиационный) — бақылау объектісімен өзара әсерлесіп кіріп өтетін иондық сөулеленуді тіркеу мен талдау негізінде жүргізілетін бақылау.

  • Люминисцентті әдіс.

  • Фотосуретті әдіс.

  • Химиялық әдіс.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау әдістері:

  • Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жасайды.

  • Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.

  • Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиiстi ұйымдарда радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, нормаларды, ережелер мен гигиеналық нормативтердi, радиациялық қауiпсiздiк ережелерiн, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды бұзу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Радиациялық және химиялық жағдайды бақылауға бастапқы мәліметтерге мыналар жатады: жарылыстың уақытысы мен орны, түрі мен қуаттылығы, қатты әсер ететін улы заттың түрі мен мөлшері, адамдардың қорғану деңгейі, сәулелену мөлшері, ауа райының мәліметтері.

  • Суретке түсіру әдісі – иондаушы сәуленің фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына әсер ету арқылы, пленаның қараю тығыздығына байланысты анықтайды.Фотосуреттегі особьтарды есептеу арқылы ірі сүт қоректілер мен ашық кеңістікте жиналған теңіз құстары популядияларының мөлшерін анықтауға болады.

  • Химиялық әдіс – радиоактивтік сәулелердің әсерінен кейбір заттарда болатын химиялық өзгерістерді анықтауға негізделген. Мысалы: хлороформ сәуле шарпуының нәтижесінде ажырап тұз қышқылын бөледі,ол белгілі мөлшерде жиналып, хлороформ ерітіндісіне қосылған арнайы бояғыштың түрін өзгертеді (ДГ – 70м тектес дозиметр). Алынған бояудың түрлерін алғашқы эталон түрімен салыстыру арқылы радиоактивтік сәулеленудің мөлшерін (дозасын) анықтауға болады;

Радиациялық және химиялық жағдайды бақылаудың мақсаты мен міндеті: радиоактивті химиялық зақымдану ошағының қарқынын, олардың құрылыс обьектілерге әсерін, азаматтық қорғаныс күштері адамдарға жедел жәрдем беру, зақымдану ошағына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Люминисценттік әдіс – екі жағдайда анықталады радиофотолюминисцентті және радиотермолюминисцентті;

  • бірінші жағдайда иондаушы сәуле әсерінен люминисцирлеуші материалда күміс иондары мен атомынан тұратын фотолюминисцентті орталығы құрылады, ультрафиолет жарығынан көрінетін люминисценция тудырады.

  • екінші жағдайда жылу әсерінен иондаушы сәуленің сорылған энергиясы люминисценцияға айналады.