Файл: Таырыбы Жас ландар матанышы елімні!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Жас ұландар – мақтанышы елімнің!

Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.

Құрметті: ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз. «Жас ұландар – мақтанышы елімнің!» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Жауынгер біздің саңылақтар Жауды жеңген солдаттар Ардақта Отан- ел үшін Бақытты туған жер үшін . Отан үшін мерт болғанды танып біл, Оларды әсте ұытпайды халық бұл! Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді, Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!

Жеңіс күні құтты болсын, Құтты болсын Аталар! Ұмытпайды ешқашанда Жауынгерді балалар.

(балалар сап түзеп мәңгі алау жанына сап түзейді) Ән ұран айтылады.

Қазақ жігіті керемет қой расында.

Жауапкершілік бар оның басында.

Күтіп тұр ғой сені алда сан арман.

Мұхаммедали бақытқа тек жаралған.
Сыныбымыз сері жігітке толған

Соның бірі, бірегейі Темірлан

Ұшқыр ойлы, таланттысы сыныптың

Темір мінез, батырымыз- Темірлан
Қазақ халқы ер жігітті сыйлаған

Еш бір жауға ер жігітін қимаған

Батырларды Алла берген, бақ берген

Соның бірі біздің Батыр-Ақберен
Жаныңнан әркез табылар Жансерік

Айтқан сөзіне ылғи берік

Еңсесін көтеріп жүреді тік

Алмайды ол екілік.
Біздің сұлу, сері жігіт Ақжүрек

Ылғи күліп, шат - шадыман боп журед(і).

Тентектігі болсадағы бойында

Кең пейілді, таза жүрек , Ақжүрек
Сымбатты біздің Әлішер

Сырлассаң, тарқатар шер

Өзі әзілқой, көңіліңді бір көтерер

Көмек сұрасаң егер

Аянбай көмектесер.
Сыныптасым менің Диас

Жамандыққа жаны қас.

Ойындарға қатысудан,

Ешкім оны жеңе алмас.
Сыныптың мақтанышы - Асылбек

Жарыстарға қатысып

Көрінеді биіктен тек.

Өзі ақкөңіл, ешкімге сақтамайды кек.
Сұрасаң есімі оның Даниял,

Сөзіне берік, өзі адал

Жақсы баға алу үшін

Жасайды ол бар амал.
Сабырлы, сыныптағы бұл-Ғани

Жүре берші, алда үнемі тек дами


Ақылдым сол, ержүрегім батырым

Серілердің серісісің сен Ғани
Келесі ойын: Кім тапқыр? Жұмбақтар шешу
Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.    (Мектеп)
Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)
Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)
Шәкiртке жанашыр,

Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)
Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)
Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)
Кiшкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су iшiп құныққан.    (Сиясауыт)
Қабы сояу,

Дiнi – бояу.    (Қарындаш)
Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)
Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам)
Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)
Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын.   (Сия)
Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)
Күмiс алмұрт тiлi бар,

Сыңғырлаған үнi бар.

Шақыратын бiлiмге,

Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау)
Денесi бар шыбықтан,

Темiр тұмсық құдықтан,

Сусын алып iшедi,

Ойы iз боп түседi.   (Қаламсап)
Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)
Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)
Бiр санға өсiрдi,

Өзi қалып орнында,

Бiздi алға көшiрдi.   (Класс)
Доп сынды келбетi,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)
Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)
Көкқұтанша ақ айдында,

Бiр аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.   (Циркуль)
Бiрiн-бiрi қоштаған,

Бiр үйден көрдiм,

Қырық екi дос-жаран.   (42 әрiп)

Пародия: 4 «Б» сыныбының ер жігіттеріне арналған қыздардан пародия.

4 «Б» сыныбының қыздарының атынан би.
Жүргізуші: Осымен «: Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты мерекелік жарысымыз аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!