Файл: І жргізуші Уа, халайы! Бріе бірдей жар салайы, Математика тілін йренем деушілерге, Математика тілін білмек ойлы балалара Математикаа марлыын арттыруа талпынушылара Бгінгі болатын кешімізді арнаймыз. Іі жргізуші.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
К. Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі
Математика пәнінің мұғалімдері :
Кангельдеева Карлыга Кабиевна.
Крыкбаева Бактугуль Кабдрашевна
Павлодар қаласы 2008-2009 оқу жылы.
І жүргізуші:Уа, халайық!
Бәріңе бірдей жар салайық,
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білмек ойлы балаларға
Математикаға құмарлығын арттыруға
талпынушыларға
Бүгінгі болатын кешімізді арнаймыз.
ІІ жүргізуші: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілімнен кеш сермедім ».-
деп Абай атамыз айтқандай уақытында геометрия сырына түсінбей,
кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда геометриялық
фигуралармен сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізгелі
тұрған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші:Сіздерден бір тілегіміз,
Үндемей босқа тұрмаңыздар.
Білмегенді сұраңыздар,
Оның бәрі аз болса,
Ойдан есеп құрыңыздар.
(Жүргізушілер бірге)
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын наз.
Жүргізуші: Кешіміздің бірінші бөлімі:
Үшбұрыштар еліне саяхат.
ІІ жүргізуші: Екінші бөлімінде әр түрлі есептер
шығарылып, ойындар ойналады.
Ертегіші апай: Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
«Үшбұрыш» атты хан болыпты,
Бір ұлға тең болыпты.
Ал, кәнекей ,балалар!
Анықтап қарап алыңдар
Ерекшелігі хан елінің
Қорықпай кәне атаңдар.
Оқушылар жауабы: Бұл үшбұрыштың барлық қабырғалары тең
Барлық бұрыштары тең
Сондықтан бұл үшбрыш тең қаырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш төбелеріне қойылған үш әріппен белгіленіп
Оқылады (мысалы: АВС)
Ертегіші апай: Ой, бәрекелді, өте дұрыс айттыңдар.
(бір үшбұрыш келе жатады) Ал мынау ханның үлкен ұлы Әрқашан болған жолы,
Қасиетімен бұл жігіттің
Танысамыз осы жолы.
Тең бүйірлі үшбұрыш:
Менің атым тең бүйірлі үшбұрыш
Себебі екі бүйірлі қабырғам тең
Үшінші қабырғам табаным
Менің қасиетім табанымдағы бұрыштар тең,
Сенбесең мен дәлелдеймін.
Ертегіші апай:
Қиқайған мынау кім өзі? Қайдан ғана жүр еді?
Әр қабырғалы үшбұрыш: Мен ханның екінші ұлымын Менің атым мәртүрлі қабырғалы үшбұрыш
Себебі қабырғаларының
зындықтары әртүрлі.
Жүру қиын болғандықтан көзге көп
түсе бермеймін.
Ертегіші апай:Ой, бәрекелді, балам, төрге шық.Тағы бір топ келеді
Халық тілегі:Бізге керегі сол еді
Бірінші үшбұрыш: Мен ханнңың немересімін
Ау, халайық!
Бұрышым менің сүйір
Ақылың болса егер бір түйір
Ойланшы өзің.
Сонда қалай аталамын?
(оқушылар жауабы: Сенің атың сүйір бұрышты үшбұрыш)
Үшбұрыш: Дұрыс,дұрыс.
Екінші үшбұрыш:
Доғал менің бұрышым,
Білсең айтшы дұрысын.
Қалай деп кәне атайды
Шөбересін атайдың.
(оқушылар жауабы: Сенің атың доғал бұрышты үшбұрыш)
Екінші үшбұрыш: Дұрыс,дұрыс.
Ертегіші апай:
Үшінші үшбұрышқа қарап,
Ал, сен кімсің, Қарағым?
Үшінші үшбұрыш:
Келсе егер сөз кезегі
Таныстыруды бастайын.
Мен ханның неменесі
Ешкімнен ұялып саспаймын,
Атым менің тік бұрышты үшбұрыш.
Қасиетім менің ерекше,
Белгілі ғой әр елге .
Пифагордың аты шығып
Тарап кетті әлемге,
Пирамидасы Египеттің.
Абыройымды асырды
Аты шулы Пифагордың
Теоремасы ашылды.
Гимназистер әзіл қылды,
«Пифагордың шалбарын»
Қайдан білсін өмір бойы,
Сондарынан қалмасын.
Ертегіші апай:Ой, бәрекелді, төрге шығыңдар балалар.
Міне, балалар «үшбұрыштар еліне саяхат» жасай отырып,
Талай сырға қанақтық,
Осымен ертегім тәмәм болды
Одан бері иалай заман болды,
Үшбұрыштар ұрпағы
Өз қасиеттерін сақтап келеді,
Бірінші жүргізуші:Ал, балалар мына суреттерден үшбұрыштарды көрсетіп, атын атап беріңдер.
Екінші жүргізуші:Ал мына үшбұрыштардың атын кім атап береді?
Бірінші жүргізуші:Осы үшбұрыштың бәріне тән қандай ортақ өасиеттері бар?
(оқушылар жауабы: Барлық үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 болады.)
Екінші жүргізуші: Рахмет, балалар! Келесі кезекті әнші үшбұрышқа берейік.
Үшбұрыштар жайлы айтайын
Қалмасын ой үзіліп,
Құстар қайтар еліне,
Үшбұрыш боп тізіліп.
Қайырмасы: Есеп, есеп, есеп-ай,
Есеп білмес есек-ай,
Есеп білмес баланы,
Еркелетпес ешкім-ай.
Үшбұрыштар заңдылық,
Пифагордан жаралған.
Үй құрайтын төртбұрыш
Үшбұрыштан құралған.
Қайырмасы:Есеп, есеп, есеп-ай,
Есеп білмес есек-ай,
Есеп білмес баланы,
Еркелетпес ешкім-ай.
Түк білмес деп айтар еді,
Білмей жүрсек мына біз.
Қосындысын ішкі бұрыштың
180 -тең болатын.
Қайырмасы: Есеп, есеп, есеп-ай,
Есеп білмес есек-ай,
Есеп білмес баланы,
Еркелетпес ешкім-ай.
І жүргізуші: Енді есепке және ойынға кезек берейік.(әр түрлі ойындар)
І жүргізуші:Бүгінгі кешімізге қатысқан оқушыларға рахмет айта отырып Ыбырай ата жазған өлең шумағын оқиық
( екеуі бірге) Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Есептер: 1. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде.
Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?
2.1кг түбіт ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?
3.Ең үлкен бір таңбалы, ең үлкен екі таңбалы және ең үлкен үш
таңбалы сандардың қосындысы мен ең кіші
төрт таңбалы санның айырмасының мәні қандай?
4. Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойылғанда 4- тен артық,
5-кем сан шығады?
5. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан
кейін олардың жасары бірге алғанда қанша болады?
6. Тек қана 6 цифрын 3 рет пайдаланып, 30 өрнекте.
7. Графиктік редактор аты.
8. Жақтаулар арқылы шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.
9. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді.
10. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең.
ол қандай сандар.
11. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?
12. «К» әрпімен басталатын математикалық сөздерді ата.
13. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең?
14. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр.
Жұмбақтар: 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында
2. Төрт жүз түйме,
Он бір міне.
3. Айқасқасқан екі таяқ
Тұрды жоқты сұрап.
Ойындар:1. «7» саны киелі сан. Осыған байланысты ұғымдарды ата.
2. 1888 санын екі бөлікке бөлгенде 1000 шығуы керек.
Ұшбұрыштар еліне саяхат
Ертегіші апай: Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
«Үшбұрыш» атты хан болыпты,
Үш тағаны тең болыпты.
Ал, кәнекей ,балалар!
Анықтап қарап алыңдар
Ерекшелігі хан елінің
Қорықпай кәне атаңдар.
Оқушылар жауабы: Бұл үшбұрыштың барлық қабырғалары тең
Барлық бұрыштары тең
Сондықтан бұл үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш
Ертегіші апай: Ой, бәрекелді, өте дұрыс айттыңдар.
(бір үшбұрыш келе жатады)
Ал мынау ханның үлкен ұлы
Әрқашан болған жолы,
Қасиетімен бұл жігіттің
Танысамыз осы жолы.
Тең бүйірлі үшбұрыш:
Менің атым тең бүйірлі үшбұрыш
Себебі екі бүйірлі қабырғам тең
Үшінші қабырғам табаным
Менің қасиетім табанымдағы бұрыштар тең,
Сенбесең мен дәлелдеймін.
Ертегіші апай:
Қиқайған мынау кім өзі?
Қайдан ғана жүр еді?
Әр қабырғалы үшбұрыш:
Мен ханның екінші ұлымын
Менің атым әртүрлі қабырғалы үшбұрыш
Себебі қабырғаларының
ұзындықтары әртүрлі.
Жүру қиын болғандықтан көзге көп
түсе бермеймін.
Ертегіші апай:Ой, бәрекелді, балам, төрге шық
.Тағы бір топ келеді
Бізге керегі сол еді
Бірінші үшбұрыш:
Ау, халайық!
Мен ханнның немересімін
Бұрышым менің сүйір
Ақылың болса егер бір түйір
Ойланшы өзің.
Сонда қалай аталамын?
(оқушылар жауабы: Сенің атың сүйір бұрышты үшбұрыш)
Үшбұрыш: Дұрыс,дұрыс.
Екінші үшбұрыш:
Доғал менің бұрышым,
Білсең айтшы дұрысын.
Қалай деп кәне атайды
Шөбересін атайдың.
(оқушылар жауабы: Сенің атың доғал бұрышты үшбұрыш)
Екінші үшбұрыш: Дұрыс,дұрыс.
Ертегіші апай:
Үшінші үшбұрышқа қарап,
Ал, сен кімсің, Қарағым?
Үшінші үшбұрыш:
Келсе егер сөз кезегі
Таныстыруды бастайын.
Мен ханның неменесі
Ешкімнен ұялып саспаймын,
Атым менің тік бұрышты үшбұрыш.
Қасиетім менің ерекше,
Белгілі ғой әр елге .
Пифагордың аты шығып
Тарап кетті әлемге,
Пирамидасы Египеттің.
Абыройымды асырды
Аты шулы Пифагордың
Теоремасы ашылды.
Гимназистер әзіл қылды,
«Пифагордың шалбарын»
Қайдан білсін өмір бойы,
Сондарынан қалмасын.
Ертегіші апай:Ой, бәрекелді, төрге шығыңдар балалар.
Міне, балалар «үшбұрыштар еліне саяхат» жасай отырып,
Талай сырға қанақтық,
Осымен ертегім тәмәм болды
Одан бері иалай заман болды,
Үшбұрыштар ұрпағы
Өз қасиеттерін сақтап келеді,