ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кәдімгі қарағай — Қазақстанда кездесетін барлық қарағай тұқымдастарыныӊ ішіндегі кеӊ тараған түрі. Қазақстанныӊ ұсақ шоқыларында және Алтай тауларында, жазықтағы орманды далада және далада, құмда және құрғақ топырақта жабайы түрде өседі. Еліміздіӊ басқа жерінде көгалдандыру мақсатында адамдар тұратын табиғи мекендерде табиғи апаттардан сақтау үшін өсіріледі. Топырақты тұрақтандыраду қасиеті, тамыр жүйесініӊ құрылым ерекшелігімен түсіндіріледі. Жазықтағы қалыӊ орманда тереӊге бойлайтын кіндік тамыр өзек жетіледі. Құмда, тау беткейінде, тереӊге кететін кіндік тамырдан өзге жанама тамырлар шығады, топырақтыӊ жоғарғы қабатында орналасады. Биік (20-40 метр дейін) ағаштар, қарағайлар көз тартарлық әдемі болып биіктей береді. Биік, түзу діңдерінен кеме желкенінің ағашын жасайды. Жуан діңі қызғылт-қошқыл қабықпен тілімделген, ашық-жасыл және сарғыш түсті жолақ сүрек кездеседі. Дің зақымданғанда мөлдір жасқа ұқсас хош иісті шайыр ағады. Оның екі түрлі – ұзын және қысқа қылқандары мәңгі жасыл, екі-екіден шоқтана орналасқан. Олар ұзын, жіңішке, ұшы үшкір, сондықтан оларды ине деп те атайды. Қылқандар 2-3 жыл өмір сүредіт. Бір ағашқа жекелей орныққан гүлдері дара жынысты, тығыз гүл шоғырына жиналған. Екі аталықты, тозаңды гүлдері ұзын өркендері бас жағына көптеген масақтарға топтасқан. Аналық гүп шоғыры – сопақ, тік тұратын бүршіктер, түсу кезеңі екі жыл. Пісуі – сұрғылт-қоңыр түсті, үлкен, ұзындығы 6 см, ені 4 см. Тұқымы ұсақ, дөңгелек, кең үшбұрышталған қанат тәрізді пленка, ұзындығы 1,5-2 см болады. Мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-тамызда жеміс салады.

Тянь-Шань шыршасы [1] (лат. Pícea tianschánica) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш, бұта. Ол Шренк шыршасы түрше. Алматы облысында кең таралған. Теңіз деңгейінен биіктігі 1300-3600 м. Осы ағаштар Тянь-Шань эндемиктері [2] және тек-ғана Іле Алатауында, дәл сондай Жетісу Алатауында кездеседі.


Тянь-Шань шыршасы — қалдық өсімдіктер. Жас ұзақтығы 250–300 жыл. Ұсақ тасты, жартасты тау беткейлерінде бірыңғай шыршалы кейде сібір самырсынымен аралас орман құрап өседі. Орта биіктігі 60 метрге жетеді, ал сыпайы жағдайында 100 метрге жетеді. Орта жуандығы 2 метрге дейін жетеді. Діңінің қабығы қоңырқай сұрғылт түсті, қабыршақтанып оңай сылынады. Қылқаны (жапырақтары) 4 қырлы, үшкір, ұзындығы 2-3,5 см, ені 2,0 мм-дей, ұзарған өркенінің қабық төмпешіктерінде бір-бірден болады. Жапырақтары түскенде төмпешіктері сақталып қалады. Бүрі сопақша, цилиндр пішінді, ұзындығы 8-10 см, жуандығы 2,5-4 см. Жеміс жапырақтары, көбінесе бүрлерінде орналасады. Мамыр айында гүлдейді. Вегетативтік (өсімді) жолмен көбейеді. Тұқымы мамырда, қоңырқай түсті келеді, жұқа қанатшалы өсіндісі арқылы желмен таралады, тамыз-қыркүйекте піседі. Алғашқы 15 жылда баяу (жылына 5-25 см), содан кейін тез өседі.

Шыршаның ағашы көптеген құнды қасиеттерге ие. Ол керемет берік. Революцияға дейін бұл шыршаны құрылыс материалы ретінде пайдаланған. Одан Алматының тұрғын үйлері және қоғамдық ғимараттар салынған, оның ішінде атақты Кафедралды шіркеу де бар. Осы ескерткішті 70-ші жылдары қалпына келтіруде ХІХ ғасырдағы үйлердің бөренелері пайдаланылды — олар жақсы сақталған Тянь-Шань шыршасының ағашынан — музыкалық ішекті аспаптар: гитарадомбыра жасауда таптырмайтын бағалы материал.

Шегіршін (Ulmus) — шегіршіндер тұқымдасына жататын, жапырақтары маусым сайын жаңарып тұратын сүректі өсімдіктердің бір туысы. Шегіршіннің 30 шақты түрі бар, олардың КСРО жерінде 12 түрі өседі. Бұлардың ішіндегі көрнектілері: шөл шегіршін (Ulmus pinnatoramosa) — мұның қасиеті — шөлге төзімді; бал шегіршін (Ulmus effusa) — ірі ағаш, жапырақтары шықпастан бұрын — сәуір және май айларында гүлдейді, ерте бастан нектарын, гүл тозаңын және желімін беретін өсімдік болғандықтан бал шегіршін баларасы омартасының айналасына көбірек егіледі. Мүның ұзындығы 20—30 метрден асатын үлкен ағаш, 400 жылға дейін өеіп тұрады. Құм шегіршін.

Қарағаш (

лат. Ulmus) – қарағаштар тұқымдасына жататын көп жылдық жапырақ тастайтын ағаш. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдерінде кездесетін 30-дай (кейбір мәліметтерде 45) түрі белгілі. Қазақстанның далалы жерлерінде, сай-жыраларда, өзен аңғарларында, тау етегіндегі құрғақ қойнауларда өседі. 6 түрінің төртеуі қолдан өсіріледі. Көп тарағаны – жылтыр Қарағаш (U. laevіs). Биіктігі 35 м-дей. Бұтақ шоғыры қалың, жарты шар пішінді, диаметрі 60 – 80 см. Жай жапырақ жүйкелерінің ұшы жапырақ жиектеріне тіреле аяқталады. Бөбешік жапырақтары ерте қурап түсіп қалады. Жапырақтары негізінен жемістері піскеннен кейін жайылады. Топталған гүлдері қос жынысты, жапырағы шықпай тұрып гүлдейді. Гүлсерігі 4 – 8, аталық саны да осындай. Аналығының аузы қостілімді, қанатша тәрізді өсіндімен тұтасып бірігіп кеткен, жемісі піскенде де қанатша сақталады. Жемісі – жиегі жарғақ қанатшамен көмкерілген жаңғақша. 200 – 400 жылдай жасайды. Өте жеңіл болғандықтан жел арқылы алысқа ұшып таралады. Қарағаш – бағалы орман ағашы әрі дәрілік өсімдік. Жапырақтары мен жас бұталарының қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады. Халық медицинасында қабығын суға немесе спиртке тұндырып, құлақтан ірің аққанда, жапырағының ұнтағын ішек және бүйрек шаншуларын емдеуге қолданады. Қарағаш – суыққа төзімді ағаш, көбінесе көгалдандыру мақсатында жол жиектеріне отырғызылады. Аңызақ желге тосқауыл болу үшін егістіктердің айналасына, сусымалы құмдар мен сай-жыраларды су шаймас үшін мәдени түрде егеді. Сүрегі ауыр әрі тығыз, шірімейтіндіктен, түрлі үй жиһаздарын жасау үшін, құрылыс материалы ретінде қолданылады. [1]


Қайың (лат. Betula) — қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады.

Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.


Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып-жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны Карелия қайыңы деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.

  • Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар.

Медицинада бүршігі мен жапырағын бүйрек ауруларына қарсы ем ретінде қолданады.

  • Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш, оларды елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді.

  • Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады.

  • Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады.

  • Сүйелді қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін отырғызады.

  • Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады.



Шаған (лат. Fraxinus) зәйтүндер тұқымдасына жататын, жапырағы түсетін ағаш.

Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында, кейде Азия мен Американың тропиктік аймақтарында кездесетін 70-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы таулардың, ормандардың, өзен жағаларындағы су жайылымдарында өсетін 4 түрі бар. Соның ішінде саябақтарда, көшелерде қолдан өсірілетін түрі — сириялық шаған (F. syrіaca). Оның биіктігі 30 м-дей, бұтақтары цилиндр пішінді, қабығы қоңыр сұр түсті. Бүрлері қоңырқай немесе қара, қысқа түкті, жапырақтарының ұзындығы 25 см, бір — үштен жұпталып шығады, шеті ара тісті, үстіңгі беті қанық жасыл, астыңғы жағы ақшыл келеді. Гүлдері желмен тозаңданады, қос жынысты кейде полигамды (бір гүлінде аталық та, аналық та немесе екеуі де болады), шашақ гүлшоғырына топталған. Гүлшоғыры ұзын, сәл төмен қарай иіліп тұрады, олар алдыңғы жылдан қалған жапырақ қолтығында жетіледі. Маусым айында гүлдеп, жемісі шілдеде піседі. Жемісі — эллипс пішінді, шеті ойық келген жаңғақша. Шағанның қатты әрі серпімді сүрегі кеме, темір жол вагонын, ұшақ жасау өнеркәсібінде және ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Еуропа шағанынан (F. ornus) манна (тәтті шырын, іш қатып қалғанда ішеді) алынады. Ал қытай шағаны (F. chіnensіs) ақ балауыз бөліп шығарады, сондықтан оны шырақ жасау және медицинада, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдалану үшін өсіреді.
[1]


Үйеңкі (лат. Ácer) — әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік.

Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі.
Үйеңкі (Acer) — өзі аттас тұқымдасқа жататын жапырақ тастайтын ағаш не бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік жылы аймақтарына тараған 150-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда таулы жерлерде, өзен бойларында, сай-салаларда, орманды жерлер мен бұталар арасында жабайы өсетін 2 түрі: қара үйеңкі (А. tatarіcum) және Семенов үйеңкісі (А. semenovіі) бар. Бұдан басқа 5 түрі (дала үйеңкісіжалғаншар үйеңкісіөзендік үйеңкішағанжапырақ үйеңкішынартүс үйеңкі) қолдан өсіріледі. Биіктігі 5 — 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт тартқан. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, оның жиегі бүтін, кейде ойық, жыл сайын түседі. Сарғыш, жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 — 5 мүшелі, қос не дара жынысты, қалқанша не шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен немесе желмен тозаңданады. Сәуір — маусым айларында гүлдеп, тамыз — қазанда жеміс береді. Жемісі — қосқанатты, екі тұқымшасы болады. Тұқымынан, сұлама бұтағынан, шыбығынан, ал қолдан өсіргенде бөліну арқылы не қалемшесінен көбейеді. 150 — 200 жылдай жасайды. Үйеңкі ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын жасауға пайдаланылады. Күзде жапырақтары алуан түсті болғандықтан саябақтарда, көше бойларында әсемдік үшін өсіріледі. Солтүстік Америкада өсетін қантты үйеңкінің (А. saccharum) жапырақ шырынында 2 — 5 % қант болады, шірнелі өсімдік, үйеңкі жапырағы