ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Канаданың ұлттық символы болып саналады.[1]

Канада елінің туында қант үйеңкісінің жапырағының суреті салынған. Америкада әлі қант құрағы туралы білмеген кезде, қант үйеңкісі қант алудың негізгі көзі болған. Оның тәтті шырынынан үйеңкі шәрбәтін, сірне және үйеңкі сырасын алған.

Күн көзінде немесе ала көлеңкеде де өсе береді. Суыққа төзімді, алайда кейбір сұрыптарын жел өтінен қорғаған жөн. Ылғалдылықты жақсы көретіндіктен жиі суғарып тұруды қажет етеді, мүмкіндік болса су маңына еккеніңіз абзал. Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
Кәдімгі өрік — биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Жабайы түрде Орта Азияда, солтүстік–шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.

Өрік — жылусүйгіш өсімдік. Желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Құрғақшылыққа төзімсіз. Қырқу-кесу жұмыстарын күзде жүргізеді. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

Өрікті тұқымнан және вегативтік тәсілмен қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар.

Қазақстанда Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында өсіріледі.

Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді.

Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, ақуыздық заттар 0,6%-дан аспайды.

Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары – қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.



Алма (лат. Malus pumila) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.

Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда негізінен Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, ал жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.[1][2]

Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл, ал 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.



Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.

Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.

Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.

Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі

Шие – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – солтүстік Парсы жері мен Қара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері аратісті. Гүлі сұрыпына қарай ақ және күлгін, хош иісті. Жемістері тегіс-домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады. Жемістері дәміне қарай тәтті және қышқыл болып екіге бөлінеді. Еті тығыз, шырынды. Сүйегінің үлкендігі 15 мм-дей. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, маусым-шілде айында жемісі піседі. Шиені тұқым, тамырлары, қалемшелері, көшеттерін ұластыру арқылы көбейтеді. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. 8-10 жылдары толық жеміс салу кезеңі. Бір ағаш 100 кг-нан астам жеміс береді. 20-25 жылда сему (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы) кезеңі басталады.

Шие желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Шиені көктемде отырғызған жөн. Күзде отырғызылған көшет, қыс суық болса, ауырып қалады. Отырғызғаннан кейін 1-ші жылдан бастап жылда қырқу-кесу жұмыстарын жүргізу керек. Шие тез тармақталып өсетіндіктен, бұтақтарының арасы тығыз болып, бір-біріне кедергі жасайды. Қырқу-кесуді ерте көктемде, өсімдік әлі «ұйықтап» жатқанда жасайды.

Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Шие 
қантқаорганикалық қышқылдарғаферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендерінекаротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темірфосформагний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Шиеден шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды. Шие аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады.
Мамыргүл немесе Бөртегүл (лат. Syringa) – зәйтүндер тұқымдасына жататын бұталар тегі. Текте әр түрлі мәлімет бойынша 22-36 түр кіреді. Олардың барлығы жабайы түрінде Еуразия түрлі аймақтарының таулы аудандарында өседі. Мамыргүлдің 2300-ден астам мәдени сорттары бар, олар Кәдімгі мамыргүл (лат. Syrínga vulgáris) түрінен алынған. Сорттары бұталар гүлденуі, биіктігі мен әдеті мерзімдері, гүл түсі, пішіні мен мөлшері және т.б. бойынша ерекшеленеді .

Қазақстанда қалаларда, саябақтарда, бақшаларда және демалыс орындарында кәдімгі әсемдік үшін өсіріледі. Биіктігі 2-8 м.-дей, жасыл түсті жас өскіндері безді, бір жылдық бұтақтары сұр түсті. Бүтін жиекті жалаң жапырақтары сопақша жұмыртқа тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 4-7 см. Сыпыртқы гүлшоғыры төбе жағына қарай бүйір, кейде соңғы бүршіктерінде орналасады. Ұзындығы 1,5-2 мм болатын 4 тісшелі тостағаншасы конус тәрізді, тісшелері үшбұрышты әрі өте қысқа, тісшелерініің арасындағы ойықтары доға тәрізді. Гүлі ұсақ, жұпар тәрізді. Күлтесі көкшіл немесе ақшыл түсті, ұзындығы 1 см-дей болатын түтікшесі бар. Аталығы 2, жатыны қос үйлі. Сопақша келген төрт қырлы қоңыр түсті қауашағы қос жармалы, сырты тегіс әрі жылтыр, ұзындығы 1-1,5 см. Тұқымы қабысыңқы, сыртында жарғақты жіңішке айдаршалары бар. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Гүлінің құрамында эфир майы мен глюкозид және тер шығаратын, ауруды басатын қасиеті бар. Гүлінің тұнбасын көкжөтелге және бүйрек ауруларына қолданады. Жапырағын жаралардың іріңін шығару үшін пайдаланады және халық медицинасында өкпе туберкулезін емдеуге қолданылатын шөптер қосындысының құрамына енеді. 

Ашық күнді сүйеді, алакөлеңкелі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Гүлдеп болған соң қураған гүлшоғырларын уақыт өткізбей кесіп тастау керек. Себебі, бөртегүлдің гүлдеген бұталары келесі жылы гүл жармайды. Гүлдеп біткен соң гүлсабағымен қатар әлсіз бұталарын да түбінен кесіп алып тастау керек. Топырақ талғамайды, әкті жерде де өсе береді. Мамыр, маусым айларында топырағын құрғатып жібермей суғарып отырса, гүлді мол береді.


Бөртегүл жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады. Осы өскінді түбінен бөліп алып, оған жақсы сұрыпты қалемшені жалғау арқылы көбейтуге болады. Жаз айларында көлеңке жерде, күзде ашық алаңда қалемшелеп көбейткен жөн[

Жаңғақ (лат. Juglans) – жаңғақтар тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш.

Дүние жүзінде 20 (кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық) түрі бар. Қазақстанда екі түрі кездеседі: грек жаңғағы және қара жаңғақ . Жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда кездеседі. Ағаштары өте биік (20 — 30 м), діңінің жуандығы 1,5 — 2 м. Ағашбөркі қалың, аумақты, жапырақтары ірі (5 — 11 жапырақшалардан тұрады, ұзындығы 20 — 40 см), хош иісті болады . Гүлі дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлдері салбыраған сырға тәрізді, аналық гүлдері жеке-жеке не бірнеше гүлден өркеннің ұшында орналасқан. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі — дәні. Қатты жеміс қабы (қауызы) мен қалың жарғақ ұяшығы (қабығы) жеуге жарамсыз. Грек жаңғағы ағашының аталық және аналық гүлдері әр мезгілде гүлдейді (7 — 12 күннен кейін), жел арқылы тозаңданады. Жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді дақыл. Суыққа төзімсіз мүшелері — аталық генеративті бүршіктері, сондай-ақ, бір-екі және көп жылдық өркендері. Грек жаңғағын дәнімен және вегетативтік жолмен көбейтеді. Бір га-ға 2 т тұқым 7 — 8 см тереңдікте егіледі. Дәннен өсірілген көшеттер 10 — 15 жылда, ал ұластыру арқылы алынған екпе көшеттер 4 — 6 жылда өнім береді. 150 — 200 жылға дейін өнім бере алады. 400 жылдай өседі. Бір ағаштан жылына 65 — 100, кейде 200 — 300 кг жеміс алынады. Жемісінің салмағы 3 — 23 г, көбінесе, жұмыртқа не шар тәрізді болады. Дәнінің жеміс салмағындағы үлесі 30 — 75%. Дәнінің құрамында 55 — 77% май, 18 — 21% ақуыз, 5 — 6% көмірсу, В1 витамині, А провитамині бар. Піскен дәндерінде 30 — 85 мг, ал толығымен піспеген дәндерінде 1500 — 2000 мг, кейде 3000 мг-ға дейін С витамині болады. Грек жаңғағы ағашының сүрегі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Дәні тағам ретінде пайдаланылады, ал жемісінен Жаңғақ майы алынады. Грек жаңғағының сұрыптары жеміс салуы, өркендерінің өсу қабілеті, жемістерінің салмағы, пішіні, гүлдеу уақыты, сондай-ақ, қабықтарының қаттылығы жағынан 7 топқа бөлінеді: ірі жемісті — өндірістік маңызы жоқ, себебі, дәні жетілмегендіктен нашар өнеді; жұқа қабықты — қабықтары жұқа, дәндері майлы, бірақ өнімі аз; салбыраған сырға тәрізді — өнімі мол; бадам тәрізді; кеш гүлдейтін; қатты қабықты — дәні қабығынан өте нашар ажыратылады; шырышты (бумажный, троновой). Соңғы топқа жататын сұрыптар шырышты сүректерімен бағаланады, олар жылтыр, әдемі келеді. Олардан құнды көркем бұйымдар мен жиһаздар жасалады.