Файл: Биологиялы ластану сімдік, жануар, микроорганизмдер жне аш бейімді заттар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қапиз Бақытқаным МБ11 тобының студенті

Судың ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

  • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

 Сапасы, ластану деңгейін үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

  • өнеркәсіп орындары;

  • ауыл шаруашылығын химияландыру:

  • халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;

  • тұрмыстық қалдықтар;

  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

  • ірі құрылыс учаскелері;

  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы
аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Қазақстан Республикасының су ресурстары

Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.

Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде. СырдарияШуТаласҚараталАқсуЛепсіТентекКөксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызады. 

АтырауМаңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған. Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқыгнды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.

Суды тазартуды бақылау

Экологиялық проблемалар мен судың ластануы, атап айтқанда, адамзатқа қауіп төндіретінін, адамдардың мінез-құлқына және кәсіпорындардың қызметіне ұлттық және халықаралық деңгейде құрылатындығын түсіну. Тазалау жүйелерінің жұмысына мониторинг жүргізу ережелері жасалды:

Бастапқы немесе механикалық. Негізгі міндет - үлкен заттарды су қоймасына жіберіп алмау. Дренаждарда, кідіртетін торларда, сүзгілер орнатылады. Олардың уақтылы тазалануы қажет, әйтпесе бітелген торлар апатқа әкелуі мүмкін.

Мамандандырылған. Ластағыш заттардың белгілі бір түрі ұсталады. Мысалы, майдың төгілуіне, майларға, қабыршақтарға арналған тұзақтар бар, оларды коагулянттар көмегімен тұндырады.

Химиялық. Мұндай жүйе ағынды сулар жабық (қайта) циклде пайдаланылады дегенді білдіреді. Шығу кезінде оны бастапқы күйіне қайтаратын заттар қолданылады. Бұл техникалық су.

Үштік тазарту. Су ұнтақтармен, арнайы қосылыстармен өңделеді, көп сатылы сүзгіден өтеді, зиянды организмдерді өлтіреді және басқа заттарды жояды. Ол азаматтардың ішкі қажеттіліктері үшін, сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында қолданылады.

Экологиялық мәселелер - радиоактивті судың ластануы

Мұхиттарды ластайтын негізгі көздерге келесі радиоактивті факторлар жатады:

ядролық қаруды сынау,радиоактивті қалдықтар,ірі авариялар (атом реакторлары бар кемелер, Чернобыль АЭС),мұхит түбінде, радиоактивті қалдықтардың теңізінде жерлеу.

Судың ластануы, оның ішінде радиоактивті қалдықтармен тікелей байланысты экологиялық проблемалар. Мысалы, француз және ағылшын ядролық қондырғылары бүкіл Солтүстік Атлантика дерлік жұқтырды. Біздің еліміз Солтүстік Мұзды мұхиттың ластануының кінәсі болды. Үш ядролық жерасты реакторлары, сондай-ақ Красноярск-26 өндірісі ең үлкен Енисей өзенін жауып тастады. Радиоактивті өнімдер мұхитқа қонғаны анық.