ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Келісілді: Бекітемін:
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Мектеп директоры:
А.Н. Ахметова ______ А.А. Аскарова _______
13. 04.2023 ж.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қалалық білім беру бөлімі «№6 орта мектебі» КММ
5«А» сыныбында өткізілетін
«Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупі»
тақырыбындағы сынып сағаты
Сынып жетекшісі: Ахметкалиева Қ.К.
2022-2023 оқу жылы
Біз адам ұрлау жайлы жан түршігерлік жаңалықтарды жиі естіп жатамыз. Әрине, мұндай оқиғалардың бізден, әсіресе балаларымыздан аулақ болғанын қалаймыз. Сақтықта қорлық жоқ, сол себептен балаларыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін келесі ережелерді білгеніңіз жөн.
Бейтаныс кісі қандай жағдайда қауіп төндіруі мүмкін?
Ол міндетті түрде қараға киінген жұмбақ кісі болмауы мүмкін. Ол күлімсіреп, баланы жаңылдыру үшін өзін жылы шырайлы адам ретінде ұстауы мүмкін.
Бейтаныс кісі қандай жағдайда қауіп төндірмейді?
Көп адам арасында сонымен қатар қауіп төндірмейтін адамды анықтай білген жөн. Бұл жанында балалары бар ата-аналар немесе немерелерімен жүрген қарт кісілер, униформа киген кісілер (мысалы полиция немесе жедел жәрдем қызметкерлері), күзетшілер және дүкендегі сатушылар. Оқу орындарында бұл санатқа мұғалімдер мен тәрбиешілер жатады.
Жеке кеңістік
Балаңыз денесінің тек өзіне ғана тиесілі екендігін және оған ешкім қолын тигізе алмайтынын білуі тиіс. Сол себептен бөтен адам жеке кеңістікке басып кірсе, бала бұл әрекетті қауіп-қатер дабылы ретінде қабылдап, тезірек қашуды ойлайды.
Бөтен адамдармен сөйлесуге болмайды
Бұл ережемен барлығымыз таныспыз, себебі бізге оны кішкентай кезімізден үйреткен. Бүгінгі таңда бұл ереже өзектілігін жоғалтпаған. Балаңызға бөтен адамдарға өзі немесе жанұясы жайлы ешбір ақпаратты бөліспеуді үйретіңіз, бұл онлайн кеңістіктегі тәртіпке де қатысты.
Жоқ деп айтуды үйретіңіз
Жоқ деп айтудың еш ұяты жоқ. Сіздің бүлдіршініңіз кез келген кісінің алдында, әсіресе қауіпті жағдайда өзін әдепті әрі мәдениетті ұстануы тиіс емес. Балаңызға оның қалауынан тыс әрекетті жасауға мәжбүрлеген жағдайда одан еш ойланбай бас тартуды үйретіңіз.
Бөгде адамнан ешқандай сыйлықты қабылдамау, оның артынан ермеу
Сәлем, менің көлігімде қызықты нәрсе бар. Менімен кеттік, көрсетем”. Балаларды осындай ұсыныстармен жиі алдап жатады. Қауіпті адамдардың айтатын сөздерін балаңызға мысал ретінде келтіріп көріңіз. Нәтижесінде балаңыз шындық пен өтірікті айыруды үйренеді.
Балаңыз үйде жалғыз қалса, не істеу қажет?
Балаңызға үйде жалғыз қалған кезде не істейтіні жайлы нұсқауды білуі қажет. Басты ереже: ешкімге және ешқандай жағдайда есікті ашуға болмайды! Балаңыз келесі сөйлемдерді жаттап алуы тиіс: “Сәлемдеме алып келдіңіз ба? Есіктің жанында қалдырып кетіңіз”, ”Келесі рет келіңіз”
Болуы мүмкін жағдайларды қарастырып көріңіз
Көлікпен келе жатқан бейтаныс кісі жолды сұраса, не істеу қажет? Көліктен қауіпсіз қашықтыққа аулақ кеткеннен кейін ғана жолды көрсету керек. Ал бөтен адам көліктен шықса, бала одан бірнеше қадамға аулақ кетуі қажет.
Қоғамдық дәретханаларда өзіңді қалай ұстану қажет?
Қоғамдық дәретханада бала бөгде адамның кез келген көмегінен бас тартуы тиіс. Сонымен қатар бала бөтен кісіге оны сыртта ата-анасы күтіп тұрғанын хабарлауы керек. Балаңызға қажет жағдайда айқайлауды және жәрдемге шақыруды үйретіңіз.