Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Тар кезе романы 12саба.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Тар кезең» романы
№12-сабақ.
Бөлім: | «Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат» бөлімі |
Педагогтің аты-жөні: | Баймаханова М |
Күні: | 04.05.2022 |
Сыныбы:9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Тар кезең» романы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
Сабақтың мақсаты: | Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | |||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Романда басты кейіпкер кім? Романда не туралы айтылған? | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | ||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | №1 -тапсырма. Сырым би бас қосуға келмеген ағайынға қандай сәлем айтты? Оның мәнісі неде? Түсіндіріңдер | Cұрқтарға жауап бере отырып, тақырыптың негізгі мазмұны мен идеясын ашады. | Дескриптор:_Жалпы_–_5_балл.'>Дескриптор: Жалпы – 5 балл. -сұрақты түсіндіреді | Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б. | ||
| №2-тапсырма: Романдағы 3-4 кейіпкелерге бөлек-бөлек мінездеме беріп, дәптерге жазыңдар | Романдағы 3-4 кейіпкелерге бөлек-бөлек мінездеме беріп, дәптерге жазады | Дескриптор: Жалпы – 5 балл. -тапсырманы орындайды | Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б. | ||
Композициялық талдау | Сыныпты 5 топқа бөледі. Сюжеттік-композициялық талдау жасатады. | А элементі: экспозиция – басталу, кіріспе В элементі: оқиғаның дамуы, оқырманды тартатын өрбітуші оқиғалар С элементі: шарықтау шегі, ең шешуші дамыған нүкте Д элементі: шиеленісу, шарықтау шегі нәтижесінде туындайтын салдар Е элементі: шешім, оқиға шешімін табатын соңы | Дескриптор: Жалпы топтық балл- 3 | Кесте оқулық | ||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |