ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
МОӨЖ 3
Тақырыбы: 8 cынып бойынша пәнаралық және пәнішілік байланыстарды талап ететін материалдар, есептер
Орындаған:Мамед Жарқынай
Тобы:МФОК 212
Тексерген: Қозыбай Анарбек Қозыбайұлы
Алматы, 2022
Жоспар
1. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.
2. Физикадан алған білімдердің басқа пәндерде пайдаланылуы.
3. Пәнаралық мазмұндағы есептер.
1. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
«Жылулық қозғалыстар» тақырыбының басты маңызы – физикалық ұғымдарды (жылулық қозғалыс, ішкі энергия, жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық және т.б.) қалыптастыру. Мұнда оқушылардың назарын осы ұғымдарды зерделеу кезінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерге аудару қажет.
Жылулық қозғалыстар. Молекулалар мен олардың қозғалысы және заттың үш күйі туралы материалды (дүниетану) қайталағанда, денелерді құрайтын микробөлшектер (молекулалар) үнемі қозғалыста болатынын баса айту қажет.
Жылулық қозғалыс – бұл бөлшектердің (молекулалар мен атомдардың) орасан зор жиынтығының ретсіз қозғалысы. Жеке бір ғана бөлшектің (молекуланың) қозғалысы жылумен байланысты болмайды. Тек орасан көп бөлшектердің қозғалысы ғана белгілі бір жылуды тудырады. Оқушылармен бірге температура және оны термометрмен өлшеу туралы дүниетанудан белгілі мәліметтерді еске түсіріп, оларға неғұрлым дәл түсініктеме берген тиімді.
Ішкі энергия – физика курсындағы іргелі ұғым. Ол бірнеше жыл бойы (7-10 сыныптар) қалыптастырылады. Ішкі энергияны дененің немесе оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясы ретінде анықтайды, өйткені жылулық құбылыстар деңгейінде ішкі энергияның басқа компоненттері өзгермейді. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін қарастырғанда технология сабағынан белгілі фактілерді (тетікті егеумен егегенде, сым темірді көп рет майыстырғанда олардың қызатыны және т.б.) оқушылардың есіне салған дұрыс. Бұл ұғымды қалыптастыру үдерісіне оның 8 сыныптағы химия курсында оқытылуы оң ықпал етуі мүмкін.
Кез келген дененің механикалық энергиясымен қатар ішкі энергиясы да болатынын оқушылар біледі. Демек, отынның (бензин, керосин, ағаш отын
және басқ.) да ішкі энергиясы болады.
«Жұмыс және жылу берілу» тақырыбын қарастырғанда оқушылардың Күннің сәулесі мен жылуының маңызы, ауаның жылу өткізгіштігі, ауаның қызуы мен салқындауы, желдің пайда болуы туралы дүниетанудан алған білімдеріне сүйенеді.
Бұл тақырыпты өту барысында жылу өткізгіштік, конвекция туралы дүниетанудан алған білімдер пайдаланылады.
Ботаникада өсімдіктердің жасыл жапырақтарында органикалық заттар – қант пен крахмалдың түзілуіндегі жарықтың маңызына үлкен көңіл бөлінеді.
Пәнаралық байланыстар жылу мөлшері және меншікті жылу сыйымдылық ұғымдарын қалыптастыру кезінде де көрініс береді.
Энергияның сақталу және айналу заңын қарастыруды бастағанда оқушылардың назарын энергияның өзбетімен болмайтынына, өйткені энергия – дене күйінің сипаттамасы болып табылатындығына аударған дұрыс.
Сол сияқты «Заттың агрегаттық күйінің өзгеруін молекула-кинетикалық түсініктер негізінде түсіндіру» тақырыбының да физиканың басқа пәндермен байланыстары үшін үлкен мүмкіндігі бар.
Электр құбылыстары. Бұл тақырыпта физика сабақтарында пәнаралық байланыстар бірқатар мәселелер бойынша жүзеге асырылады.
Электростатика бойынша алғашқа мәліметтерді оқушылар дүниетанудан алады.
Бұл тақырып 8 сыныптағы бейорганикалық химия курсымен тығыз байланысты. Оқу жылының басында-ақ химия сабақтарында молекулалардың атомдардан түзілу процесі қарастырылып, жай және күрделі заттар туралы айтылады және атомға заттың бөлінбейтін бөлшегі ретінде анықтама беріледі.
Ток күші. Электр кернеуі. Электр кедергісі.
Бұл тақырыптағы басты мәселе ток күші, электр кернеуі, өткізгіш кедергісі, олардың өлшем бірліктері және тізбек бөлігі үшін Ом заңы болып табылады.
Оқушылар аталған тақырып материалы бойынша неғұрлым маңызды мәліметтер мен практикалық біліктерді технология сабағында алады. 4 сыныпта дүниетану сабақтарында оқушылар мыс, алюминий, темір сымдар электр тогын жақсы өткізетіні, ал шыны, ағаш, резеңке, жібек, фарфор электр тогын өткізбейтіні туралы тәжірибеде көз жеткізеді; өткізгіштерді не үшін оқшаулайтынын түсінеді; неге жалаңаштанған электр сымдарына жанасуға болмайтынын біледі. 6 сыныпта оларға электр тізбегі мен оның элементтері, кейбір электр құралдарының шартты белгілері туралы түсінік беріледі, олар тармақталмаған электр тізбектерін құрастырады
. 7 сыныпта параллель жалғау туралы түсінік беріледі және тармақталған электр тізбегін жинау бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графикпен кескіндеу оқушылардың айнымалы шамалар арасындағы функционалдық тәуелділіктің қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді, аналитикалық өрнектерге енетін коэффициенттердің түрлі мәндері үшін графиктер салу біліктерін дамытады.
Сол сияқты токтың жұмысы мен қуаты, электромагниттік құбылыстар тақырыптарын қарастырған кезде де дүниетану және технология сабақтарында алынған білімдер пайдаланылады.
Жарық құбылыстары. Бұл – 8 сынып физика курсындағы аяқтаушы тақырып.
Оқушылар физика сабақтарында «жарық сәулесі», «жарық көзі» және т.б. ұғымдармен алғаш рет жылу берілуді өткенде кездеседі. Әрі қарай жарық құбылыстары туралы материал адам анатомиясы мен физиологиясын, әсіресе, көздің құрылысын өткен кезде дамытылады.
2. Физикадан алған білімдердің басқа пәндерде пайдаланылуы
8 сыныпта физика курсын зерделеу барысында кейбір пәнаралық байланыстардың болашақтағы маңызын атап өту қажет. Мұндай мысалдар оқушыларды өздерінің физикадан алған білімдерін тиянақтап отыру керектігін терең сезінуге жетелеуі тиіс. Жалпы орта білім беретін мектептегі физиканың оқу бағдарламасында бұл мәселелер «Пәнаралық байланыстар» айдарымен берілген. Оқушыларға дұрыс бағдар беру үшін мұғалім мектеп бағдарламасында және басқа пәндердің оқулықтарында көрсетілген сұрақтардың мазмұнымен таныс болуы тиіс. Бұл оған алдағы уақытта қолданылатын пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қолданылатын пәнаралық байланыстар физикадан алған білімдерді химия, география, технология сабақтарында қолдану тұрғысынан өзекті болып табылады.
3. Пәнаралық мазмұндағы есептер
8 сыныпта физиканың математикамен пәнаралық байланысын бейнелейтін графиктік және есептеу есептерінің елеулі маңызы бар. Графиктік тәсіл зертханалық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Салу есептері мен графиктер талдауды курстың өне бойында шешу керек, себебі бұның физика және математика бойынша политехникалық әрі жалпы білімдік мәні зор
. «Жылу құбылыстары» тарауында график салуға арналған есептер неғұрлым тиімді. мысалы, мынадай есеп ұсынуға болады: «Жылу мөлшері өзгеруінің суды қыздырған кездегі температура айырымына тәуелділігінің графигін салыңдар (m = 0,25 кг)» .
«Электр» тарауында тізбек бөлігі үшін Ом заңына арналған графиктер неғұрлым типтік болып табылады. Мұндай типтегі пәнаралық мазмұнды есептер білімді бекіту үшін пайдалы болады.
Пәнаралық мазмұнды есептер:
1. Спортшы бассейнді ұзындығы 25 м оң жақ су жолы арқылы екі рет жүзіп өтті (барып қайта келеді). Осы спортшының траекториясының бастапқы, орта және соңғы нүктелеріндегі координаталарын графиктік түрде анықтаңдар. Сонымен қатар бүкіл қозғалысқа кеткен уақыттағы оның жүрген жолы мен орын ауыстыруын табыңдар.
Жауабы. x0=0; x1=25м; x2=0; l=50м; Sx=0.
2. Энергияның сақталу заңы материяның жоғалып кетуінің мүмкін еместігі мен мәңгіліктің физикалық бейнесі болып табылады. Осы тұжырымды түсіндір.
Жауабы. энергия материялық қозғалыстың универсал өлшемі болып табылады, сондықтан энергияның сақталуы (шексіз уақытта) қозғалыстың мәңгі бар болуы мен жойылмайтындығына алып келеді. Бірақ материяны қозғалыстан бөліп алуға болмайды. Яғни материя да мәңгі болуы тиіс.
3. Экваторға келетін пассат желдерінің өз бағытымен салыстырғанда батысқа қарай ауытқуының себебін түсіндір.
Жауабы: Жер айналғанда (батыстан шығысқа) экватордан әлдебір арақашықтықтағы ауа экватордағы ауаға қарағанда баяу қозғалады. Сондықтан экваторға жеткенде ауа инерция себебінен өзінің аз (кіші) жылдамдығын сақтай отырып батысқа қарай ауытқиды
4. Табиғаттағы кіші су айналымы процесінде қандай физикалық құбылыстар байқалады?
Жауабы. Сұйықтың бетінен булануы, архимед күшінің әсерінен жылы қабаттардың жоғары көтерілуі, салқындау кезінде будың конденсациялануы, жерге тартылу салдарынан төмен құлау.
5. Ай бетіндегі температураның күрт өзгеруін қалай түсіндіруге болады: күндіз +120 °С, түнде –160 °С?
Жауабы. Ай бетінде атмосфераның болмауымен. Күндіз Жер атмосферасы Күн сәулесін шашырата отырып, Жердің бетін қызып кетуден сақтаса, ал түнде ауа нашар жылу өткізгіш болғандықтан, ол жылуды сақтайды.
6. Жазғы күн тоқырауда талтүсте Солтүстік тропик параллеліне күн сәулесінің түсу бұрышы неге тең?
Жауабы. Түсу бұрышы нөлге тең.
7. Неліктен металл тетіктер өңдеу кезінде
қызады?
Жауабы. Бұл кезде механикалық энергия ішкі энергияға айналады және дененің температурасы көтеріледі.
8. Отынның (көмір, мұнай, мазут, керосин, ағаш отын және басқ.) жануы кезінде жылу бөлінетінін қалай түсіндіруге болады?
Жауабы. Отынның барлық түрінің ішкі энергиясы болады, жанған кезде ол соның бір бөлігін шығарады (жану кезінде молекулалар орын ауыстырады, өзара әсер күштері мен олардың қозғалыс сипаты өзгереді).
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Акитай Б.Е. Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемелік негіздері. Алматы .-2017ж. 80 б. -
Закирова Н.А., Аширов Р.Р. Жалпы білім беретін мектептің 8 –сыныбына арналған оқулық. –Астана : «Арман –ПВ », -2018. 132-140 б. -
Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Жалпы білім беретін мектептің 7 –сыныбына арналған оқулық. –Алматы : «Атамұра», -2007. 41-44 б. -
Абжалелова Ж.Ж., Қазақбаева Д.М. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық –гуманитарлық бағытындағы 10 –сынып мұғалімдеріне арналған оқулық. –Алматы: «Мектеп», -2019. 25-26 б. -
Қалығұлов А.Ж. Физиканы оқыту методикасы. Алматы «Рауан».-1992ж. 76 б. -
«Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі», Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2009ж. 12 б. -
Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал «Физика». №3(41).-2012ж. 62-64 – бет