Файл: Рухани жаыру лтты бірегейлікті сатау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Рухани жаңғыру

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин атындағы

52 мектеп-гимназия

Күні:




Вебинар тақырыбы:

Эмоциялық интеллектінің меңгеру маңыздылығы


Вебинар мақсаты:

Ұлттық құндылықтарды тұлғаның бойына сіңіруге,сақтауға,құрметтеуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:



Ұлттық құндылық, ұлттық бірегейлікті меңгеріп, түсінеді;

Спикер

Усембаева А.С

Вебинар барысы

Вебинардың жоспарлаған кезеңдері

Вебинардағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Вебинардың басы

5 мин

Сәлеметсіздер ме,құрметті вебинарға қатысушы қонақтар!

Бүгінгі вебинардың тақырыбы: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. Ұлттық бірегейлікті сақтау »

(Сабақтың тақырыбы,мақсаты таныстырылады)
2017 жылдың 12 сәуірінде Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласында: «Əлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мəдени жетістіктерімізбен де тануы керек... Əжептəуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – дей келіп, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту қажеттігін баса айтты.Жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал.Ал ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».





Вебинар жоспары

  • «Ұлттық қазына»: Мұражайдағы «Жанды сабақ»

  • Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?(Оқыту процесінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау,пән негізінде)

  • Ұлт зиялыларының ұлттық идеясы (конференция)

  • Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы

(Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру)





Вебинар ортасы

40 минут

Қорытынды


1.«Ұлттық қазына»: Мұражайдағы «Жанды сабақ»
Ұлттық код – ұлттың тарихы, ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған салт-дәстүр, тіл мен дінге қатысты бабалардың ұстанымы мен қасиеті. Міне, соларды сақтап, одан әрі дамыту жаһандануға қарсы тұратын ұлттық иммунитет.Ұлттық кодтың бесігі-мұражай деп айтсақ,қателеспейміз.

Бір елді танып-білгің келсе, мұражайына кір. Мәдениеттің мәйегі мен дәйегі, ел мен жердің тарихы – бәрі сонда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Ұлттық кодыңыз» да осы орыннан сығалайтынын неге жасырайық?! Оның үстіне Алаш жұртының кіндігі Арқа жерінің тарихы мен шежіре баяны тіптен қалың. Қаншалықты терең болса, соншалықты шоқтықты.

Осы ретте 11-сынып оқушыларымен бірге Елордамыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейіне» саяхат жасаған болатынбыз.Соның үзіндісін сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

(видео)

Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы ең ірі мұражай ретінде танылған мәдениет пен тарих ордасында аса құнды жәдігерлер жинақталған.Мұражайда өткен сабақтан кейін,оқушылардың Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білімдері шыңдалып,керемет әсерлерді олжалап қайтты.

2.Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты.Соның бірегейі,біздің ұлттық ою-өрнектеріміз. Қазақтың ою-өрнектері арқылы оқушылардың қабілетін арттыру мүмкіндіктері мұғалімнің, оқушылар мен ата-аналардың арасында жүйелі түрде байланыс орнағанда, мәдениет орталықтары мен отбасы арасында тығыз байланыс болғанда ғана жоғары болады. Мектептегі технология сабақтарында,т.б қоғамдық пәндерде ою-өрнек жасауда оқушылардың дүние танымы мен ойлау деңгейін, көркемдік шығармашылық қабілетін, еңбек ете білудегі белсенділігін дамытады, ізгі қасиеттер қалыптастырады. Осы негізде мен сынып сағатында «Қолөнер мен кәсіптер»тақырыбы бойынша оқушыларға «сын тұрғысынан ойлау»стратегиясын пайдалана отырып,сыни сұрақтар бердім.Оқушылар «Қазіргі таңда ұлттық ою-өрнектерімізді қайда қолдануға болады?»-деген сұраққа өз ойларын жазып,кескін-сызбаларын қағаз бетіне түсірген болатын.

Оқушылардың жауаптары:

1-оқушы:

2-оқушы:

Презентациядан көрсету.

Жалпы,сабақ барысында,кез-келген пән негізінде оқушылардың бойына ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Ұлттық өнерді, оның ішінде сәндік – қолданбалы өнерді ойдағыдай меңгерген балада ұлттық талғамның қалыптасатыны сөзсіз. Адамның адам болып қалыптасуының құралы — еңбек дейміз. Еңбек тәрбиесі — барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс-әрекетімен, күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді.
3. Ұлт зиялыларының ұлттық идеясы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында жаһандану заманында ұлттың болмысын сақтау өзекті мәселе екені ашық айтылған. Бұл арада ұлттық болмыс, ұлттық код – ажырамас ұғым. Олардың сақталуы әр ұлттың мәңгіліктігінің кепілі. Оны түсінген шығыстың ойшылы, Нобель сыйлығының иегері М.Иқбал «езілген ұлттардың менін, болмысын ұмыттыру, оларды тарих бетінен жойып жіберудің астыртын жүргізген әдісі мен ойыны» екенін айтып, «…менін жоғалтқысы келмейтін ұлт өзінің өткені, бүгіні мен ертеңі арасындағы қан тамырларын үзіп алмауы» керектігін және әрбір ұлт «қуатты тарихи сана арқылы төл тарихымен үлкен махаббат арқылы тұтастықта болу керек» деп ескертеді.
Кешегі заман мен бүгіннің түйген тә­жірибесі елін, туған жерін сүю ғана, оның көркеюіне жол ашады, ұрпақтар сабақ­тастығын одан әрі дамытады, оны мекендейтін барша ұлтты бір мақсат-мүддеге бағыттайды. Оса арада рухани жаңғырудың еліміздің идеологиялық тірегі екеніне көңіл аударғымыз келеді. Олай болса, Алаш зиялылары көтерген идеялар толығымен бүгінгі қазақ тәуелсіздігімен терең тамырласып жатыр. Осыған байланысты мектебімізде Алаш ардақтысы Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.Сол конференциядан үзіндіні сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

Оқушылар конференцияға қатысу барысында Алаш ардақтысының негізгі ұлттық идеясымен,рухани мұрасымен танысты. Мектеп қабырғасында ғылыми-конференцияларды өткізу-оқушының танымдық белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көмек береді.

4. Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы

(Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру)

Бағдарламадағы: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады» деген жолдар Ахмет Байтұрсынұлы ойымен астасып жатыр. Н.Ә.Назарбаевтың қаржысы бар әлемдегі қазақтарды ел экономикасына шақырып, тікелей қолдау көрсетуі сол Алаш ісінің жалғасы іспеттес. Бұл мәселе Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында да көтеріліп, қолдау тапты.

Түркістан мұсылман әлемінің зиярат ететін киелі жері ғана емес, маңызды тарихи шешімдер қабылданған қазақ хандарының ірі мемлекеттік резиденция­сы болған. Қаланы қайта жаңғыртуға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі мол. Ол 2018 жылғы 19 маусымда орталығы Түркістан қаласы болатын Түркістан облысын құру шешімін қабылдады. Тарихи шешімнің арқасында ғасырлық тарихы, көптеген тарихи-мәдени, туристік және діни ескерткіштері бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болып, әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартуда. Түркістан - сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен, Еуропа мен Азияны тоғыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының күретамыры, Қазақ хандығының астанасы болған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түркі өркениетін жаңғыртуды Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамын» деп Түркі елдерінің басшыларына маңызды үндеу тастады.


Түркістан қаласының тарихи-мәдени туризмінің дамуына үкімет мейлінше мол назар аудара бастады. Бұл дегеніміз – туризм арқылы тек табыс алып келу ғана емес, Түркістандай киелі жерді әлемге танытып, паш ету. Ендеше, тарихы тереңде жатқан Түркістан шаһары – Қазақстандағы тарихи туризмнің басты жобасы әрі ЮНЕСКО мойындаған тарихи орын.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан рухани жаңғырудың жаңаша үлгісін көрсетті. Түгел Түркінің ғалымдары зерттей келе: «Рухани жаңғыру – тұтас түркі халықтардың ортақ олжасы», – деп бағалады. Түр­кістан облысының құрылуы – сол стратегиялық бағдарламаның үлкен жемісі болып табылмақ.

Осыған байланысты, 11-сынып оқушысы Ұзақбаева Салтанат «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын жасаған болатын.

Мақсаты: Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру.
Оқушы өзінің зерттеу жұмысында Елбасы бағдарламалық мақаласында туған жерге деген құрмет пен патриотизмді жастар санасына сіңіру үшін анимация, кино саласына да мән беру керектігін айтып,болашақта Түркістан қаласы қысқаметражды,толықметражды кинолар түсіру керектігін негізге алды.

Жалпы,мектеп оқушыларының бойына туған еліне деген елжандылықтықты қалыптастыру мақсатында,оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Сөз соңын түйіндесек. Алар үлгі де, берер тәжірибе де жетіп артылады біздің сапарда. Түркістан қазақтың тарихын жаңғырдып, санасын азат ететін ұлы бастама болғ


Құрметті вебинарға қатысушы қонақтар!Бүгінгі сөзімді қорытындылай келе, ғаламданудағы бәсекелестікте ұлттық кодымызды сақтай отырып жаңғыру біздің ең басты құндылығымыз екенін естен шығармайық-деп айтқым келеді.Назар салып тыңдағандарыңызға рақмет!