Файл: Ертегілер лемі квест ойыны Жргізуші Слеметсіздер ме Ертегілер лемі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 83

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ертегілер әлемі » квест ойыны

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме? «Ертегілер әлемі» атты жазғы сауықтыру лагеріндегі квестке қош келдіңіздер!

Квест дегеніміз не?

1) Квест – ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Кез келген оқиғаны іске асыруда іздену арқылы жүзеге асыратын ойын, тапсырмалар.

2) Лагерьлік квест – бұл лагерь аумағында Ертегілер әлемімен толық танысу жұмыстары.

1) Мақсаты:

Келесі тапсырмаға өтуге көмектесетін жауап табу.

2) Шарты: Барлық тапсырманы орындауда ережені сақтай отырып, әділ ойнау.
Біз бүгін орталығымызда ерекше саяхат жасаймыз. Әр аялдамада біздің жүру бағытымызды анықтауға көмектесетін түрлі деңгейдегі әр түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз.

Сонымен, достар, алдымызда жолымызды анықтауға арналған аялдамалар көрсетілген маршруттық карта.

Ойын 8 аялдама бойынша жүргізіледі. Әр аялдамада әртүрлі тапсырмалар берілген
№ 1 аялдама «Жасырын ертегі»

№2 аялдама «ЖЕЛАЯҚ»

№3 АЯЛДАМА «КҮШІҢДІ СЫНА»

№4 АЯЛДАМА «ШЕШЕНДІК ӨНЕР»

№5 АЯЛДАМА «КІМ ТАПҚЫР»

№6 АЯЛДАМА «ОЙ СЕРГІТУ»

№7 АЯЛДАМА «САУНДТРЕК»

№ 8 АЯЛДАМА «ҚАЗЫНАНЫ ТАП»





№ 1 АЯЛДАМА «Жасырын ертегі»
217 КАБИНЕТ





№2 АЯЛДАМА «ЖЕЛАЯҚ»
1 ҚАБАТ СПОРТЗАЛ



№3 АЯЛДАМА «КҮШІҢДІ СЫНА»
СЫРТҚЫ СПОРТ АЛАҢЫ




№4 АЯЛДАМА «ШЕШЕНДІК ӨНЕР»
СЫРТҚЫ АЛЛЕЯ




№5 АЯЛДАМА

«КІМ ТАПҚЫР»
303 КАБИНЕТ




№6 АЯЛДАМА

«ОЙ СЕРГІТУ»
206 КАБИНЕТ




№7 АЯЛДАМА «САУНДТРЕК»
1 ҚАБАТ ФОЙЕ




№ 8 АЯЛДАМА «ҚАЗЫНАНЫ ТАП»
201 КАБИНЕТ

1 аялдама «Жасырын ертегі»

Бұл аялдамада балаларға ертегілерден алынған қысқаша текст беріледі. Текстті оқу арқылы ертегі атын табу керек. Ертегіні дұрыс тапқан балаға ақылды бала номинациясы беріледі

АҚШАҚАР МЕН ЖЕТІ ЕРГЕЖЕЙЛІ

_______________________________________________________________

Байғұс қыз қалың орманда жалғыз қалады. Кеш батып, қас қарайғанда таудан асып келе жатып, кіп-кішкентай үйшікке кезігеді. Есігін ұрса, ешкім ашпайды. Бел буып, не де болса ішке кіреді.Үйшіктің ішінде ұзын үстелдің айналасында жеті кішкентай орындық, азықтарға толы жеті кішкентай табақ, қабырғаның бойымен тұрған жеті кереуетті көреді. Әрі күтіп, бері күтіп, ешкім келмеген соң, қарны ашып, шаршаған қыз әрбір табақтан бір-бір қасық тамақтан жеп, жетінші кереуетке жатып ұйықтап кетеді. Біраз уақыт өткен соң үй иелері де келеді.


АЛДАР КӨСЕ МЕН ШЫҚ БЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ

__________________________________________________________________

Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:
— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.
— Е, не үшін?
— Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.
— Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.
— Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:
— Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.
— Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.
— Әні, естідің бе? — дейді ОЛ қасында тұрған әйелге.
— Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.

_________________________________________________________________

ЕР ТӨСТІК

________________________________________________________________

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашығады, жейтін тамақ таппайды. Кемпірі екеуінің тұруға әлдері әрең-әрең келеді.

     Бір күні кешке жақын кемпірі төсегінен тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназар қуанып, есі шығады.

_________________________________________________________________

КҮН АСТЫНДАҒЫ КҮНЕКЕЙ ҚЫЗ

________________________________________________________________

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы, ал мал дегенде он шақты ешкісі ғана бар екен. Бір күні баласы ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді. Оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді екен. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп:
– Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Оны ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді?– дейді. 

2 аялдама «ЖЕЛАЯҚ»

Бұл аялдамада балаларға Желаяқтың суреті көрсетіліп, бұл қай кейіпкер деп сұрақ қойылады. Кейіпкерді тапқан соң топтың желаяғы анықталады. Яғни балаларды секундқа жүгіртіп, жылдам келген балаға желаяқ номинациясы беріледі.





3 аялдама «КҮШІҢДІ СЫНА»

Бұл аялдамада балаларға күш атасы Таусоғардың суреті көрсетіліп, бұл кейіпкер кім деп сұрақ қойылады. Кейіпкер табылған соң, балалар турникке тартылу бойынша күш сынасады. Балалар арасынан ең күшті Палуан анықталады.



4 аялдама «ШЕШЕНДІК ӨНЕР»

Бұл аялдамада балалар көркем оқудан жарысады. Балаларға жаңылтпаш беріледі. Жаңылтпашты жылдам, әрі тез оқыған бала көркем оқу шебері атағын алады.









5 аялдама «КІМ ТАПҚЫР»

Бұл аялдамада балалардың зеректілігі анықталады. Балаларға ертегілер бойынша суреттер мен шатасқан әріптер беріледі. 20 секунд ішінде осы тапсырма негізінде жасырынған ертегіні табу керек. Жылдам, әрі дұрыс тапқан балаға зерек бала номинациясы беріледі.

ТЛКЖОЛБАРЫСРОРВИМАУГЛИЛАРКГЫЛАОКНБАГИРАБТЛАДЫГУЩЕЛПРААКЕЛАЛЫОРЫПНКШПДЖУНГЛИДАШУУНГАКААЛАГКГОДАРҚАСҚЫРЛМЛОСМАЙМЫЛИЛПЛВРАБАЛУО



ДПБАЙЛПЛПШМЫСТАНОЬЛПШКШАЛДАРКӨСЕЛРЛПШПТҮЛКІАОПОПШПИЛЫҚОЯНПЛИТЖЫЗӨЦҚАҢБАҚШАЛНЕҢЦЗАДКЕМПІРЩЕШППШКИІЗҮЙАЛКЩЩУЬУТАЯҚОАВЛВЦХА



ЩЩЦГУГТЕҢІЗВЖВДАШПГБАЛЫҚАЖУЗШПОАРИЭЛЬАГЦШВААЛДУКДСУПЕРІСІДПЛПШГПАОГТӘЖОШАЩБАҚАЛШЫҚЬПОАШКРМБИЛСУШАЯНПБПРЖРДРДРЛМЫСТАНДАДПЩЕ




ЛАЩУШЩУКҚАРПАЛОАЛДВАЩАҚҚАЛАОЛОПАЛОПАШБҰПОЛОФМЛАДАЩАСВЕНЬДАЛДПАЛДПАЛДТРОЛЛЬАОАОАШПМҰЗҚАМАЛЛПЛОЕЩЕМҰЗЖҮРЕКПАЛОПАЛЛДПРЛДСАТҚЫНДЫҚАЛПЛРДЭЛЬЗАПЛРЛРАОПЩЕКЗУКЗЩАННАЦОШЩП



6 аялдама «ОЙ СЕРГІТУ»

Бұл аялдамада балалар шашылған әріптерден сөз құрастырып, суретте берілген ертегіні табады. Тез, әрі дұрыс тапқан балаға зейінді бала номинациясы беріледі.

ЕТІКТЕГІ МЫСЫҚ

ТОМ МЕН ДЖЕРРИ

СМОЛФУТ

ШРЕК

КЕШР ШРЕК

_________________________________________________________________

ТУЛОМСФ СМОЛФУТ

_________________________________________________________________

ЫҚСЕТКІГМТЫЕІ ЕТІКТЕГІ МЫСЫҚ

_________________________________________________________________

ЖЕДТМРИОРЕНМ

ТОМ МЕН ДЖЕРРИ

7 аялдама «САУНДТРЕК»

Бұл аялдамада балаларға ертегілер әлемі бойынша 2-3 секундтық 5 музыка ойналады. Әр музыканы дұрыс тапқанға 1 балл беріледі.

8 аялдама «ҚАЗЫНАНЫ ТАП»

Бұл ойынның соңғы аялдамасы. Бұл жерде балаларды тосын сый күтіп тұрады. Әр топ барлық станциялардан толық өтіп келген соң, осында тіркеліп, ойынды аяқтау уақытын жазады. Ойынды толық аяқтаған соң 3 қораптан жасырынған тосын сыйды іздейді, яғни бір қорапты таңдау арқылы сыйлықты табу керек.

ЖАСТАРДЫҢ УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ тарихына қысқаша сипаттама.

Орталығымыздың қысқаша тарихы 1976 жылдың 28 желтоқсан айында Қазақ ССР Еңбекшілер депутаттарының Шымкент қалалық советі атқару комитеті шешімі бойынша «Оқу өндірістік комбинаты» болып құрылған мекеме.

2012 жылы 12 шілде күні Шымкент қаласы білім бөлімінің «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылған болатын. Бүгінгі жастардың жанашары білікті басшы Ж.М.Күздеубаев жұмыс жасап келе жатқан Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының мақсаты – Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту жолында сапалы кәсіптік білім, саналы тәрбие беруде оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен әдістер енгізе отырып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік-қасиеттерін дамыту болып табылады.


Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 2018-2019 оқу жылында 53 үйірме жұмыс істеп, қаламыздың 4600 мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасауда. Орталықта «АВС» ағылшын үйірмесі, «Жас қаламгер» үйірмесі, «Театр мектебі» үйірмесі, «Дзюдо» үйірмесі, «Ля-ля-фа» вокал үйірмесі, «Шығыс жекпе-жегі» үйірмесі, «Арулар» би ансамблі, «Бейнелеу өнері» тағыда басқа үйірмелер оқушылары түрлі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға, сайыстар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Орталығымызда жылда балалардың жазғы демалысты қызықты өткізу мақсатында жазғы сауықтыру лагері жұмыс атқарады. Лагерь екі ауысымнан 1 ай өткізіледі. Лагерьде 4 топ құрылып, әр топқа 15-20 баладан жасақталады.
Жүргізуші: Мінеки, біздің қызықты квестіміз аяғына жетті. Кездескенше күн жақсы!

Ойындардың нәтижесі:

1)Жастардың ортасында лагерь беделі арта түседі: квесттен балалар өте жақсы әсер алады.

Квест үшін мыналар қажет:

1) Карта-бағыт белгіленген бақылау аялдамалары;

2) Аялдамалар атына қатысты сұрақтар мен тапсырмалар;

3) Аялдамалардан өту уақытын белгілеу;

4) Берілген тапсырмалар арқылы қандай орын екен табу;

5) Балаларға ширату мақсатында берілген қосымша тапсырмалар.

Ойын соңында төрешілер жеңімпаздарды анықтап болғанша флешмоб биі билетіледі.

«Сиқырлы әлем» квест ойыны
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп  М. Жұмабаев айтып кеткендей, бала ойын арқылы есейіп, бой жазып, еркіндікті сезінеді. Ойын арқылы бала бойындағы қорқынышты, ашуды жеңеді, шаршағанын басады және бар жан дүниесімен ашыла ойнап, қуанышқа бөленеді. Ойын баланы тез өсуіне, қан айналымының дұрыс қозғалуына, бұлшық еттерінің жақсы қимылдауына, яғни қозғалыс арқылы денсаулығына пайдалы дүниелерді алады. Осындай ойындар жаз айында ұйымдастырылатын лагерь орталығында бала сауығуына, денсаулығын жақсартуға, еркіндікті, қуанышты сезініп, ортасын кеңейтуге мүмкіндік жасалады. Бала ойын арқылы өмірдегі кейбір тосын қиындықтар мен кедергілерді жеңуге, топ болып бірлесе жұмыс жасауға үйренеді. Бұл бала үшін өмірлік тәжірибе және жетістік деп айтуға болады. Осындай ойындардың бірі квест «Сиқырлы әлем»деп аталады.

Ойын шарты: Бала санына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ойын кезінде әр топтың топ басшысы және жауапты жетекшісі жанында болуы керек. Балалар ойын шартына сәйкес маскарадтық костюмде киініп келеді. Ойын бірнеше аялдамадан тұрады. Әр аялдамаға 5 минуттан беріледі. Бір қызығы балалар картамен жүру арқылы аялдамалардың тапсырмаларын орындайды. Әр аялдамаға ойын шартымен танысқан жауапты тәрбиешілер бекітіледі. Әр аялдамада балалардың тапсырманы орындауына байланысты кілттің қиындылары беріледі. Ойын соңында балалар жылдамдықпен тоғыз аялдамада жинаған тоғыз кілттің қиындысын құрастырады. Аялдамада 10-15 ұпай иеленеді. Ойын соңында кілтті бірінші құрастырған және ерекше костюмдерімен көзге түскен топ жеңімпаз аталады.