Файл: Ертегілер лемі квест ойыны Жргізуші Слеметсіздер ме Ертегілер лемі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
« Жылан» аялдамасында жерге ирек екі жаққа параллель жіптер тасталынады. Ирек жіптердің ұзындығы 5 метр немесе оданда ұзын болғаны жақсы. Ирек жіптер балалардың өтуіне оңай болмауы керек. Аялдамаға келген топты бір-бірінің артына қатар тұрғызады және әр баланың ортасына баланы тығыз байланыстырып тұратын шар орналастырады. Балалар шарды бірі арқысымен, бірі ішімен қысып ұстап ирек жылан жолдармен бірінің артынан бірі еріп, жүріп шығулары керек. Ойын кезінде шар түсіп кеткен жағдайда, ойынды қайта бастайды.
-
«Жұмыртқа» аялдамасында балалар тордан теннистің шариктерін сабы ұзын қасықпен (қасықтың сабын ағашпен жалғап байлауға болады) алып шығып, шелекке жинау керек.
-
«Өрмекшінің өрмегінен шығу» аялдамасында құмды жерде жарты метр тор құрылады. Осы тордың ішінен өрмектің ешбір жеріне денелерін тигізбей өтулері керек. Өрмектен құтылған балаға кілт қиындысы табысталады.
-
« Тоқылдақ» аялдамасында жарда қатар тізіліп тұрған бірнеше шарды арақашықтықты сақтай отырып, қолдарындағы майда тастармен жарулары керек. Шарды жару арқылы кілт қиындысын табу керек.
-
« Сиқырлы от» аялдамасында балалар бір-бірінің қолдарынан мықтап ұстап 15 метр жерден ұзындығы 100см болатын, адам аяғы сиятын 3 ағаш беріледі. Ағаштың үстін басу арқылы топ келесі бетке өту керек. Ағашты алдына алма- кезек төсеу арқылы үстін басады. -
«Сиқырланған су» аялдамасында балалар бірнеше баклашкаларды біріктіру арқылы үш шелекке бірдей су толтыру керек. Түбі кесілген баклашкаларды балалар бір—біріне біріктіру арқылы үш құбыр шығарып, үш шелекті толтырады.
-
«Сабын» аялдамасында балалар сабынды сулап, қолмен қысып, ұшырып, белгіленген мәреге жеткізу керек. -
«Сиқырлы сыпырғы» аялдамасында командадан екі бала шығады. Көздері байланып, қолдарына сыпырғы беріледі. Сыпырғымен допты қақпаға салу керек. Әр ойыншының жанына 4 көмекші беріледі. Олар ойыншыға бағыт беріп отырады. Ойын 5 гол соққанға дейін ойнатылады. -
«Өзге планетадан келген аула сыпырушы» аялдамасында ойыншы 1қол, 1аяқ, 1 көздің көмегімен белгіленген аумақты тазалап шығуы керек және тазалап жатқан қоқыс арасынан кілт қиындысын табу керек.
Ойын соңында балалар нүкте аялдамасына жүгіріп келіп, аялдамадан жинаған кілттің қиындыларын құрастырып, бірінші болған топ қолдарын көтеріп белгі береді.
№ 1 АЯЛДАМА «Жылан» Алдыңғы аллея |
№2 АЯЛДАМА «Жұмыртқа» 217 кабинет |
№3 АЯЛДАМА «Өрмекшінің өрмегінен шығу» СЫРТҚЫ СПОРТ АЛАҢЫ |
№4 АЯЛДАМА «Тоқылдақ» АРТҚЫ АЛАҢ |
№5 АЯЛДАМА «Сиқырлы от» «АҒАШ ОЮ» кабинетінің алды |
№6 АЯЛДАМА «Сиқырланған су» 206 |
№7 АЯЛДАМА «Сабын» 1 ҚАБАТ ФОЙЕ |
№ 8 АЯЛДАМА «Сиқырлы сыпырғы» 201 КАБИНЕТ |
№9 АЯЛДАМА «Өзге планетадан келген аула сыпырушы» |