ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: “Қоян мен бұғы”ертегі“Қоян мен бұғы”ертегісіБірде қоян мен бұғы дос болыпты. Олар бір орманда тіршілік етеді екен. Бірде қоян мен бұғы екеуі әңгіме дүкен құрады.Қоян:-Бұғы достым,мен саған басымнан кешкен бір оқиғаны айтып берейін,-дейді.Бұғы: -«Е,айтсаң айт»,-дейді.Қоян:-Мен бір күні келе жатып бір жерде жылаған дыбысты естідім.Сөйтіп бұл дыбыс қайдан шықты деп,сол дыбыс шыққан жаққа құлағымды тігіп бардым.Сөйтсем бір жас шыбық жылап тұр екен . -«Сен неге жылап тұрсың?»-деп сұрадым.Жас ағаш:-Мына жерден жаңа бір-екі бұзақы балалар өтіп еді,жай өтпей ендіғана шығып келе жатқан бұтағымды сындырып кетті,-деді. Қоян:-Мен шыдай алмай,олар қайда,қай жаққа кетті,-дедім.-Мына жолмен кетті,-деді жас шыбық.Мен сол балалардың артынан барып,оларды тоқтатып:-Ей,оқушы балалар,сендер неге жас ағаштың шыбығын сындырдыңдар,-дедім.Олар маған күліп:- Сен, қорқақ қоян мына бізге ақыл айтып тұрсың ба?-деп мені келемеждеді.Сол кезде мен:- ИЯ мен қорқақ болсам қорқақ шығармын,бірақ табиғатты қорғауда және достарыма көмектесуге келгенде еш қорықпаймын,- дедім.Осы сөздеріме ұялған екі бала жасаған істеріне ұялып,сындырған бұтаны дұрыстап,орнына бекітіп байлап қойыпты.-Жас шыбық ,сен бізді кешір, енді бұзық болмаймыз,-деді балалар.-Табиғатты аялаймыз! Енді кеше сол ағаштың жанынан өтіп едім,ол ағаш әжептәуір бүр жарып,гүлдеп тұр екен. Жас ағаш маған рақметін айтты.-Міне достым,осылай менің кішкентай болса да табиғатқа деген көмегім тиді деп ойлаймын,- деп сөзін аяқтады қоян.Досының бұл ертегісіне риза болған бұғыда қатты қуанды.