Файл: Биотехнология жне жалпы химиялы технология кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 102

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»


Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы


Нұсқаулық

Редакция 1

Страница из





ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Тақырып №14. Биотехнология. Микробиологиялық синтез. Антибиотиктер өндірісі.
«ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»


В072 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттеріне арналған

2022 - 2023 оқу жылы

Алматы 2023

1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы

2 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы проректордың 24.08.2020 жылғы №366 бұйрығымен бекітілген (Сенаттың шешімі бойынша өзектендірілген және бекітілген, 31.03.2022 жылғы № 20/2хаттама


Әзірленген:

Қолы

Ф.И.О.

Доцент




Албаева Ж.Т.

Ассистент




Милисова Н.Б.

Ассистент




Рыспаева С.Б.

Ассистент




Джакиянов А.М,

Талқыланды:









Тақырып: Биотехнология. Микробиологиялық синтез. Антибиотиктер өндірісі.

Мақсаты: Биотехнология және микробиологиялық синтез, антибиотиктер өндірісінің маңызы туралы жалпы мәліметтерді талдау

Міндеттері:

  1. Микробиологиялық синтез түсінігін қалыптастыру

  2. Антибиотик өндірісінің технологиялық сызбасын талдау

Оқыту әдісі: практикалық сабақ.

Репродуктивті: теориялық материалмен таныстыру.

Интерактивті: шағын топтарда жұмыс істеу.
Сабаққа дайындық сұрақтары:

1) Биотехнология. Биотехнологияның даму болашағы.

2) Микробиологиялық синтез.

3) Антибиотиктер өндірісі.

4) Антибиотиктерді өнеркәсіптік алудың негізгі кезеңдері.

5) Синтетикалық антибиотиктерді синтездеудің өнеркәсіптік тәсілдері.
Тест тапсырмалары
1. «Биотехнология» терминін ғылымға бірінші рет кім жəне қашан енгізді?

A) В. И. Вернадский, 1915 ж.

B) К. Эрике, 1917 ж.

C) Э. Геккель, 1935 ж.

D) А.С. Мончадский, 1932 ж.

E) Ч. Дарвин, 1885 ж.
2. Қазіргі биотехнологияны ғылым ретінде кім жəне нешінші жылдардан бастап мойындатты?

A) Ч. Дарвин, 1885 ж.

B) К. Эрике, 1917 ж.

C) Карл Геран Хэден, 1961 ж.

D) А.С. Мончадский, 1932 ж.

E) Э. Геккель, 1885 ж.
3. Қазақстанда Биотехнологиялық Ұлттық Орталығы қашан құрылды?

А) 1993 ж.

B) 1990 ж.

C) 2001 ж.

D) 2005 ж.

E) 2009 ж.
4. Тірі организмдерді жəне биологиялық жүйелер мен үдерістерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдануды ғылымдардың қайсысы зерттейді?

A) цитология;

B) биология;

C) экология;

D) эмбриоинженерия;

E) биотехнология.
5. Биотехнология шаруашылықтың қандай саласына үлкен əсерін тигізеді?

A) ауылшаруашылығына;

B) өндіріске;

C) қара металлургияға;

D) түсті металургияға;

E) энергетикаға.
6. Əртүрлі микроорганизмдерді қолдану тазартудың қандай əдісіне жатады?

A) физикалық;

B) химиялық;

C) механикалық;

D) биологиялық;

E) инженериялық.
7. Биотехнологияның дамуын Е. Хаувини неше кезеңге бөлді?

А) 4  

В)3    

С)7    

Д)2    

Е)5
8. Пастер ғасырына дейінгі кезең қай жылға дейін?

А) 1866  

В)1849  

С)1865 

Д)1940

Е)1860
9. Жаңа биотехнология кезеңі қай жылдан бастап?

А) 1987

В)1991

С)1970 

Д)1973 

Е)1965

10. Биотехнология неше бағытқа бөлінеді?

А) 7  

В) 6   

С) 5    

Д) 4    

Е) 2
11. Ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы əсер ететін заттар –

А) микроорганизм

В) витамин



С) антибиотик

Д) субстракт

Е) бактерия
12. Биотехнологиялық процестерге арналған шикізат көздері:

А) азот, көміртек, фосфор

В) күкірт, азот, фосфор

С) көміртек, фосфор, сутек

Д) сутек, азот, фосфор

Е) көміртек, күкірт, фосфор
13. 1 мл судағы микроорганизмдер саны –

А) 50-ден аспау керек

В) 100-ден аспау керек

С) 150-ден аспау керек

Д) 200-ден аспау керек

Е) 250-ден аспау керек
14. Культивирлеу процесінің ұзақтығы –

А) 8-9 сағат

В) 9-11 сағат

С) 11-12 сағат

Д) 12-13 сағат

Е) 12-14 сағат
15. Микроорганизмдерді өсіру процесі –

А) тұндыру

В) экстракция

С) үздіксіз аэрациялау

Д) бөлу

Е) периодты аэрациялау
16. Ашу процесін тежейтін зат –

А) оттегі

В) сутегі

С) азот

Д) фосфор

Е) көміртек
17. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған ғалым және қай жылы?

A) А.Флеминг, 1929 ж.

B) К. Эрике, 1917 ж.

C) Карл Геран Хэден, 1961 ж.

D) А.С. Мончадский, 1932 ж.

E) Э. Геккель, 1885 ж.
18. Молекуласында β-лактамды сақинасы бар антибиотиктер -

А) пенициллиндер

В) эритромицин

С) олеандомицин

Д) грамицидин бацитрацин

Е) бацитрацин

19. Микроорганизмдердің қатысуымен ферментация процесі арқылы антибиотиктерді алуға негізделген әдіс

А) Гендік инженериялық әдіс

В) Мутасинтез

С) Микробиологиялық биосинтез

Д) Биосинтез

Е) Жартылай синтетикалық әдіс
20. Антибиотиктерді бөліп алу және тазалауға негізделген әдіс:

А) тұндыру

В) араластыру

С) аэрациялау

Д) ион алмасу

Е) экстракция
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Антибиотиктерді әсер ету спектрі бойынша жіктеңіз.

2. Антибиотиктердің жіктелуі.

3. Егу материалдарын қалай дайындаймыз?

4. Антибиотиктерді бөліп алу және тазалау әдістерін түсіндіріңіз.

5. Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу әдістерін сипаттаңыз.
«Антибиотиктер биосинтезінің технологиясы» тақырыбы бойынша СОӨЖ тапсырмалары (№14 сабақ)
Тақырыпты реферат немесе презентация түрінде ұсыныңыз, онда келесі сұрақтар көрсетіледі:

  1. Антибиотиктерді алу технологиясы.

  2. Антибиотиктер биосинтезінің технологиялық сызбасы

Рефераттың бірінші беті титулдық парақ болуы тиіс, онда жоғарыдан біздің университеттің дұрыс атауы көрсетілген колонтитул, "Реферат" сөзі, тақырыптың атауы (ортасында), рефератты орындаған адамның аты-жөні, тобы, рефератты тексерген оқытушының аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі (оң жақта), төменгі жағында ортасында Алматы 2023 деп жазылуы тиіс.


Рефераттың соңында пайдаланылған әдеби дереккөздердің тізімін келтіріңіз.

Көлемі: 5-10 бет.


«Жартылай синтетикалық антибиотиктер» тақырыбы бойынша СӨЖ тапсырмалары (№ 14 сабақ)
Тақырыпты қысқаша түрде көрсететін конспект түрінде ұсыну:

  1. Биотехнологияның даму тарихы.

  2. Пенициллинді алудың технологиялық схемасы

  3. Жартылай синтетикалық антибиотиктерді алу көздері

  4. Антибиотиктердің бактерияларға әсер ету механизмдері

Көлемі:: 8-10 бет.
Негізгі әдебиет көзі:

1. С.Қ.Тұрашева. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» , 2011.- 7-77 б.

2. Кузнецов И. Н.. Технология микробного синтеза антибиотиков, витаминов и ферментов.- Минск, БГТУ, 2018. – 88 с.

3. Фармацевтическая биотехнология: Производство биологически
активных веществ : учеб. пособие : в 2 ч. – Ч. 1 / Ю. М. Красно-
польский, Н. Ф. Клещев. – Харьков : НТУ «ХПИ», 2013. – 304 с.

4. Моисеев, Д.В., Лукашов, Р.И., Веремчук, О.А., Моисеева, А.М.
Фармацевтическая биотехнология : пособие / Д.В. Моисеев, Р.И.
Лукашов, О.А. Веремчук, А.М. Моисеева // под ред. Д.В. Моисеева. –
Витебск: ВГМУ, 2019. – 293 с

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Биотехнология – халық шаруашылығына жəне адамның іс əрекетінің əр түрлі салаларына бағытталған, микроорганизмдердің, изоляцияланған клеткалардың жəне оның құраушыларының биохимиялық іс- əрекетін пайдалану арқылы бағалы өнімдерді алу.

Биотехнология – бұл белгілі өнім алуға бағытталған адаммен ұйымдастырылған микроорганизмдердің іс-əрекеті.

Биотехнологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Биология жəне инженерлік ғылымдардың жетістіктері өнімділігі жоғары, өндірістік əдістермен басқарылатын тамақ, дəрі- дəрмек, органикалық заттар жəне т.б. заттардың биотехнологиялық өндірістерінің процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Биотехнодогияда микрообъектілердің биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады?

-өнім болатын клеткалық массаны өсіру. Технологияның мұндай класына вакциналарды, нан ашытқыларын алу процесі жатады.

-Бағалы биохимиялық өнімдердің биосинтезі, олардың кейбіреуі ортаға бөлініп шығады (клетканың сыртындағы өнімдер), кейбіреуі биомассада жинақталады (клетканың ішіндегі өнімдер).


-Биотрансформация нəтижесінде микроорганизмдердің немесе ферменттердің биологиялық іс-əрекеті əсерінен бастапқы химиялық заттың химиялық құрылымының өзгерісі болады, бірақ биосинтезден айырмашылығы заттың химиялық құрылысында салыстырмалы аз өзгеріс болады.Мысалы глюкоизомераза ферментінің əсерінен глюкозаның фруктозаға айналуы.

-микроорганизмдердің сұйық ортадан керексіз қоспалармен қоректенуі. Мұнда микроорганизмдер биомассасы ағынды суларды тазарту үшін қолданылады.

Биотехнологиялық процестердің артықшылығы.

Химиялық технологиялармен салыстырғанда биотехнологияның келесі негізгі артықшылығы бар:

- химиялық синтез арқылы алынбаған ДНҚ, белоктар сияқты спецификалық жəне ерекше табиғи заттарды алумүмкіншілігі;

биотехнологиялық процестердің төменгі температура мен қысымда жүргізілуі;

  • басқа организмдермен салыстырғанда микроорганизмдер өте жоғары өсу жəне клеткалық массаның жинақталу жылдамдықтарынаие;

  • Шикізат ретінде биотехнология процестерінде өнеркəсіп пен ауыл шаруашылық арзан қалдықтарын пайдалануға болады;

  • Химиялық процетермен салыстырғанда биотехнологиялық процестер экологиялық таза, қалдықтар аз, табиғатта жүретін табиғи процестерге жақын;

  • Биотехнологиялық өндірістегі технология мен аппаратура арзан жəне күрделі емес.

Биотехнологияның даму тарихы.

Биотехнология ежелгі заманнан басталды. Биотехнологияның даму тарихы негізгі бес кезеңге бөлінеді:

1. Пастер эрасына дейінгі (1865 жылға дейін). Бұл периодта биотехнолгиялық тəсілмен вино, қымыз, нан, айран, қатық сияқты ферментативті тағамдар жасалған.

2. Пастер эрасы (1865-1940ж.ж). Продуцент микроорганизмдері белгілі болып этанол, бутанол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, вакциналардың өндірісін жүргізуге, ағынды суларды аэробты микроорганизмдер арқылы биологиялық тазарту процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік туды.

3. Антибиотиктер эрасы(1940-1960ж.ж).Пеницилин, стрептомицин жəне т.б. антибиотиктер ашылып, жануарлардың клеткаларын культивациялау технологиясы тағайындалып вирустық вакциналар алынды жəне стероидты гормондардың биотрансформация технологиясы ашылды.

4. Постантибиотикалық эра (1960-1975ж.ж). Аминоқышқылдардың, микробиологиялық белокты мұнай парафиндерін алу, кір жуатын ұнтақтарда пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды. Глюко-жемістік сироптарды алу үшін ферменттерді алып, оларды тасымалдаушыларға бекіту технологиясы тағайындалған. Ағынды суларды аэробты өңдеу, биогаз алу, қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу ашылды. В