Файл: Білім беру йымыны атауы Алтынбек Срсенбайлы атындаы орта мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Білім беру ұйымының атауы

«Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп»

Бөлімі:

Жарық құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні:

Ноянбай Маржан

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ноянбай Маржан

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көз – оптикалық жүйе, көздің көру кемшіліктері және оларды түзету әдістері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау.

Сабақ мақсаттары:

  1. Көздің құрылысын, көз бөліктерінің қызметін білу

  2. Көздің көру кемшіліктерін атау, түрлерін атап, ажырату.

  3. Көздің көру кемшіліктерін түзету әдістерін сипаттау, өмірден мысалдар келтіру.

  4. Жакыннан көргіштікті жасанды түзетуде шашыратқыш линзаны, ал алыстан көргіштікті жасанды түзетуде жинағыш линзаны қолдану себебін түсіндіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері:

ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбер. Есімдер аллитерациясы.

Оқушылар суреттер арқылы топқа бірігеді.

1 – топ. Лупа. (лупаның қызметін түсіндіреді)

2 – топ. Микроскоп. (микроскоптың түрлерін айтады)

3 – топ. Телескоп. (телескоптың құрлысын түсіндіру)

«Ойлан,тап!» әдісі.

Қызығушылықтарын ояту.

Жұмбақ шешу:

Өзгені көріп екеуі,

Бір – бірін көрмей кетеді. (Көз)



суреттер

жұмбақ

Сабақтың ортасы

25 минут
Білу, түсіну

оқылым,

тыңдалым,

айтылым.


«Джигсо» әдісі (топтық жұмыс)

Тапсырма: №1

Оқушылар тақырыптың негізгі идеясы мен ұғымдарын топтарда талқылайды.Топтар бір-біріне өзара түсіндіру арқылы тапсырманы орындайды.

1-топтың тапсырмасы:

Көз, көздің құрылысын түсіндіріңдер.




2-топтың тапсырмасы:

Көз бөліктерінің қызметін түсіндіріңдер.



3-топтың тапсырмасы:

Көздің көру кемшіліктері және оны түзету әдістерін түсіндіріңдер.


Дескриптор:

- көздің тіршіліктегі қызметін түсіндірді;

- көздің құрылысын сипаттайды;

- көз бөліктерінің кызметін түсіндірді;

- көздің көру кемшіліктерін айтады.

- кемшіліктерді түзету әдістерін түсіндірді;
Бағалау: қалыптастырушы бағалаудың «От шашу» әдісі шапалақ соғу арқылы бағаланады. Бағалаудың бұл әдісі балалардың сабаққа деген ынтасын көтереді.
«Ой қозғау» әдісі.

Тапсырма: №2

Сабақтың барысында мынандай сұрақтар беремін: ЕББҚ

1. Жүріп бара жатып кітап оқу неге зиян?

2. Көзге неліктен жаттығулар жасау керек?

3. Неліктен компьютерде жұмыс істеу уақытын шектейді?

4. Көздің көру кемшіліктері дегеніміз не?

Дескриптор:

- Жүріп бара жатып кітап оқудың көзге зиян болуының себебін айта алады.

- Көзге неліктен және қандай жаттығулар жасау керек екендігіне мысалдар келтіреді

- Компьютерде жұмыс істеу уақыты шектеулі екенін біледі

- Көздің көру кемшіліктерін айта алады.

«Суреттер сыр шертеді» әдісі

Тапсырма:№3 төмендегі суреттерді пайдалана отырып, көздің көру кемшіліктерін қалай түзетуге болады?





  1. Жақыннан көргіштікті жасанды түзетуде линзаның қай түрін қолданады? Себебін түсіндір.

  2. Алыстан көргіштікті жасанды түзетуде неліктен жинағыш линзаны қолданады?

  3. Көздің көру кемшіліктерін қандай жолдар арқылы түзетуге болады? Өмірден мысалдар келтір.



Дескриптор:

  • Жақыннан көргіштікті жасанды түзетуде линзаның қай түрін қайлай қолдануды біледі. Себебін түсіндірді.

  • Алыстан көргіштікті жасанды түзетуде неліктен жинағыш линзаны қолданатынын түсіндіріп береді.

  • Көздің көру кемшіліктерін қандай жолдар арқылы түзетуге болатыны туралы түсініктеме береді. Өмірден мысалдар келтірді.

Бағалау: қалыптастырушы бағалаудың «Басбармақ » әдісі арқылы бағаланады. Бұл әдіс балалардың көңіл-күйін көтереді.


Оқулық, мәтіндер

слайд

Таратпа қағаздар

А 4 парағы



Сабақтың соңы

5 мин


« Ыстық микрофон» әдісі.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

  • Көздің оптикалық жүйесі қалай құрылған?

  • Оның бөліктері қандай ?

  • Ой қорыту.



БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді












Оқулық, плакат