Файл: ндірісте олданылатын физикалы задарды, теорияларды ылыми негізін ашу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту концепциясы қазіргі кездегі өзекті мәселе ретінде политехникалық білім беру жүйесін жетілдіретін ғылыми әдістерді жасақтауды қарастырады. Бұл оқушылар физиканың мектеп курсын оқу барысында теориялық біліммен қатар ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарымен, еңбек өнідірісін және өнім сапасын арттыру, табиғи ресурстарды сақтау мәселелерімен, өндірістің экономикалық аспектілерімен таныс болуға тиіс дегенмен пара-пар.

Зерттеуде электродинамика курсын оқыту процесінде политехникалық білім берудің әдістемелік жүйесі ашылады.Осы әдістемелік жүйе негізінде оқушыларға техника негіздерін оқытуға, политехникалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арналған ұсыныстар жасалады.

Эксперименттік және бақылау сыныптарына алдын-ала жүргізілген тестілеудің нәтижесін талдай отырып, біз мынадай қорытындыға келдік:

  • оқушылардың политехникалық білімдері жеткіліксіз және қазіргі заманғы өндіріс пен экономиканың дамуына қойылатын талаптарға сай келмейді.

Сол себепті біз оқушылардың политехникалық білімін арттыру жолдарын қарастыруды қолға алып отырмыз.

Политехникалық білім мазмұнын талдау негізін төменде келтірілген элементтер құрайды:

  • өндірісте қолданылатын физикалық заңдардың, теориялардың ғылыми негізін ашу;

  • өндіріс техникасының ғылыми негізі мен жұмыс істеу принципін меңгеру;

  • физикалық құбылыстардың техникалық қолданыстарын ашу;

Біздің зерттеуіміздің концептуалдық негізі электродинамика курсы бойынша политехникалық материалды баяндаудың дәстүрлі әдісіне елеулі өзгеріс енгізуді қарастырады.

Бұл жұмыста мынадай нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

  1. Орта білім беретін мектептерде физиканы оқыту барысында политехникалық білім берудің маңызы және жаңа кезеңдегі оқушылардың политехникалық даярлықтарына қойылатын педагогикалық талаптар анықталды.

  2. Қазіргі заманғы өндірістің физикалық негізін оқытатын әдістемесі жасақталды, электродинамика курсын оқу процесінде политехникалық білім беру жүйесі құрылды.

  3. Политехникалық білім беруде пәнаралық байланыстың ролі анықталды:


  • жоғары сынып оқушыларына электродинамика курсын оқытуда физиканың химиямен, биологиямен, еңбекпен байланысты пәнаралық байланыстар жүйесі бөлініп алынды.

  • Аталған пәнаралық байланысты жүзеге асыратын формалар мен әдістер жүйесінің негізі қаланды.

  1. Электродинамика курсы бойынша оқушылардың техникалық білімдерін кеңейтетін политехникалық мазмұндағы сабақтар жүйесі ұсынылды.

  2. электродинамика тарауын оқыту процесінде политехникалық білімді арттыруға құрылған әдістемелік жүйе моделін енгізудің тиімділігі педагогикалық эксперимент нәтижесімен дәлелденеді: эксперименттік сынып оқушыларының политехникалық білім деңгейлері бақылау сыныбымен салыстырғанда шамамен 19% -ке өсті. Оқу бағдарламасына біздің жасақтаған әдістемелік жүйені енгізу политехникалық білім берудің мақсатына қол жеткізуге, оқу процесін жақсартуға, оқушының жан-жақты жеке тұлға болып дамуына көп әсерін тигізді.

Қорыта келгенде, біз ұсынып отырған жүйе оқушыларға электродинамика курсы бойынша терең политехникалық білім алуға мүмкіндік туғызады.