Файл: Дипломды жмысымны таырыбы азастан Республикасыны ылмысты занамасы бойынша млікті тркілеу жазасыны ерекшеліктері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша – мүлікті тәркілеу жазасының ерекшеліктері» деп аталады.

Жаза –дегеніміз бұл мемлекеттің жасалған  қылмыстық құқық бұзушылыққа  деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыстық құқық бұзушылық болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. 

Жаза –дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. 

Жазаның белгілері:

  1. жаза - бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

  2. жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексітң 40-шы бабына сәйкес: Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар: айыппұл; түзеу жұмыстары; қоғамдық жұмыстарға тарту;  қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.
Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:  айыппұл; түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар: мүлкін тәркілеу; арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;   белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;  шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар: айыппұл; түзеу жұмыстары;  қоғамдық жұмыстарға тарту; қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.


      Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:  айыппұл; түзеу жұмыстары;  бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру;  өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
      Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:  мүлкін тәркілеу;
арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;  белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін.

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте  көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Қылмыс пен жаза – өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.

Мүлікті тәркілеудеп сотталғанның жеке меншігіндегі мүлігінің барлығын немес бір бөлігін мемлекеттің меншігіне тегін беруге мәжбүр етуді айтады.

Мүлікті тәркілеу пайдақорлық ниетпен істелген қылмыстар үшін  белгіленген, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің айрықша бөлімінің баптарына сәйкес көрсетілген жағдайларды тағайындауы мүмкін.



Сотталушының мүлкін тәркілеуге үкім шығарған сот және ол заңды күшіне енген соң өтеу парағын, мүлік тізімінің көшірмесін үкімнің көшірмесін орындау үшін сот орындаушысына жібереді,  бұл туралы тиісті қаржы орнына хабарлайды. Істе сотталушы мүлкінің тізімі болмаға,н жағдайда мүлік тізімі жүргізілмегені туралы анықтама жіберіледі.

Мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны   орындауды мүліктің тұрағн жері бойынша сот орындаушысы жүргізеді.

Сот орындаушысы орындау парағын алған соң дереу тізімде көрсетілген мүліктің бар- жоғын  тексереді, тәркілеуге жататын басқа да мүлікті анықтау, сөйтіп оны тізімге кіргізеді. Егер де мүліктің тізімі жасалмаған болса, сот орындаушысы сотталушыны тәркіленуге жататын мүлкін  анықтауға шара қолданады, сөйтіп, оны тапқан жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сол мүліктің тізімін жасайды.

Үкім барлық мүлікті тәркілеу түрінде орындалып, бірақ айыптау үкімін  орындаудың заңмен белгіленген өту мерзімдері біткенше  сотталғанға  шығарылғанға дейін немес үкім шығарылғаннан кейін оның тәркіленуге жататын қаражатқа сатып алған тәркіленбеген мүлкі табылған жағдайларда, үкім шығарған сот немесе  үкімді атқару орнындағы сот, егер мүлік заң бойынша тәркіленуі тиісті болған болса,  сот орындаушысының ұсынуымен  табылған мүлікті тәркілеуді  орындауға  жіберу туралы қаулы шығарады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу. Мүлікті тәркілеу пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және Қылмыстық-кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңындағы тізімде белгіленгендей, сотталушыға немесе оның асырауындағы жандарға аса қажетті мүліктер тәркіленуге жатпайды. Бұл тізімге мыналар кіреді: пәтер немесе тұрғылықты үй, жер учаскесі, өте қажетті киімдер, балалар тауарлары және т.б.