Файл: Семинар саба Пн атауы Кркем мтінді деби талдау дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Қазақ тілі мен әдебиеті
№ 11 - СЕМИНАР САБАҚ
Пән атауы: Көркем мәтінді әдеби талдау әдістемесі
Тақырыбы: Прозалық шығарманы талдау әдістемесі. Драмалық шығарманы кешенді талдап-үйрену негіздері.
Орындаған: Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ ЖОО 2-курс ДОТ)
Тексерген: Юсуп Айжан
Алматы 2023 жыл
11 - Семинар сабақ.
Прозалық шығарманы талдау әдістемесі. Драмалық шығарманы кешенді талдап-үйрену негіздері.
1.Прозалық, драмалық шығармаларды талдау негіздері (эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау, эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау)тақырыбында конспект дайындау.
Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер. Жалпы прозалық шығармаларға нысан болатын талдау бағыттары ретінде мына мәселелерді атауға болады:
1.Шығармадағы басты және қосалқы тақырыптарын анықтау;
2.Шығармадағы күрделі сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оларға түсіндірме сөздіктен анықтама жаздыру;
3.Шығарманың образдар жүйесіне талдау. Образдарды дербес талдау, салыстыра талдау, топтай талдау түрлерін жүргізу;
4.Шығарманың тілі бойынша жасалатын жұмыс түрлері (тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, көп мағыналы сөздерді, фразеологиялық сөз оралымдарын мәтінінен тауып жазып, оларға түсініктеме жасау);
5.Шығарманың композициялық құрылымына талдау: а) Сюжеттік композиция; ә)Образ композициясымен жұмыс; б) Баяндау композициясы; пейзаж композициясы т.б. Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер.
Жалпы прозалық шығармаларға нысан болатын талдау бағыттары ретінде мына мәселелерді атауға болады:
1.Шығармадағы басты және қосалқы тақырыптарын анықтау;
2.Шығармадағы күрделі сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оларға түсіндірме сөздіктен анықтама жаздыру;
3.Шығарманың образдар жүйесіне талдау. Образдарды дербес талдау, салыстыра талдау, топтай талдау түрлерін жүргізу;
4.Шығарманың тілі бойынша жасалатын жұмыс түрлері (тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, көп мағыналы сөздерді, фразеологиялық сөз оралымдарын мәтінінен тауып жазып, оларға түсініктеме жасау);
5.Шығарманың композициялық құрылымына талдау:
а) Сюжеттік композиция;
ә)Образ композициясымен жұмыс;
б) Баяндау композициясы; пейзаж композициясы т.б.
6.Шығарма идеясын айқындау мақсатындағы жұмыс түрлері.
Эпикалық шығармалардың өзіндік ерекшелігінің бірі композициясында дедік. Осы орайда сюжетті шығарманы композициясына қарай талдау жолы:
Жалпы композицияны екіге бөледі:
•сыртқы композиция
•ішкі композиция
Сыртқы композиция компоненттері:
•тақырып
•эпиграф (дәйек сөз)
•арнау
•пролог (алғы сөз)
•эпилог(соңғы сөз)
Ішкі композицияның деңгейлері:
•идеялық тақырыптық жүйенің композициясы;
•Образдар жүйесінің композициясы
•Сюжет композициясы;
•Баяндау композициясы;
•Уақыт пен кеңістік композициясы;
Тақырып – көркем шығармаға арқау болған өмір құбылыстарының тобы, өмір шындығы.
•Мәңгілік тақырыптар – адам болмысының рухани болмыстарын, жаны мен тәнінің ұмтылыстарын, өмір мен өлім, жақсы мен жаман, ақ пен қара т.б тақырыптарды қамтиды.
•Нақты тарихи тақырыптар – белгілі бір кезеңмен, дәуірмен сабақтас келеді.
Идея – тақырып туралы авторының бағасы, көз қарасы, ой–түйіні, позициясы, концепциясы. Идеяның өзін екі мәнде қарастыруға болады:
•Авторлық идея (субъективті).
•Объективтік идея – шығармадан туатын мақсатты идея.
Ал сюжет композициясы орта мектепте эпикалық шығармаларды оқыту барысында жиі талдау нысанына ілінеді.
«Сюжет (французша «sujet» - зат) – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. «Сюжет дегеніміз – жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы» дейді М.Горький.
Пролог (грекше «prologos» – алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі.
•Сюжеттің басталуы (экспозиция) – Көркем шығармадағы іс-әрекет, тартыс басталмай тұрып, оқиға болатын орынмен, ортамен, болашақ кейіпкермен, жағдайлармен таныстыру, алғашқы мәлімет беру. Экспозиция – шығармадағы оқиға желісіне, қақтығысқа тікелей әсер етпейді, тек мезгілдікмекендік сипат береді.
•Сюжеттің байланысы – тартыстың басталуына түрткі болған адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің басы. Сюжет желісіндегі тартыстың әуелгі туындау себебі.
•Сюжеттің дамуы – адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыләрекетінен туатын түрлі жағдайларға байланысты өрбу.
•Сюжеттің шарықтау шегі (кульминация–«биік шың») – оқиға дамуының ширығып, ең жоғарғы нүктеге жетуі. Адамдар арасындағы қимыләрекеттің мейлінше күшейіп, шыңына жеткен жері.
•Сюжеттің шешімі – шығармадағы оқиғаның бітуі, нәтижесі, соңғы түйіні. Сюжеттің шешімі – оның идеялық-көркемдік шешімі.
Эпилог (грекше «epilogos» – соңғы сөз) - көркем шығарманы қорытудың бір түрі. Пролог пен эпилог сюжет композициясына жатпайды, сыртқы композиция элементтері болып есептеледі.
Драма — әдебиеттің үлкен бір жанры. Ол өзінің қоғамдағы орны мен жазылу формасы арқылы эпостық және лирикалық шығармалардан дараланады. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады. Мектепте драмалық шығарманы оқытқанда оның осы екі жақтылығын ескеру керек.
Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді: комедия, драма, трагедия. Драмалық шығармаларда автор өмір болмыстарын көркем типтік жағдайларда тартыс үстінде көрсетіп, белгілі бір идеяны ұсынады. Драманың басты нысаны — адам, оның қоғамдағы орны, іс-әрекеті, жеке басының қасиеті, ізгілікке ұмтылуы, күресі. Театр өнерінің дамуына байланысты драмалық шығармалардың түрлері дами түсуде (оперетта, водовиль, либретто т.б.).
Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сөзінен тұрады. Диолог, монолог түрінде жазылады. Драма шығармасы сахнаға ойналғанда «пьеса» немесе «спектакль» деп аталады. Пьеса өз ретінде афишадан, акті, сурет, көріністерден тұрады, уақытпен шектеледі. Мұнда авторлық баяндаулар, суреттеулер болмайды. Кейде автор өз тарапынан оқиғаға, не декорацияға, не кейіпкерлерге қатысты сілтеме түсінік келтіреді. Бұл сілтемелер «ремарка» делінеді және жақшаға алып жазылады.
Драмалық шығарманы талдау мәтінмен жұмыс істеу арқылы іске асады. Қашан да басты назар драманың тіліне аударылады. Тілдің қолданылу аясы, — адамдардың сөйлесуі — диолог. Диолог — тіл болмысы. Сондықтан оған үңілу шығарманың сырын ашады. Драма тілі кейіпкердің жай ғана сөйлеуі емес, автордың мақсатты түрде саралап салған сөздері болып есептеледі. Демек, драма тілі — көркем тіл. Әлемге әйгілі драматургтер Шекспир тілі шынайылығымен, дәлдігімен, ойнақылығымен, уытты-өткірлігімен ерекшеленеді. Драмада адамдар тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. Олардың бар болмысы, сөйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, кейпі, мінезі — көруші назарында болды.