Файл: Реферат Таырыбы Жеіл атлетика Орындаан Кпжасов. Н тексерген Айткалиев. Т. С скемен аласы 2020 жыл Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 158

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кейбір қимылдарда осы жетекші элементтерсіз қимыл іске аспайтын екі топқа бөлінеді: негізгі және басты.

Барлық қимыл қозғалыс жылдамдату мен жылдамдық кеңістікте іске асырылады. Бұл кинематикалық құрылымда байқалады.

Бірақ осы қимылдар қалай іске асады? Бұл сұраққа жауапты динамикалық құрылымнан алуға болады. Бұл құрылым ішкі және сыртқы мінезді қалыптастырады.

Динамикалық және кинематикалық құрылымдардың өзара байланысы ритмикалық қимылдың құрылымын анықтайды.

Дененің орналасуы бастапқы қимыл мен қозғалысты айқындайды.

Қимыл траекториясын сипаттағанда, обьектіні дұрыс таңдай білу маңызды.

Траектория - белгілі бір нүктенің елестету іс қимылы (қозғалған дененің жүріп ӛткен жолы).

Қимылдың ұзақтығы қимылдың ұзақтығын сипаттайды(снарядтың ұшу жолы).

Қимылдың темпі қимылдың уақытпен бір қалыпты жылдамдығын денеден айқындайды (бір жұмыстың орындалуының жылдамдығы).

Сыртқы күшке : ауырлық күші, реакцияның тірек күші, қарсылық күші, үйкеліс күші, ауырлық түсіру күші, инерция күші жатады. Репозиторий КарГУ 14

Ауырлық күші-оның әрекеті әрқашанда тӛменге бағытталған. Ол горизонтальді қозғалыс кезінде жылдамдықты ӛзгертуге әсер ете алмайды, бірақ тӛмен қарай түскенде қозғалыс жылдамдығын арттырып, жақсы әсер етеді, ал жоғары кӛтерілгенде, керісінше, қозғалыс жылдамдығын азайтады.

Тіректің реакция күші тіреуге басқа күш әсер еткен жағдайда пайда болады. Бұл күш тіреудің сапасына бағынады.Бұл күш тіректің сапасына байланысты.Тірек күштірек болса, реакция күші де көп болады. Мысалы, асфальт пен құмды салыстырыңыз.

Қарсылық күші қимыл кезінде пайда боладыжәне тежеуші ретінде әсер етеді. Ауа, су - бұл сыртқы ортаның қарсылық күші. Ол қимыл техникасына жағымды да және жағымсыз да әрекет етуі мүмкін.

Үйкеліс күші немесе іліну күші. Бұл күшсіз қозғалу мүмкін емес. Мұз айдынындағы жүру мен асфальт үстіндегі жүруді салыстырып кӛріңіз. Үйкеліс күші дененің салмағына және жанасудың үстіңгі жағының кӛлеміне байланысты. Ол қимылдың техникасына жақсы және қарсы әрекет етуі мүмкін (инерция күші бойынша қимылдау кезінде үйкеліс қимылды тежейді).

Ауырлық күші-бір затқа немесе қимылға қарсы шыққанда пайда болатын күш. Оның қимылы ауырлықтың ӛзіне байланысты.

Инерция күші қимыл барысында, денеге күш түспеген жағдайда пайда болады, яғни дене инерция бойынша қозғалады.Ол дененің, заттың салмағына байланысты (мысалы, снарядты лақтырғанда ол инерциялық күштің арқасында ұшады). Ішкі күштерге:актив және пассив қимыл қозғалыстар жатады.


Бұлшық еттің тарту күшіэнергия көздеріне қызмет етеді. Спортшының тұрысын сақтайды немесе ӛзгертеді, қимылды бағыттайды.

Бұлшық еттің тарту күшінің кӛлемі мыналарға байланысты: Репозиторий КарГУ 15

– механикалық

- анотомиялық

- физиологиялық

Пассив күштерге серпімді деформация күші жатады(сіңірлер, сіңір созылғанда серпімді күш беруі мүмкін).

Барлық қимылдар анықталған жылдамдық пен ішкі, сыртқы күштердің ӛзарабайланысуымен кеңістікте және уақыт бірлігінде жұмыс атқарады. Бірақ бұлар тек қана құрамды элементтері, ал белгілі бір техника пайда болуы үшін белгілі бір ритмикалық құрылым құру қажет. Кинематикалық және динамикалық сипаттарыныңжалпы қатынасын табу қажет. Мысалы: тірек пен ұшудың уақыты. Жүгіруде тірек уақыты мен ұшу уақытының арақатысын 1:1 десек , онда ол жүгіру емес, тіректе тоқтап секіру болып табылады. Тірек уақыты ұшу уақытынанан кем, олардың ӛзара ұтымды қатысы жүгіру техникасының визуальді бейнесін береді.

Спорттық жүру -жүрудің спорттық түрі. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алға аттаған аяқтың ӛкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден кӛтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей кӛтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін кӛтеріліп кететін фазасын тӛрешілер мұқият қадағалайды.

Жүру –адам қимылдауының табиғи тәсілі. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы- жылдамдығы жағынан тезірек қимылдауы.

Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері болмауы қажет, әрқашан жерменбайланысболуы қажет. Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында, тігінен тұрған тірек аяқ тізе буынынан жазылуы керек.Спорттық жүруден қарапайым жүрудің айырмашылығы: жаяу жүрісте аяқты тізе буынынан бүгуге болады, ал спорттық жүрісте аяқ тік болуы қажет.

Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың адымы.

Ол қалып төмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі кезеңі; б) екі тіреудің екі кезеңі; в) сермейтін аяқты ауыстырудың екі кезеңі.

Спорттық жүрістің циклін алты шабағы бар дӛңгелек түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дөңгелекті екіге бӛледі - екі тіреудің кезеңі, екі жалғыз шабақосы жартыларды тӛртке Репозиторий КарГУ 17 бӛледі -жалғыз тіреудің кезеңі. Бір аяқтың жалғыз тірегінің кезеңі басқа аяқтың ауысу кезеңімен сәйкес келеді. Екі тіректі период өте жылдам болады, оны көбі байқамай қалады. Бір периодты тірек ұзағырақ болғандықтан екі кезеңге бӛлуге болады:



1) алдыңғы тіректің қатты фазасы;

2) итеру фазасы.

Ауысу фазасы да екіге бөлінеді:

1) артқы адым фазасы;

2) алдыңғы адым фазасы.

Жоғарғы білікті жүрушілер адымдарының жиілігі минутына 190-нан 230 адымға дейінбарады. Адымның ұзындығы 95 см –ден 130 см -ге дейін болады. Осылардың барлығы спортшының аяғының ұзындығы мен бұлшық етіне тығыз байланысты.

Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғасырдың ортасында басталды. Ең алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп ӛту 1867 жылы болды. Репозиторий КарГУ 20 Алғашқы ұзақ қашықтықтағы жүрудің дистанциясы Вена – Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – Барселона – 1100 км. Ол 1908 жылғы Олимпиада бағдарламасына 3,5 және 10 шақырымдық спорттық жүруді енгізгенше жалғаса берді. Екінші кезең: 1908 жылдан 1932 жылға дейін жалғасын тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне енгізіледі. 1932 жылы Лос – Анджелестегі олимпиадалық қашықтық 50 км болып енгізілді. Әлемдік рекордтар: 1918ж – 20 км тіркелсе, 1924ж – 50 км тіркелді. Үінші кезең – 1932 – 1952 жылдары жаттығудың қызған кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады. 1964 -1976 жылдары спорттық жүру біраз елдерге тарады.. Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс – тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Спорттық жүріске дайындалатын адамдар саны кӛбейе түсті.Әр түрлі сатыдағы спортшылар дайындала бастады. Осыдан бастап спорттық жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады. 1892 жылы Ресейде алғаш рет спрттық жүрістен 1,3 және 10 шақырым қашықтықтажарыс өтті. 1894 спорттық жүрістен жарыс Петербург пен Царское село арасындағы елді - мекендерде өтті. 1946 ж спорттық жүріс бойынша 50 км қашықтыққа алғашқы жарыс өтті. 1952 ж Кеңестік тезжүргіштер Олимпиада ойынына қатысып, шет ел спортшыларына кәдімгідей қарсыластық танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады. Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне ұқсас,бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар жоғарғы жылдамдықпен қозғалу, жерге қою сәтінде аяқтың толық түзетілуі,жамбас қозғалысының анық байқалуы (әсіресе, тік білек бойымен қозғалғанда).