Файл: останай облысы кімдігі білім баскармасыны останай аласы білім бліміні 27 жалпы білім беретін мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қостанай облысы әкімдігі білім баскармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық кеңесте қарастырылды Бекітемін
№1 хаттама 27.08.2021 ж. Мектеп директоры
________________ Исетова Б.К.
«Бастапқы химиялық ұғымдар»
Элективті курс
7 «ә» сынып
Құрастырған: Жалғасбек А.Ғ
Қостанай – 2021
Бастапқы химиялық ұғымдар
вариативті курсынан
Түсінік хат
Бастапқы химиялық ұғымдар курсы төмендегі басты мақсаттарды алға қоя отырып жұмыс жасайды. Мектепте оқытылатын химия пәні – заттар әлемін оқыта отырып, олардың құрамын, құрылысын, бір заттың екінші затқа айналуын үйрету арқылы әлемнің ғылыми бейнесін түсінуге үлкен үлес қосады. Аталмыш вариативтік курс химия пәнінің тереңіне үңілтіп, оқушыларды айналадағы қоршаған орта заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастырып, сол арқылы оқушының жан-жақты дамуына, адамгаршілік қатынасының және еңбекке даярлығының қалыптасуына , практикалық іс-әрекетке үйретіп, еліміздің материалдық дамуының негіздерін толығымен игертуді мақсат етеді. Күнделікті тұрмысқа қажетті және республикамыздың шаруашылығы мен мәдениетінің барлық салаларына қатынасы бар химиялық білім мен білікті оқушыларға меңгерту болып табылады.
Әрбір шәкірт өзі өмір сүріп отырған ортада кездесетін заттардың табиғатын, оларды қолданылуын,өз керегіне жаратуды сауатты деңгейде іске асыратыны анық.
Бастапқы химиялық ұғымдар
вариативтік курстың мақсаты:
-
оқушылардың бейоргнаикалық химияның негізгі кластарын ажыратуға, -
химия ғылымының маңызды заңдары мен заңдылықтарын саналы түрде түсінуге, -
өз білімдерін одан әрі дамытуға, химиялық тілде сөйлеуге, -
атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары арқылы табиғаттағы заттарды танып – білуге, -
пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Міндеттері:
-
бейорганикалық химия негіздерінің кластарының түрлерімен таныстыру, оқытып үйрету,формулаларын қатыстырып типтік есептер шығару, -
Оқушыларды өздік жұмыстарын орындап валенттілік таба білуге, химиялық реакция теңдеуін құруға үйрету, -
заттардың массалық мөлшерін қолдана отырып жекелей жұмыс жасауға, химиялық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, -
бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын жатқа білу, санаға сіңіру арқылы қолданыста пайдалану.
Бағдарлама мазмұны
-
Химия пәнін оқыту жүйесін әрі қарай жетілдіру, тереңдету -
Мектептік, аудандық, қалалық, облыстық кітапханалармен тұрақты байланыс жасау. -
Қазіргі заман талабына сай химиялық білім бере отырып бастапқы ұғымдарды ұғындыру. -
Оқушының шығармашылық деңгейін көтеріп, алған білімі мен білігін, қабілетін өзі ұсынған жаңа проблеманы шешуге жететінін дәлелдеу. -
Типтік есептер шығара отырып оқушылардың ақыл-ойының дамуына, рухани жан дүниесін байытуға, тілдік қарым-қатынасты арттыру. -
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
Химия саласын толық меңгеруі, химияның әр саласынан хабары бар, оқушының жан-жақты дамуы, адамгершілік қатынасының және еңбекке даярлығының қалыптасуы.
Ойларын ауызша және жазбаша бай тілмен, тұщымды оймен жеткізулері.
Шығармашылық қабілеттерінің артып, өз беттерінше зерттеу жұмыстарына машықтануы.
Бастапқы химиялық ұғымдар
факультативтік оқыту курсының жоспары
№ | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1. | Химиялық реакциялардың белгілері. Физикалық және химиялық құбылыстар | 1 | |
2 | Атомдар және молекулалар. Жай және күрделі заттар | 1 | |
3 | Химиялық элементтер, олардың таңбалары. химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы | 1 | |
4 | Химиялық формулалар | 1 | |
5 | Химиялық формулалар бойынша есептеулер | 1 | |
6 | Химиялық элементтің валенттілігі | 1 | |
7 | Элементтің валенттілігі бойынша қосылыстардың формуласын құру | 1 | |
8 | Химиялық валенттілік бойынша есептер шығару | 1 | |
9 | Химиялық реакция теңдеулері | 1 | |
10 | Атом-молекулалық ілім | 1 | |
11 | Зат мөлшері. Моль тақырыптарына есептер шығару | 1 | |
12 | Авогадро саны. Молярлық масса | 1 | |
13 | Химиялық реакция типтері | 1 | |
14 | Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер | 1 | |
15 | Оттектің медицинада және өндірісте қолдану | 1 | |
16 | Оксидтер. Олардың атаулары | 1 | |
17 | Озонның табиғатта таралуы. | 1 | |
18 | Ауа. Атмосфераны ластанудан қорғау. | 1 | |
19 | Химиялық реакцияның жылу эффектісі | 1 | |
20 | Типтік есептер шығару | 1 | |
21 | Сутектің физикалық химиясы | 1 | |
22 | Сутектің химиялық қасиеті және қолданылуы | 1 | |
23 | Болашақтағы сутектік технологиялар | 1 | |
24 | Қышқылдар. Құрамы, жіктелуі | 1 | |
25 | Қышқылдар тақырыбы бойынша есептер шығару | 1 | |
26 | Су – тіршілік көзі. | 1 | |
27 | Негіздер. Құрамы, жіктелуі | 1 | |
28 | Негіздердің формуласын құрастыра отырып есептер шығару | 1 | |
29 | Тұздар. Қышқыл қалдықтары. | 1 | |
30 | Тұздардың формулаларын құру, есептер шығару. | 1 | |
31 | Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі сілтілік металдар. | 1 | |
32 | Галогендер. Эстафеталық есептер шығару. | 1 | |
33 | Жеке ізденушілік жұмыстарын қорытындылау. | 1 | |
34 | Жыл бойы өткенді қайталау | 1 | |
Қолданылған әдебиет
1. «Химия» 8-сынып оқулығы. Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.
2. Ю.М.Лабий. «Решение задач по химии с помощью уравнений и неравенств»
3. Г.И.Штремплер, А.И.Хохлова. «Методика решения расчетных задач по химии» 8-11класс.
5. Қ. Бекишев. Химия олимпиада есептері.- Алматы: Рауан, 1997.
6. А.С. Егоров. Все типы расчетных задач по химии для подготовки к ЕНТ.