Файл: Білім беру объектілеріне ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 156
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
214. Ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша ОО-да 12 адамнан аспайтын күндізгі және қысқа мерзімді болу топтары штаттық режимде жұмыс істеуі мүмкін.
215. Физиопроцедураларды, массаждарды жүргізу кезінде кушеткалар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуын шектеу. Баламен медициналық процедуралар бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
216. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазылу бойынша қызметті жүзеге асырады.
217. ПМПК-да диагностикалық топ болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қашықтан режимде жұмысты ұйымдастыру ОО және ППТК үшін іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
218. ТжКБ ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша қашықтан, аралас, штаттық форматтарда жұмыс істейді. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың ТжКБ ұйымдарында 15 студентке дейін топтарда толымдылықпен штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
219. ТжКБ ұйымдарында мәдени-бұқаралық және тәрбиелік, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
220. Білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін іске асыру кезінде ТжКБ ұйымы:
1) үй-жайдағы жобалық қуаттың 30% - ынан аспаған кезде корпустарда, аудиторияларда адамдардың бір мезгілде болуы қажет;
2) спорт, акт залдарын топтармен толтыру жобалық қуаттылықтың 30% - нан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;
3) 65 жастан асқан адамдар мен ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар аудиториялық сабақтарды олардың келісімінсіз өткізуге жіберілмейді.
221. Сырқаттанушылық деңгейі тұрақты төмендеген жағдайда колледжді біртіндеп аралас форматқа көшіру жүзеге асырылады.
222. Оқу сабақтары қашықтан және штаттық режимде ұйымдастырылады. Штаттық режимде оқыту барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, күндерді және (немесе) пәндерді кезектестіре отырып (күн шегінде немесе аптаның күндері бойынша) топтарда (немесе кіші топтарда) жүзеге асырылады.
223. Бірінші болып бітіруші топ студенттері штаттық режимге ауысады. Аралық курс білім алушылары қашықтықтан оқытуды жалғастыруда.
224. Штаттық, аралас форматтарда оқытуды ұйымдастыру кезінде:
1) кемінде 1,5 метр қашықтың сақталуын ескере отырып, аудиторияларда сабақтар өткізу, кабинеттік жүйенің күшін жоюмен өткізіледі;
2) әр топ үшін сабақтар арасындағы үзілістер жеке ұйымдастырылады;
3) кітапханаларда оқу залдары жабылады, тек кітап беру жұмыс істейді;
4) студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізіледі;
5) жатақханаларда бөлу тұратындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бөлмелерді 30%-ға дейін толтыру арқылы жүзеге асырылады.
3-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
225. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша қашықтықтан, аралас, штаттық форматтарда жұмыс істейді.
226. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) оқу және өзге де корпустардың, жатақханалардың ішінде желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелері жұмыс істейді, желдету режимі сақталады;
2) үй-жайдағы жобалық қуаттың 40-50%-ынан аспаған кезде корпустарда, аудиторияларда адамдардың бір мезгілде болуы қажет;
3) спорттық, акт, ағынды залдарды топтармен толтыру жобалық қуаттың 40-50% - нан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;
4) ағынды аудиторияларды (сыйымдылығы 40 адамнан астам), кітапханаларды өңдеу әрбір 4 сағат сайын бактерицидті шамды 15 минутқа қосу, ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы жүргізіледі;
5) аудиторияларды (сыйымдылығы 40 адамнан кем) өңдеу күн сайын бактерицидті шамды 15 минутқа қосу, ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы жүргізіледі;
6) корпус (корпустар) ішінде қосымша өткізу режимін болжайтын аймақтарға бөлу жүйесі енгізіледі;
7) зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар 1 білім алушыға кемінде 5 м2 қамтамасыз етумен жүргізіледі;
8) оқу процесінде пайдаланылатын жұмыс орындарында, зертханаларда, аудиторияларда (қажет болған жағдайда) мөлдір қалқалар орнату көзделеді.
227. Білім алушылар (студенттер, магистранттар, докторанттар, курс тыңдаушылары) үшін бағдарлау апталары шеңберінде орнату сабақтарын өткізуге жол берілмейді.
228. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бұқаралық оқу және тәрбие, спорттық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
229. Жатақханаларда бөлу тұратындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бөлмелерді 50% - ға дейін толтыру арқылы жүзеге асыру.
| "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Зертханалық-аспаптық зерттеулер
| Кесте | ||||
№ | Сынама алу орны | Зертханалық зерттеулер, саны (бірлік) | Зерттеу кезеңділігі | | |
1 | 2 | 3 | 4 | | |
1 | Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру, тәрбеиелеу, тұру орындарының ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары | | |||
1.1 | ас блоктары | микробиологиялық зерттеулерге тамақ өнімдерінің (шикізат) сынамалары | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
микробиологиялық зерттеулерге алынатын дайын тағамдардың сынамалары | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |||
микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамалары | ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) | | |||
тағамдардың құнарлығы | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |||
термиялық өңдеу сапасы | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |||
сыртқы орта шайындылары | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |||
дезинфекциялау құралдарындағы хлордың қалдығын айқындау | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |||
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су | ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) | | |||
персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша | | |||
1.2 | қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік | температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылыту маусымы кезеңінде жылына бір рет) | | |
Р/с | Объектілер | Зертханалық зерттеулер | Зерттеу кезеңділігі | | |
1 | 2 | 3 | 4 | | |
1.2 | сыныптар | | | | |
1.3 | зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктары | желдетудің, шудың тиімділігін зерттеу | ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет) | | |
| су тарату крандары - ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары | су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы санитариялық қадағалау | | |
1.4 | құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары | бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
1.5. | ыдыстарға өлшеп-құйылған суды пайдаланатын объектілер | ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда) | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
1.6 | жабық жүзу бассейндері және ванналар | бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге алынатын су сынамалары | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
1.7 | компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер | жұмыс орындарындағы электромагниттік, электростатикалық өрістердің кернеуі, аэроиондардың шоғырлану және униполярлық коэффициент деңгейі, шу | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
1.8 | оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет | жасанды жарықтандыру деңгейі | объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
Р/с | Объектілер | Зертханалық зерттеулер | Зерттеу кезеңділігі | | |
1 | 2 | 3 | 4 | | |
1.9 | пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын үй-жайлар, медициналық кабинеттер | ауа ортасын зерттеу | ағымдағы қадағалау тәртібінде | | |
1.10 | ойын алаңдарындағы құмды алаңқай | топырақты зерттеу | ағымдағы қадағалау тәртібінде мамырдан бастап қыркүйекке дейінгі кезеңде | | |
1.11 | балалар тауарларының ассортиментін сатып алуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары | балалар тауарларының ассортименті (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыс, гигиена құралдары және басқалар) | жылына бір рет | | |
| "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы Жалпы білім беретін ұйымдар сыныптарының толықтырылуы
| 1-кесте | ||||
№ | Топтар (сыныптар) | Жасы | Балалар саны | | |
1 | 2 | 3 | 4 | | |
1. | Мектеп алды дайындық топтары (сыныптары) | бес (алты) жастан алты (жеті) жасқа дейін | 25-тен артық емес | | |
2. | Жалпы білім беру ұйымдарының сыныптары | 6 (7) жастан 18 жасқа дейін (1 – 11 (12)-сыныптар) | 25-тен артық емес | | |
3. | Шағын жинақталған мектептердегі сыныптар | 6 жастан 18 жасқа дейін (1 – 11 (12)-сыныптар) | 5-10-нан 25 –ке дейін | |
Ескертпе:
Жалпы білім беретін ұйымдар үшін сыныптарды толықтыру 25 оқушыдан артық емес болып белгіленеді. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, мамандырылған білім беру ұйымдарында, гимназияларда және лицейлерде сыныптардың толықтыруын 20 оқушыға дейін азайтуға жол беріледі.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс – шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру, төтенше жағдай енгізу, белгілі бір аумақта төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда білім беру ұйымдарының сынып-жинақтары 1 сыныпта 15 білім алушыларға дейін қалыптастырылуы мүмкін.
Арнайы білім беру ұйымдарында сыныптарды, тәрбиелеу топтарын, ұзартылған күн топтарын толықтыру
| 2-кесте | ||
Балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары | Сыныптағы (топтағы) балалар саны | | |
| мектеп жасы | | |
1 | 2 | | |
Сөйлеу қабілеті бұзылған: | | | |
сөйлеу қабілеті қатты бұзылған | 12 | | |
жекелеген дыбыстарды айта алмау фонетикалық-фонематикалық дамымаған | 12 | | |
Есту қабілеті бұзылған: | | | |
естімейтін | 8 | | |
нашар еститін және кейіннен саңырау болған | 10 | | |
Көру қабілеті бұзылған: | | | |
көзі көрмейтін, кейіннен соқыр болған: | 8 | | |
нашар көретін | 12 | | |
амблиопия және қылилық | 10 | | |
жеңіл ақыл-ой кемістігі | 10 | | |
орташа ақыл-ой кемістігі | 6 | | |
ауыр ақыл-ой кемістігі | 4 | | |
психикалық дамуы тежелген | 12 | | |
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған | 10 | | |
күрделі кемістігі бар | 6 | | |
эмоциялық-ерік бұзылыстары бар | 4 | |