Файл: Бекітемін Келісемін Б отырысында аралды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында қаралды.

Мектеп директоры Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі 26.08.2022ж №1 хаттама

_________________А.К.Мырзагалиев орынбасары _________Ж.А.Бермагамбетова ӘБ жетекшісі_______Г.С.Морелова

27.08.2022 ж 27.08.2022 ж

Күнтізбелік –тақырыптық жоспары

Мектебі: «Жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп» КММ

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Мұсағалиева Айжан Әнуарбекқызы

Сыныбы: 11 «Ә» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

2022-2023 оқу жылы

ТҮСІНІК ХАТ

«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;

- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану дағдыларын дамыту;

- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеуде, программалық қосымшаларды дайындауда және өз өнімдерін бағалауда компьютер жұмысының негізгі қағидаларын меңгеру;

- талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;

- білім алушылардың тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын логикалық, алгоритмдік, есептеу сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, ойлауды дамыту;

- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми - зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек. Сонымен қатар, білім алушылар Интернет - қол жетімді ақпарат көздерінің бірі
болып табылатынын, оларға қол жеткізе және әр түрлі көздерден деректер жинай алатынын, сондай-ақ интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік негіздерін, сондай-ақ жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау ережелерін ұстануы тиіс екенін біледі. Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы - бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

11 ҚГБ сынып

1

1

2

1


ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.

Оқулықтар:



11 сынып ҚГБ «Информатика» авт: В.Г.Архипова, Р.Г.Амдамова, Н.К.Беристемова, К.Б.Кадыракунов (Алматыкітап)

2022-2023 оқу жылы 11 сыныпқа (ҚГБ) арналған

«Информатика» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

     



р/с

Ауыспалы
тақырыптар
/бөлім/

Сабақтардың тақырыбы

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан 8 сағат

1

11.1А Бұлттық технологиялар

Бұлттық технологиялардың міндеті мен жіктелуі.

11.1.1.1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру

1

05.09




2

Бұлттық технологияларды қолдану салалары.

11.1.1.1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру

1

12.09




3-4

Бұлттық технология сервистері.

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

2

19.09

26.09




5-6

«Google Диск бұлттық сервисін қолдану» практикумы

2

03.10

10.10




7

Жобалық іс-әрекет БЖБ №1

1

17.10




8

Жобалық іс-әрекет

1

24.10




ІІ тоқсан 8 сағат

9

11.2А 3D – модельдеу

Виртуалды және кеңейтілген шынайлылық

11.2.4.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру

1

07.11




10-11

Виртуалды шынайылықтағы адам

11.2.4.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту

2

14.11

21.11




12

3D – панорама және виртуалды тур. Image Composite Editor программасында 3D – панорамалар жасау

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

28.11





13-14

FreeDEXpano GUI бағдарламасында виртуалды тур және сфералық панораманы құру

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

2

05.12





15

«Мектепке виртуалды саяхат жасау» практикумы БЖБ №2

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

12.12




16

«Мектепке виртуалды саяхат жасау» практикумы

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

26.12




ІІІ тоқсан 10 сағат

17

11.3В Мобильді қосымшалар

Мобильді қосымшаларды құру. Мобильді қосымшалардың конструкторлары және мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы

11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру


1







18

Мобильді қосымшалар интерфейсіне қойылатын талаптар

11.4.1.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау

1

19

Мобильді қосымшалар жасау

11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

1







20

Мобильді қосымшаны орнату

11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

1







21

Практикум. Мобильді қосымшаларды әзірлеу.

БЖБ №3

11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру



1







22

Практикум. Мобильді қосымшаларды әзірлеу.

1







23

11.3В IT Startup (ай-ти стартап)

Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу принциптері мен қызметі

11.4.2.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау;
11.4.2.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау

1







24

Жобаны алға жылжыту


11.4.2.3 өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау

1







25

IT Startup және жарнама

БЖБ №4


11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)

1







26

IT Startup және жарнама

1







IV тоқсан 10 сағат

27-28

11.4B Сандық сауаттылық

Қазақстандағы цифрлау

11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау

2







29

Ақпараттарды құқылы қорғау

11.1.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу

1







30-31

Электронды цифрлық қолтаңба және сертификат

11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау
11.1.2.3 электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану

2







32-33

Электронды үкімет

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

2







34

«eGov электрондық үкімет порталымен жұмыс» практикумы БЖБ №5

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1







35

«eGov электрондық үкімет порталымен жұмыс» практикумы

1







36

Қайталау

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1







Барлығы: 36 сағат