Файл: Балада кеістік мен уаыт бадарлауы алай дамиды Балада кеістік мен уаыт бадарлауы алай дамиды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 79
Скачиваний: 1
Содан кейін естиярлар тобының балаларын апта күндерімен таныстырады. Балалар алдымен адамдарды әдетте «күн» деген сөзбен атайтын тәулігі бірін-бірі ауыстырып отыратынын біледі. Осындай жеті күннен бір апта құрылады. Аптаның әр күнінінң өз атауы бар. Апта күндерінің реттілігі қашан да бірдей реттілігі қашанда бірдей болады: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және т.с.с. апта күндерінің атауын балалар іс-әрекеттің нақты мазмұнымен байланыстырады(бізде дүйсенбіде қуыршақ театры өнер көрсетеді, жұма сайын спорттық ойын-сауықтар өткізіледі және т.с.с.). Тәрбиеші күн сайын таңертең балалардың апта күнін атауын, сондай-ақ кеше аптаның қай күні болғанын, ертең қай күн болатынын атауды өтінеді. Апта күндерін оқтын-оқтын ретімен атауды ұсынады. Аталған күннің алдында немесе одан кейін қай күннің болатынын айтуды сұрайды.Апта күндерінің ауысуын бақылау балаларды уақыттың мерзімділігін, алмасушылығын түсінуге, оның қозғалуын ашып көрсетуге бағдарлайды: күн артынан күн, апта артынан апта келеді. Балалардың өздері мезгілдің ауысуын сипаттайды: «жыл айналады - күз еді, өтіп кетті және қайтадан күз келеді», дейді. Сол сияқты, аптаның дүйсенбі күні еді, өтіп кетті, ал жеті күннен кейін қайтадан дүйсенбі басталады.Мектеп жасына дейінгі балалардың уақыт сезімін жетілдіруде ойындар қызметінің рөлі қандай және әлеуметтік жағдайына қалай әсер етеді деген сұрақтарға жауап беру міндетті түрде тәрбиешіні толғандыру керек.Уақыт сезімі – қабілет нақты және виртуалды үйлестірудің, сәйкестендірудің, сезінудің табиғи эстетикалық қабілеттілігі.Уақыт сезімі эстетикалық қасиет тәрізді өмір бойы дамиды. Эстетикалық сезім негізі - мектепке дейінгі шақта, жетекші әрекеті ойын болған уақытта салынады. Дәл осы шақта сезім мәдениетінің негізі қалыптасады. Сондықтан уақыт сезімінің теориялық негізі жайлы айтпастан бұрын, сезім мен эмоция жайлы жалпы түсініктер қамтылуы қажет.Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оныңмимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.П.В. Симоновтың ақпараттық эмоционалдық тұжырымдамасы эмоция саласында өз орнын ойып көрсетті. П.В. Симоновтың ақпараттық эмоционалдық тұжырымдамасын жалпы адамзат эмоциясының заңдылығы деп қабылдайды.Эмоцияны эмоционалдық реакция, эмоционалдық қалып, эмоционалдық қатынас (сезім) деп бөлуге болады.Күнделіті тұрмыста эмоция түсінігін сезім деп атайды. Шынтуайтында, бұл түсініктің ғылыми қолданысы адамның көңіл күй қалыпын ғана білдіреді.Дәстүрлі отандық психологияда сезім - эмоция бөлімінің тармағы. Бұлай бөлінуінің бір себебі, сезімнің пәндік айырмашылықтарыЭстетикалық сезім адамның әдемілік пен кейіпсіздікке, үйлесімділік пен әдемілік жайлы түсінігіне негізделген.Эстетикалық сезімнің процессуалдық мінездемесін А.Ф. Лобова анықтады. Бұл зерттеуге берілетін негізгі эстетикалық сезім мінездемелеріне мыналар жатады: көңілдің құбылмалығы, «тұрақсыздығы», қайтарымдылығы, бірбаптылығы, ауысушылығы, тәуелділігі, синхрондылығы. Автор эстетикалық сезімдердің топтарын олардың шығуына және пайда болу тарихына қарай, адамнға әсер ете отырып мына сезімдерді тудыратынын атап өтті:
-
табиғилық(түстер,сызықтар,сәйкестілік,симметриялар,динамикалар,уақыт,кеңістік, екпін); -
әлеуметтімаңызды (өлшем, үйлесім, тон, мақам, пішін, сәнділік, интонация, тембр); -
рухани құндылық (ғажайыптылық, батылдылық, ұсқынсыздық, опаттылық, ұждансыздық).
айтуынша егер осындай салыстырулар болмаса, уақыт сезімі түсінігі де негіз болып қалыптаспас еді(егер адамнің есі қабылдамаса, ми бұндай шешімдер қабылдай алмайды және осыдан уақыт сезімі де туындамайды).
Уақыт сезімі эстетикалық феномен ретінде өз алдына шектішексіз, субъективтіобъективті, соматикалықпсихикоділдік біртұтастық бейне, үлкен уақыттық құрылым.
Уақыттың, кеңістік пен ырғақтың бірлігі динамикалық үш тағандылықты құрайды, яғни ол үштік қосылып, табиғилық эстетикалық сезімді құрайды.
Уақытты сезіну теңдестірілген табиғи, әлеуметтік, ғарыштық процесстер ретінде эстетикалық феномен қалыптасады, яғни тұлғалық эстетикалық қасет қалыптасады, балада сәйкесінше даму барысында уақыт сезімі де қалыптасады.Уақыттың әр түрлі түрлері баланың сезімінде полифония тудырады да, сезімін үндестіреді әрі үйлестіреді.
Эстетикалық уақытты сезіну келесі түрлерге қарай жіктеледі:
-
Объектілітабиғилық, бұған физикалық жансыз объектілер жатады,бұл физикалық уақыт және ол сызықтық әрі дәйекті түрде өтеді. -
Объектілісубъектілі уақыт, ол әлеуметтік және тұлғалықпсихикалық уақыт ретінде қарастырылады. Бұнда бір халық не ұлт өзінің тіршілік уақытын өлшейді. Психологиялық уақыт қатаң бірсызықтықты және қайтымсыздықты сипаттамайды. -
Жасанды уақыт, ол тек көркемөнерлік шығармаларда көрсетіледі. Ол,негізінен, виртуалды шындықты көрсету үшін жұмсалады.