ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 16.09.2022ж Сыныбы: 3 ә Тәрбиеші: | |
| |
Тақырыбы: | « Тәртіпке- бағын жасыннан» |
Мақсаты: | 1/ Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу. 2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту7 3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | әдептілік, адамгершілік |
Ресурстар: | ҚР Мемлекеттік рәміздері /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик |
Психологиялық ахуалды орнату | - Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді) Қарады саған да! Сәлем деймін достарға, Сәлем барша ұстазға! Тату болып халықтар, Аман болсын балалар |
Ой шақыру Негізгі бөлім | Оқушылар тәртіп дегенді қалай түсінеміз?(оқушылар жауабы тыңдалады) Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн. Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса,әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді. |
Сергіту сәті: | Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға - оңға түзу тұр Солға - солға түзу тұр Жоғары - төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. Тәртіп туралы мақал мәтелдерді тыңдау. Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы. 2. Тәртіп – тән үшін, Ынтымақ – жан үшін керек. 3. Тәртіпсіз ел – ел болмас, Тәртіпке бағынған – құл болмас. (Бауыржан Момышұлы) 4. Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық .(Ғабиден Мұстафин) 5. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. Мектептегі тәртіп сақтау ережелерін қайталау. Оқушылар: · Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ; · Үлкендерге құрметпен қарауға; · Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге; · Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға; · Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға; · Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге; · Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге; · Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға; · Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға; · Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға |
Рефлексия Табыс баспалдығы | Табыс баспалдағы. Тәртіпті оқушы деп кімді айтамыз? Қандай тәртіп ережелерін саұтау керек? |
Күні: 19 .09.2022ж Сыныбы: 3ә Тәрбиеші: | |
| |
Тақырыбы: | «Отбасым- бақыт ұям!» |
Мақсаты: | 1. - Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. .2. Көру/ есте сақтау қабілетерін дамыту, сөздік қорын молайту; зейіннін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу |
Қолданылған әдістер: | Миға шабуыл, әңгімелесу, сұрақ-жауап |
Сөздік | қарым қатынас |
Ресурстар: | /бейнетаспа/ Презентациялар, видеоролик « Отбасым» |
Тренинг-психологиялық ахуалды орнату | Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанға ұрайық |
Ой шақыру Негізгі бөлім Cергіту сәті: | Жұмбақ жасыру. Маған да, саған да, Жақын, туыс адамдар. Бәрі де өз жұртың, Айтыңдар, олар, кім? (Отбасы) - Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз. Отбасы туралы әңгімелеу. -Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер? -Отбасы деген не? -Отбасы құрамы деген кімдер? -Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай? Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес. (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — мен, Титтей бөбек — сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) Мақал -мәтелдің жалғасын табу. 1.Атаға қарап - ..............., Анаға қарап - .................. 2. Ананың көңілі балада, .......................... 3. Ата-ананың қадірін - ................................ 4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің) 5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар) 6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер Дәптерге жазу. |
Рефлексия Жеміс ағашы | - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын |