ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 67
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
.
| Сыныбы: 1 б сынып | Мұғалімнің аты-жөні: Конаккалиева А.Н | Қатысқаны: 20 | Күні:10.04.2023ж | ||
| Тақырыбы | Бақытты отбасы бақыт панасы | ||||
| Сабақтың мақсаты | Білімділік: Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату, «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету. Дамытушылығы: Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру. Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс. | ||||
| Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат т.б | ||||
| Іс-әрекет кезендері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |||
| Психологиялық ахуалды қалыптастыру | – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет! Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік. Айтамыз алғыс қайталап, Тыңдайды бізді шартарап. Өмір сүру – бір бақыт. Дос бола білу – шын бақыт! | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |||
| Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ | Суреттермен жұмыс. Біз бүгін отбасы туралы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас бір отбасында тұрады. Біздерге үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ата мен әжелер демалыспен тыныштықты ұнатады. Ғажайып сәт: Балалар бізге көрші ауылдан ата мен әже келіпті! Кәнекей, қарсы алайықшы!(Ата мен әже еңкейіп келе жатады.) Ата мен әжеге амандасу. - Ер балалар! Ассалаумағалекум, ата! Сәлеметсіз бе, әже? – деп қарсы алады. Сергіту сәті: Бас бармағым атам - үйдің данасы, Балан үйрек әжем – ошақ анасы, Ортан терек әкем – отау панасы, Шылдыр шүмек шешем – шаңырақ ажары, Кішкентай бөбек мен - бәрінің базары. Фонетикалық жаттығулар. Хор мен қайталау: А – а - а - ата. Ә - ә - ә - әже Ә - ә - ә - әке А – а – а – ана Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды. - Мынау менің атам, Мынау менің әжем, Мынау менің әкем, Мынау менің анам, Мынау мен өзім Хидаят! Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?» Үйдің ішіне (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.) Рефлексивті Коррекциялаушы Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық? - Отбасы мүшелерімен. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен? - Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады. | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |||
| Сергіту сәті | «Мен білемін». Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту. Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу. – Мен ұлдардың бес атын білемін: Арман – бір Аділет – екі Қуаныш – үш Асхат – төрт Нариман – бес Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. | Оқушылар ойын ойнайды | |||
| Рефлексивті — түзетушілік | Біз қандай отбасымыз? - Біз бақытты отбасымыз Біз қай елде тұрамыз? - Тәуелсіз Қазақстан елінде. Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар. Ата мен әже балалар бізге көмек керек, ұмытып кетіппіз екеуміздің құралдарымыз қосылып кетіпті осы заттарды ажыратып беріңдерші. Кане, балалар! Ата мен әжеге көмек берейік. Ата мен әже құралдарын бөліп беру. Ата мен әже көп – көп рахмет, балалар сендер тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің айтқанын тыңдаңдар. Бала бақша сендердің екінші үйлерің балалар! Ата мен әже мадақтап балаларға сыйлықтарын таратады. | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |||
| Күтілетін нәтиже: | |||||
| Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||||
| Өзіне үйренгені | Жаңа білімді түсінеді | ||||