Файл: 2 4 Жерді табии серігін (Айды) атау жне оны фазалары бар екенін білу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Жанаева Фариза Сайнқызы

Пән/Сынып:

Жаратылыстану / 2-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Жер мен ғарыш

Сабақтың тақырыбы:

Ай – Жердің табиғи серігі

Оқу мақсаты:

2.6.1.4 Жердің табиғи серігін (Айды) атау және оның фазалары бар екенін білу.

Бағалау критерийі:

  • Ай Жердің табиғи серігі екенін біледі;

  • Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсете алады.




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Жұмбақ шешеді.

Орақ болып туады,

Табақ болып тынады.

Жауабы : Ай
Тақырып, мақсаттарымен таныстырылады.

Тақырыбы: Ай – Жердің табиғи серігі

Жердің табиғи серігін (Айды) атау және оның фазалары бар екенін біледі.




Презентация № 1,2,3бет

7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы сабақ түсіндіріледі.
Айдың ғарыштан түсірілген суреттерін көрсете отырып, Айды Жердің серігі ретінде сипаттау.

Ай – Жердің серігі. Ай үнемі біздің ғаламшарымызбен ілесіп жүреді. Ол жерді айналып қозғалады. Ай Жерден еш уақытта алыстап кетпейді.
Серік дегеніміздің не екенін талқылау.

Серік деп үнемі біреудің қасында жолдас болып жүретін кісіні айтады.

Серіктер табиғи және жасанды болады. Жасанды серік адамның қолымен жасалынады.

Ай туралы видео көрсетіледі.
Сен білесің бе?

Ай туралы қосымша мәліметтер беріледі.



Жердің табиғи серігін Айды туралы, оның фазалары бар екенін біледі.

Ай Жердің табиғи серігі екенін біледі;


Презентация № 4-12 беттер
Білімлендтен алынған бейнежазба.Ай мектеп видео мәліметі

8 минут



Тәжірибе

Зертте. Тақырыбы: «Ай Фазасы»

Зерттеу жоспары:

  • Керекті заттарды дайындау.

  • Айдың пішіндерінің әртүрлі болуын анықтау.

  • Бақылау

  • Қорытынды жасау

Керек заттар:

Доп, қолшам.

Сұрақ:

Айдың пішіндері не себептен әртүрлі болады?

Ұсыныстар: допты алыңыз және қараңғыда оған әртүрлі жағынан шам жағыңыз. Жарық доптың артқы жағынан түскенде - бізге тек доптың шетінде тар жолақ көрінеді. Қалған бөлігі көлеңкеде. Біз доптың бүйірінен жарқыратамыз-доптың жартысына ғана жарық түседі. Біз доптың алдыңғы жағынан жарық түсіреміз – допқа толығымен жарық түседі. Сол сияқты, Күннің(қолшам) Айға (доп) әртүрлі жағынан жарық түседі. . Міне, осылай Айдың пішіні бізге әртүлі болып көрінеді. Бұл Айдың фазалары.

Тапсырма.

Ай фазаларын суретпен сәйкестендір.



Дескриптор

− Ай фазаларын суретпен сәйкестендіреді.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру.

Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсете алады.

Презентация № 13-19 беттер

3 минут



Бекіту

Сабақты бекіту тапсырмасы.

Тапсырма.

Ай фазаларын ретімен орналастыр.



Дескриптор

− Ай фазаларын ретімен орналастырады.


Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсету.


Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсете алады.

Бағалау критерийлерін ұсыну

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағала.

Бүгін мен көп білдім

(1-сурет)

Сабақ маған ұнады, түсіндім (2-сурет)

Түсінбедім, менде әлі сұрақтар бар (3-сурет).

Презентация № 20-23 беттер