Файл: А мола облысыбілім басармасыны Бурабай ауданы бойынша білім блімі Ожетпес ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Ақмола облысыбілім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Тақырыбы «Тіл - адамның жұмсайтын қаруының бірі»
Секция бағыты «Тіл - адамның жұмсайтын қаруының бірі»
Баяндамашы: Файзурахман Рысгүл Оразбайқызы
Оқыту тілі: қазақ тілі
2022-2023 оқу жылы
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орны
«Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, сол арыстардың бірі Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. 1917 жылдың 13 желтоқсаны – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің - Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті.
Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі- қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. "Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында "Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ
деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді
А. Байтұрсынұлы осы «Алаш» партиясы басшыларының әрі көсемінің бірі болды, Қазақ АКСР-ін құруға елеулі үлес қосты. Қазақ АКСР-і құрылған соң үкімет құрамына кіріп, оқу-ағарту халық комиссары болып жұмыс істеді.
«Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп, өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз, басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай арыстарымыздың арқасында.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зертгеулер. -Алматы. 1999. -581 б.
2. К.Қожахметова «¥лт тағдыры мен қыз бала тәрбиссі - біртұтас». «¥лт тағылымы» журналы 2005 ж.
3. Б.Тойлыбаев «Ұлттық тәрбиеде жеке түлғаның қалыптасуы». «¥лт тағылымы», 2004, №2.
4. К. Оразбекова. «Тіл - ұлттық сана-сезімнің теориялық-әдіснамалық негізі». 5. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында» кітабы, A., 2008 ж.