Файл: мж тарауы 9 блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҰМЖ тарауы:

9 -бөлім

Күш моменті

Күні: 27.04.2023 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Барсаева М.С

Сынып:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Пайдалы әрекет коэффициенті

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаты

-Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау

Сабақ мақсаттары

1.Барлық оқушылар білуге тиісті: Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтай алады.

2.Оқушылардың көпшілігі орындай алады.

Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, ПӘК-ті анықтайды.

3.Кейбір оқушылар орындай алады.

Мысалдар арқылы өмірмен байланыстыра алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Атмосфералық ынтымақтастық орналастыру "Өрмекші" әдісі

3. Топтарға бөлу. Суреттер арқылы. (Қайшы, көлбеу жазықтық, блок)

Әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Топ басшысы бағалау парағы арқылы өз топ мүшелерін бағалайды.



4.Үй тапсырмасын сұрау «Допты лақтыру» әдісі. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы

сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояд
ы. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты

басқа оқушыға береді. Бұл əдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың

орындалуына көмек береді.

Топ бірін-бірі «Шапалақ» арқылы бағалайды.

Оқу мақсатымен танысады


Сұрақтарға жауап береді

Суреттер, жіп, бағалау парағы



Оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты бағаланады.


Презентация немесе таратпа материал





Сабақтың ортасы

25 минут



1.(W,G)"Миға шабуыл" (әр топ өздеріне берілген сурет бойынша сөйлейді)

2. Жаңа тақырып.

«Топтық жұмыс» әр топ өздеріне берілген тапсырманы постер арқылы қорғайды.

3. (Е) Эксперименттік тапсырма. Әр түрлі білеушенің ПӘК-ін анықтау.

1.Денені һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін Ап-пайдалы жұмысты анықта.

2.Денені көлбеу жазықтық бойымен һ биіктікке бірқалыпты көтергенде істелетін Ат-толық жұмысты анықта

3. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықта

Дескрипторы

-пайдалы жұмысты анықтайды;

-толық жұмысты анықтайды;

-жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды

ҚБ: "Екі жұлдыз, бір ұсыныс" арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды

Сергіту сәті.

«Әлқисса» видеоролик арқылы қайталап оқушылар билейді.

4.Тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар. Саралау әдісі.

1.Жұмысшы массасы 40 кг арбаны 70 см биіктікке 120Н күш жұмсай отырып итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы 6 м.

Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықта.

2. Қуатын 25 кВт-қа дейін арттыра отырып, насостың қозғалытқышы 110м3мұнайды 5м биіктікке 10 минут ішінде көтерсе, қондырғының ПӘК-і қандай?

3.Домкрат бұрандасының қадамы 10 см, тұтқа иіні 52 см. 90Н күш түсіре отырып,28 кН жүкті көтеру үшін домкраттың ПӘК-і қандай болу керек.

Дескрипторы

-есептің берілгенін жаза алады.

-ХБЖ айналдырады

-формуласын біледі

-пайдалы жұмысты анықтайды;

-толық жұмысты анықтайды;

-жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды

ҚБ: "Бас бармақ" арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды












Сабақтың соңы.

10 мин


Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

тобындағы оқушыларды бағалайды.

Рефлексия

(Кері байланыс)

Оқушыларға стикерлер таратылады. Сол бойынша бүгінгі сабақтағы өздерінің деңгейлерін жазып, жапсырады.

бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.



Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: