Файл: 2тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар Блім Ксіп пен ебек. Болаша мамандытары. Лексика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»
Оқу мақсаты | 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау; 8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; 8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары ойлау дағдылары |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
Тапсырма 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар:
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар. Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады. Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді. Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. – Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат. Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды. «Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды. Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды. – Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан,оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз. Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын. 2-тапсырма. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша еңбек етпеуінің себебі неде? Төрт сөйлеммен өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
3-тапсырма. Еңбек етпей елге өкпелеме, Егін екпей жерге өкпелеме. Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Қазіргі заман талабымен салыстырып жазыңыз. Орфографиялық норманы сақтай отырып, өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен дәлелдеңіз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4-тапсырма. Мәтінде берілген сандық мәліметтерді пайдалана отырып графиктік диаграмма сыз |
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор Білім алушы | Балл | |
Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді | 1 | Сұрақтарға жауап береді: 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; 4-сұрақ; | 1 1 1 1 | |
Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады | 2 | Сұраққа қатысты өз пікірін білдіреді; Пікірінің себебін түсіндіреді; Дәлел келтіреді; Ой қорытады. | 1 1 1 1 | |
Мақалдың мағынасын ашады | 3 | Мақалдың мағынасын ашады | 1 | |
Қазіргі өмір талабымен салыстырады | 1 | |||
Орфографиялық нормаға сай жазады | 1 | |||
Мәліметтер бойынша диаграмма сызады | 4 | Мәтіндегі сандық мәліметтерді пайданаланады | 1 | |
Графиктік диаграмма сызады | 1 | |||
Барлығы | 13 |