Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Отбасы ндылытары Мектеп 29.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 88
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Отбасы құндылықтары | Мектеп №29 | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сейткалиева М.С | |||||||||||||||||
Сынып:5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. 5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушы: Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын жанрына қарай сипаттайды,тақырыбы мен идеясын анықтайды. Көпшілігі: Шығарма құрылымын талқылайды, тақырыбы мен идеясын анықтайды. Кейбір оқушылар: Шығармадағы оқиға желісін бүгінгі өмірмен байланыстырады, өз пікірін дәлелдейді. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Пәнге қатысты қор мен терминдер: Бокс (ағылш.box-қорап) – жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Ләпке- дүкен, дүңгіршек. Секундант- жекпе-жекке қасысушылардыңжанында болатын төреші. Ринг-қатысушылардың жекпе –жекке шығуына арнайы жасалған төрт бұрышты алаң. Гонг- азиаттардың үлкен табақ тәрізді жасалған арнаулы қаққышпен соғып, дыбыс шығаратын металл аспап. Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қажетті тіркестерді пайдаланады. Талқылауға арналған сұрақтар: Ривера не үшін алдына жеңу мақсатын қойды? | |||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Жауапкершілік, белсенді ұстаным таныту , өз елінің дамуына үлес қосу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Георафия пәні | |||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Спорт туралы мәліметтерді әртүрлі көздерден алады, жинақтайды. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңберін» құра отырып, бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. «Шаттық шеңбері» әдісі білім алушыны тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Сыныпты топқа бөлу Қызығушылығын ояту «Болжау» стратегиясы Қазақстан чемпиондарының рингтегі жекпе –жегінен бейнеролик көрсетіліп, «Бокс,Ринг,Гонг,Нокдаун, Нокауд» сөздерінің мағынасын ашу арқылы сабақты болжайды. | Стикер Білім алушыларға үш түрлі түсті стикерге жазылған сөздерді таңдату арқылы сыныпты «Қайрат», «Жігер», «Қайсар» топтарына бөлемін. Бейнеролик | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | Жеке жұмыс «Сканерлеп оқу» әдісі арқылы шығарманың мазмұнымен танысып шығады. Топтық жұмыс «Рөлге ену» әдісі Топпен талқылай отырып, жеке білім алушы жауап береді. 1-тапсырма Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз. Бұл әдістің тиімділігі білім алушылар топпен жұмыс жасай отырып, ортақ пікірге келіп,қорғайды. . 1-топ: Баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды. 2-топ: Сұрақ қоюшы- мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды. 3-топ: Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді. Дескриптор: -Әңгіменің мазмұнын баяндайды; -Сюжеттік дамуына қатысты сұрақ дайындайды; - Шығарма бойынша сұрақтарға жауап береді; «Бас бармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Жеке жұмыс 2-тапсырма «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша оқиға желісіне сүйене отырып, сюжеттік- композициялық талдау жасау. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы шығармадағы оқиғалардың дамуын рет-ретімен айтып, шығады. Тапсырманы орындауда оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады 1. Оқиғаның басталуы:Ривераның рингке шығуы 2. Оқиғаның дамуы: Ривера мен Дэннидің айқасы 3.Оқиғаның шиеленісуі: Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері 4.Оқиғаның шарықтау шегі:Ривераның айласы 5.Оқиғаның шешімі:Ривераның жеңісі . Дескриптор:
«Әдемі сөздер» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау. 3- тапсырма «Кезбе тілші» әдісі Бұл әдіс барысында білім алушылардың тақырыпты қалай түсінгенін, бір-біріне еркін ойларын білдіру үшін пайдаланған орынды.Мұнда білім алушылар диалогқа түсіп, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сыныптан дарынды білім алушы кезбе тілші болып, әр топ мүшелеріне сұрақтарды қояды. 1-сұрақ: Шығарманың тақырыбы мен идеясы қандай?(Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік,әділеттілік әрқашан әділетсіздікті жеңеді) 2-сұрақ: Ривера не үшін алдына жеңу мақсатын қойды? 3-сұрақ: Шығарма оқиғасын бүгінгі спорт әлемімен байланыстыруға бола ма? 4-сұрақ: Ривера сияқты қандай былғары қолғап иелерін білесіңдер? Дескриптор: 1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады. 2.Бүгінгі өмірмен байланыстырады. Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» | «Бас бармақ»әдісі Бұл әдіс арқылы білім алушының ынтасын артады.(Мысалы: Тамаша! Шебер орындалған! Құнды пікір!) Микрофон «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Бағдаршам арқылы бағалау: жасыл – өте жақсы,сары – жақсы, қызыл – орташа. | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин Кері байланыс | «Табыс сатысы» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі | |