Файл: Ф. Оарсынова атындаы орта мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп

Бөлім

3-бөлім: Балалар мен үлкендер

Педагогтің аты-жөні

М.Кайржанова

Күні

28.02.2023

Сынып 7 в,г

Қатысушылар саны :

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі. БЖБ 2

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс,риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Сабақтың мақсаты

Оқушылар шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс,риторикалық сұрақ) қолданысын талдай алады


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту

• Шығармада қай кезең суреттеледі?

• Повестің басты кейіпкерлері кімдер? («Ауыл өмірі» тобына)

• Шығарма кім жайында?

  • «Тәмпіш» сөзінің мағынасы қандай?(«Шынайы достық» тобына)

• Портрет дегеніміз не? Кімдердің портретін есіңде жақсы сақтадың? («Портрет»тобына) (саралау)

  • Мінездеме дегеніміз не?

  • Неліктен шығарма «Тәмпіш қара» деп аталған деп

ойлайсың? Автор кейіпкерлерінің мінездемесін қалай бере білген? («Мінездеме» тобына)

Оқу, сабақ мақсаттары мен БК таныстырылады.


Оқушылар «Ауыл өмірі», «Шынайы достық», «Портрет», «Мінездеме» деген сөздер жазылған қағаз қималарын алу арқылы топқа

бөлінеді. Сабақтың тақырыбын, мақсатын болжайды.
Оқушылар оқу, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийімен танысады

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді 1 б

ҚБ ауызша бағалау

Оқулық Қазақ әдебиеті 7-сынып «Атамұра баспасы


Ортасы


15 минут


1-тапсырма Топтық жұмыс. 15 мин

С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінен алынған үзіндідегі автор қолданған көркемдік тәсіл мен кейіпкерлерді, оларға тән сипатты анықтаңыз.

І топ- «Ауыл өмірі».

Шығармадағы ауыл өмірін берудегі пейзаж және адамдар арасындағы диалогтардың маңызын ашып, автордың бұларды қолдану себебіне тоқталыңыз.

ІІ топ- «Шынайы достық» тобына.Әңгіменің тағы бір ерекшелігі - онда тілдік қолданыстардың болуы. Шығармадағы Ертай мен Шаншатай арасындағы достықты негізге ала отырып, баяндау, сипаттау, суреттеуге мысалдар келтіріңіз және себебін түсіндіріңіз.

ІІІ топ- «Портрет» тобына.Оқы, ойлан, бөліс. (саралау)

Әдеби портрет кімге берілген?

Портреттегі антонимдік сөз қолданыстары арқылы автор кейіпкердің қандай образын сомдаған?

Денесі түтінге ысталғандай қара қоңыр әрі май жаққандай жылтырап тұр. Бұлшық еттері білеуленіп шығып бүлк-бүлк етеді... Қабағы да, төңкере салған кесе секілді бетінің еті де қалың. Бірақ ерні жұқа. Ақырын ғана жымиып күлгенде, қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ моншақтай көрінді. Мысалы, «Түтінге ысталғандай» - шымырлықты, «аппақ тіс» - ізгілікті, «Қара» – шыныққандықты т.б

Шығармадағы Иманбек, Оңалбек, Күлдәрі портреттеріндегі сөз қолданыстары арқылы автор кейіпкердің қандай образын сомдағанына баға бер.

4- топ- «Мінездеме» тобына.

Повестегі басты және жанама кейіпкерлерді анықтап, әр кейіпкерге тән ерекше мінездерін кесте түрінде постерге түсір.Мінездеме қай кейіпкер туралы және автор қандай тәсілдер қолданған? (теңеу, метафора, әсірелеу, эпитет т.б.)

Оқушылар С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінен алынған үзіндідегі автор қолданған көркемдік тәсіл мен кейіпкерлерді, оларға тән сипатты анықтап жазады


Бағалау критерийі:

Шығармадан пейзажды таба алады, тақырыппен байланыстыра отырып түсіндіреді;1 б

Әңгімеде адамдар арасындағы диалогтардың маңызын ашып, автордың қолдану себебін айтады. 1б
Әңгімеде суреттеу, баяндау, сипаттау сияқты көркемдік тәсілдер қатысатынын біледі;1 б

Үзіндіден қызықты мысалдар келтіре отырып,жазушының қолдану себебін түсіндіреді. 1б

Кейіпкер әрекетінің оқиғаны өрбітудегі алатын орнына талдау жасап, мінездеме береді;1б

Әдеби кейіпкер әрекетіне сипаттама беріп, автор қолданған тәсілдерді тауып дәлелдейді.1 б

Көркем сөз қолданыстарының образ сомдаудағы ерекшеліктерін сараптайды; 1 б

Дәлелдерді қолдана отырып, автордың әдеби портретті берудегі шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді. 1 б

ҚБ

Топтар бір- бірін БК бойынша бағалайды, кері байланыс береді.

Мұғалімнің кері байланысы.




Оқулық Қазақ әдебиеті 7-сынып «Атамұра баспасы»

оқулық, қағаз А4
түрлі-түсті маркерлер, үлестірмелі материалдар, 

Соңы

5 минут

Рефлексия.

«Жазушы Шаншатай бойындағы қасиеттерден үлгі алуға болатынын қалай көрсетті?» 2- 3 сөйлеммен баға беріңіз.

Кері байланыс.

«3 қ»

Қызық ...

Қажет ...

Қиын ...


Үйге тапсырма: Үзіндіні оқып, өзіңнің туған жерің мен оқитын мектебің туралы жаз