Файл: Елімізді ыты жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-тапсырма

Еліміздің құқықтық жүйесі.

Құқық жүйесі – құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын күрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.

Қазіргі таңда еліміздің құқықтық даму саясаты саласында, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру ба­ғытында жаңа мақсат-міндеттерді көздеп отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасында жаңа ұлттық құқықтық жүйе құрылып жатыр.  Бұған мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейін құқықтық реформа жүзеге асырыла бастаған алғашқы жылдары қабылданған барлық бағдарламалық құжаттар бағытталған. Яғни, Құқықтық саясат тұжырымдамасының маңызы өте жоғары.  Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.

Құқық жүйесі мен Заң жүйесінің арақатынасы

Құқықтық саясат тұжырымдамасымен еліміздегі құқықтық саланың жаңа дәуірі басталды. Оның қабылдануымен ұлттық заңнама жүйесі жетіле түсті. Осыған орай елімізде заңнамалық актілер қабылданды. Атап айтсақ, Орман, Жер, Кеден ісі, Су, Еңбек, Бюджет, Салық кодекстері қабылданды.

Заңнамада құқықтағы сияқты, оның iшкi құрылым табылатын өз жүйесі бар. Алайда, бұл түсiнiктердi келесi негiздер бойынша айырмашылығы:

1) егер құқық жүесінің алғашқы элементі болып норма табылса, заңнама жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;

2) егер құқық жүйесi мазмұн түрiнде көрiнiс тапса, заңнама жүйесi нысан түрінде көрініс табады;

3) егер құқық жүйесi негiзгi, алғашқы сипатты иеленсе, заңнама жүйесi туынды сипатқа ие, себебі, алғашкысы екiншiсi үшiн негiз болып табылады;

4) егер құқық жүйесі объективтік түрде, қоғамдық қаты-настарға сəйкес қалыптасса, заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заңшығарушыға тəуелді болып келеді;

5) кұкык жүйесі мен заңнама жүйесi көлемi бойынша ажыратылады: заңнама, бір жағынан, нормативтiлiктiн барлық түрлерiн қамтымайды, себебі, құқық заннамамен қатар әдет нормаларынан, нормативтік шарттардан және занды прецеденттерден де көрініс табады; екiншi жағынан, нормалардын атауларынан басқада элементтерді қамтиды – преамбулалар, тараулардың, бөлiмдердiң, баптардың атаулары және т.б.


Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, құралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.

Құқықтық реттеу құқықтық ықпалдың бір түрі болып табылады және онымен тұтастай да, оның бөлігі ретінде де ара қатынаста болады.

Құқықтық ықпал ету – қоғамдық өмірдегі, мемлекет, оның органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың әрекеттеріндегі құқықтық қағидаларды, ұстанымдарды, тыйымдарды, алғышарттар мен нормаларды іске асыру.