Файл: Заымдану, сыну, жаралану, буыны шыусоып алу, кйік, су кезіндегі алашы кмек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Зақымдану, сыну, жаралану, буыны шығусоғып алу, күйік, үсу кезіндегі алғашқы көмек

Тж көрсетілетін алғашқы көмек көрсету.
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, тұрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда - жаралану, көшеде - сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады. Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.

Жарақаттардың түрлері:

Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар.

Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.

3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.

4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Жарақаттардың белгілері:

Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.

Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.

Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.


Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндіктуғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.

Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.

Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.

Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.

Үсітіп алу - дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған–көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды.
Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ–қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады).
Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек.

Ыстық өту - сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.

Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.


Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.
Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).

Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.


Химиялық заттармен улану. Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір сода, нашатырлы спирт) жиі улану болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты «бейтараптандыруға» тырысуға болмайды.

Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек.

Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады

Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.