Файл: Сж трбие жмыстарыны нтижесімен тиімділігіні диагностикасы Дайындаан Сатбекова Б. А тобы дпмно201в.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

СӨЖ

Тәрбие жұмыстарының нәтижесімен тиімділігінің диагностикасы

Дайындаған: Сатбекова Б.А

Тобы: ДПМНО-201в

Тәрбиелілік диагностикасы

Тәрбие–адамзат тарихының біте қайнасқан, ажырамас бөлігі.Тәрбиенің нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс – тәжірибе, салт - дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.

Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік «құрылыс материалы». Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.Тәрбиенің тиімділігін арттыру ісін жүзеге асыру әрбір қоғамдағы мемлекет мұқтаждығына, талаптарына тәуелді. Өйткені мемлекет талаптарының, мұқтаждығының өтелуі, оның саяси – экономикалық күш – қайратын шыңдап, бекіте түседі. Сол себепті ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты шарт – мемлекет талаптарынан туындайтын тәрбие жүйесін құру, мақсаты айқындау. Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез - келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемелекет, білім беру мекемелеріне зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс.

Тәрбие ісімен айналысушы әр педагог өзінің тәрбиелік функцияларын біліп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын, тәсілдерін жан – жақты іздестіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Өзінің тәрбиелік міндеттерін оқушылардың жас және жеке ерекшелігінің спецификасын, олардың арасында пайда болған қарым-қатынасты ескере отырып, ұйымдастырғаны жөн.

Педагогтың тәрбиелік іс - әрекетіндегі басты мақсат – жеке тұлғаның өздіндік дамуына көмектесу, оның шығармашылық потенциалын жүзеге асыру, оқушының әлеуметтік – экономикалық мұқтаждықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, оқушыларды жеке даралыққа үйретіп, өз проблемаларын шешудегі белсенділіктерін арттыруға қажетті және жеткілікті жағдай жасау.

Диагностика- оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау.Бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім,ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңғартады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диакностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, диагностикалық процестің бағдар-бағытын, ілгеріні не кері қозғалысы анықталады.Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін,бағытын және жобалауын қамтиды. Психологиялық-педогогикалық диагностика- бұл оқу тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.(психолог толтырады)


Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек. Диагностикалаудың маңызды бөлігі бұл -қадағалау.

Қадағалау-білім,ептілік және дағдылықтың игеру процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады.

Тексеру-бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет-қимылдар жүйесі. Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылар-дың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Окытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екенін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байланыстырады. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту- оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады. Бақылау,қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмысының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен оқулық-тарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез,ерік сапаларын дамытады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері. Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі. Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажеттілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы – қажеттілік десек, қажеттілік – адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажет-тілікке қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі – адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бір сарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады.

Диагностиканың негізгі әдістемелік міндеті

---мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісін нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау



---оқушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін тәрбие үрдісінұйымдастырудың неғұрлым тиімді педогогикалық құралын, формасы мен амалдарын анықтау.

---тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін (балалар тәрбиелілігі мен тенденцияларын ұжымның дамуы нәтижесі)

Диагностикалық әдістемені таңдаған кезде мыналарды ескеру қажет:

--сынып оқушыларының жас ерекшелігін

--балалар ұжымының қалыптасу деңгейін

Сынып жетекшісі мен оқушылардыңқарым –қатынас ерекшелігін

--балалар мен ересектердің бір-біріне деген сенім көрсету дәрежесін

Тәрбие деңгейлері:

1) Өте төмен деңгей: адамгершілік жағынан тәрбиесіздік, педагогикалық әсермен түзелуі өте қиын, өзін -өзі ұйымдастыруы, peттеyi дамымаған.

2)Төмен деңгейі: тәрбиеліктің жақсы жақтары аздап білінеді, бірақ, тұрақты емес, өзін-өзі ұйымдастыруы, peттeyi тек үлкендердің ескертуімен жүзеге асады.

3)Орташа деңгей: тәрбиеліктің жақсы жақтары басым, өзін-өзі ұйымдас-тыруы, реттеу қабілеті бар, бірақ белсенділігі аз байқалады.

4)Жоғары деңгей: тәрбиеліктің жақсы жақтары тұрақты, өзін–өзі ұйым-дастыруы, реттеу, белсенділігі өте жоғары.

Зерттеу әдістері:

1.Байқау.
2.Әңгімелесу.
3.Шығарма.
4.Сұрақ-жауап.
5.Тест.
6.Социограмма т.с.с.

2. Ұстаз еңбегі психологиялық педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді.
Оқушы тәрбиелігін анықтайтын кешенді диагностика

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін кешендік диагностика әдісі қолданылады.Оқушылармен жүргізілетін диагностика негізіне ата-аналар, оқытушылар және оқушының өзі үшін ашық құжат –оқушы тәрбиелігінің картасы жатады.

Бұл құжатты бастауыш сыныпта сынып жетекшісі толтырады.

Бастауыш сыныпта бала бойында сана, адамгершілік сезімі, ерік-жігер сияқты қасиеттер негізі қалыптасуы қажет. Бұл құжат жылма-жыл толтырылуы тиіс, ата-ана, ұстаздар біріге отырып бір жыл ішінде қандай өзгеріс болғандығын анықтап, әрі қарай жүргізілетін жұмыстарды белгілейді. Ал төртінші сынып соңында жаңа тағайындалған сынып жетекшіге тағайындаған сынып жетекшіге беріледі. Жоғары сыныптарда картаны ата-ана,сынып жетекшісі қатынаса отырып, оқушылардың өздеріне де толтыртуға болады. Бұл баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне, үлкендердің кеңес талаптарын жауапкершілікпен орындауға мүмкіндік береді.


7-8 сыныптарда карта толтырғанда сынып белсенділерінің көмегіне сүйенуге болады. Балалар өзін-өзі бағалауы баланың дамуы үшін өте маңызды. Тәрбиелік картасын толтыру бірте-бірте сынып жетекшіден оқушылардың өзіне ауыса бастайды, бұл оқушылардың өзін-өзі басқаруына мүмкіндік береді. Сынып жетекшісі әр оқушы туралы мәліметті жақсы білуі керек, осылардың қорытындысынан бүкіл сынып ұжымының тәрбиелік деңгейіне мінездеме береді. Ол үшін ұжымшылдық, ұйымшылдық, еңбекқорлық сияқты интегративті сапалық қасиеттерді анықтайды.

Мысалы: оқушыларда қарапайымдылық қасиеті қалыптасқан, бірақ қоғамдық, жанашарлық, белсенділік деңгейлері нашар. Онда сынып жетекшісі өзінің тәрбие жоспарына нашар қалыптасқан қасиеттерді дамыту үшін, нақты міндеттерді енгізеді. «Тәрбиелік карта» бойынша жұмысты жоспарлау сынып жетекшісіне саналы түрде аз шығын жұмсай отырып, тиімді мақсатты жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Картаның сыртқы бетінде сынып жетекшінің ата-аналарға арналған отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру туралы кеңесі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуге арналған тапсырма беріледі. Тапсырма 1 айдан 3айға дейінгі мерзімге беріліп, міндетті түрде тексеріледі.

«Тәрбиелік карта» - ата-ана, ұстаздар, оқушылар белсенділерінің біріккен іс-әрекетінің негізі оқушының өзіне-өзі баға беруі, баланы тәрбиелеу бағдарламасы, педагогикалық диагностикалық құжат.