Файл: Лекция 1 Аэромдар мен аэропорттарды негізгі элементтері жне оларды жіктемелері. Авиарылысы дамуыны ысаша тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып 14


14.1 Аэромдарды жобалау негіздері.

Лекция №1

Аэромдар мен аэропорттардың негізгі элементтері және олардың жіктемелері.

1. Авиақұрылысы дамуының қысқаша тарихы.

2. Аэропорттар тұралы жалпы ұғымдар мен оның құрамы.

3. Аэропорттың жіктемесі.

Қолданатын әдебиеттер тізімі:

1. Г.И. Глушков, Д.А. Могилевский «Изыскание и проектирование аэродромов»;

2. Г.И. Глушков, В.Ф. Бабков «Изыскание и проектирование аэродромов».

3. СНиП 32-03-96 Аэродромы СНиПы и ГОСТы.

4. 3,03-19-2013 (СН Казахст. Аэродромы).

1 сұрақ

1. Авиақұрылысы дамуының қысқаша тарихы.

Аспанға үшу арманы ең бірінші ҮІ ғасырда адамды жазалау мақсатпен қағаз борпылдаққа байлап жоғарыдан төмен түсіру арқылы ҚЫТАЙДА орындалған шығар дейді.

Кейін ІХ ғасырда басқарылатын ДЕЛЬТОПЛАНМЕН аспанға үшу әрекетін Аль-Андалуста Аббас ибн Фарнас  орындаған.

ХҮ ғасырда Леонардо да Винчи бір неше жобаны ұсынғанмен өзі ұшпады.

Адамның шынайы ұшу ұмтылыстары ХҮІІІ ғасырда Европа елдерінде іске асырылды.

ХІХ ғасырда іші ыстық ауаға толтырылып жоғары ұшырылған шарларды майдандарда көп пайдаланғаны байқалған. АҚШ-та Азаматтық майданда Петерсберг қаласы маңында сондай шарлар барлау жасау мақсатпен қолданған.

Грецияда мифология бойынша Дедал мен Икардың аспанға ұшу арманы бойынша қанатқа ұқсату үшін құс мамығын «воск» арқылы біріктіріп жоғары мұнаралардан төмен құлағандары.

Қанат жасап алып төмен құлап әр түрлі жарақатт алу немесе қаза табу жағдайлары ХҮІІ ғасырға дейін жалғасқан.



  №2 сұрақ Аэропорттар тұралы жалпы ұғымдар мен оның құрамы.

2.1 АЭРОПОРТТАР

1. Әуе бағыты – воздушная линия;

2. Әуе трассасы - воздушная трасса;

3. Әуе бағытындағы жер беттік трассасы - наземная трасса воздушной линии.

4. Тұрғын аймақ – жилая зона.

5. Қызметтік-техникалық аймақ – служебно-техническая территория.

6. Класстан тыс аэропорттар– внеклассные аэропорты.

7. Классқа жатпайтын аэропорттар– неклассифицируемые аэропорты.

- ӘУЕ БАҒЫТЫ/
воздушная линия/ деген, ол ел мекендері арасындағы көліктік үшақпен үнемі орындалатын тұрақты маршруттар.

- ӘУЕ ТРАССАСЫ/воздушная расса/ деген,ол көліктік ұшақтын жолы.

- ӘУЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖЕР БЕТТІК ТРАССАСЫ /наземная трасса воздушной линии/ деген, ол әуе трассасасының жер беттік проекциясы. Ауа әсеріне байланысты әуе бағытындағы жер беттік трассасын әуе трассасынан екі жақ жанына қарай 15-30 км өзгертіге /кеңейтуге/ болады.

Маңыздылығы бойынша ӘУЕ БАҒЫТТАРЫН бөледі:

– халықаралық;/шетелдерді байланыстыру/

– магистралдық;/астана мен облыс орталықтары/

– жергілікті.

Көліктік авиацияда орындалатын ұшу жұмыстарын үйымдастыруға әуе жолдарында арнайы құрал аспаптарын орнату қажет етеді, оның негізі АЭРОПОРТ.

АЭРОПОРТ деген, ол жолаушыларды, жүктерді, поштаны үнемі қабылдау мен аттандырып, үшу жұмыстарын үйымдастырумен үшақтарды пайдалану қызметімен айналысатын авиакөліктік мекеме.

АЭРОПОРТ құрамына кіреді:

1. АЭРОДРОМ;

2. ҚЫЗМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ аймақ.

Аэропорттың сыртында - тұрғын аймақ, радионавигация объектілері, ағаштар, үшу басқармасы және басқа қызмет көрсету ғимарттары.

(1 сурет).



1 сурет. Аэропорттың сұлбасы: 1 – аэропорт аймағының шекарасы; 2 – аэродром; 3 – үшу жолағы; 4 – қызметтік-техникалық аймақ; 5 – тұрғын аймақ

Аэродромның негізгі мақсаты болып – қауыпсыз үшақты үшыру, қондыру, бұрылту және әуе көліктерін сақтап оларға қызмет көрсету алынады.

Қызметтік-техникалық аймақ /ҚТА/ - жолаушыларды, жүктерді және пошта тасымалдауларына қызмет көрсету мен әуе көліктеріне техникалық қызмет көрсетуіне арналған үймереттер мен ғимараттарды орналастыру үшін қажет.

3 сұрақ Аэропорттардың жіктемесі.

Маңыздылығы бойынша АЭРОПОРТТАРДЫ бөледі:

  • халықаралық;

  • республикалық;

  • жергілікті.

Жолаушыларды тасымалдау жылдық көлеміне байланысты АЭРОПОРТТАРДЫ келесі 5 классқа бөледі: (1 кестесі).
1. кестесі Аэропорттардың жіктемесі.

Аэропорттың классы

Жолаушыларды тасымалдау жылдық көлемі, мың. адам.

I

4000-7000

II

2000-4000

III

600-2000

IV

150-600

V

25-150


Тасымалдау көлемі 7 млн. адам астам Аэропорттарды КЛАССТАН ТЫС деп атап жеке жоба бойынша орындайды, ал көлемі 25 мың адам. төмен болса ол аэропортты КЛАССҚА ЖАТПАЙТЫН деп оларды пайдаланудың жергілікті талаптарына және құрылыс мүмкіндіктеріне сай қылып жобалайды.