ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
Ел болып қарсы алайық (шашу шашады)2-жүргізуші Қыдыр ата Наурыз әже ортаға жай,асыңыздар.1-жүргізушіАна жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан? Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша бала келе жатырӘуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.Алдар:- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!Қожанасыр:- Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!Тазша бала:- Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер.Алдар көсе:- Әй, ағайын, ағайын!Той деп жар салайын,Наурыз тойға келіңдер,Мен де бірге барайын!Қожанасыр:- Ағайын тойға келіңдер,Мерекені көріңдер.Қоян жылы келді еліме,Той көрімдік беріңдер!Тазша бала:- Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?Алдар көсе:- Биыл қоян жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?Қожанасыр:- Тотыша тақылдаған мұның кім?Алдар көсе:- Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.Қожанасыр:- Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.- Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ - береке әкелсін!Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?Ассалаумағалейкум, халқым менің,Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.Мереке басы болсын берекенің,Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!Туа сала атандым Қожанасыр,Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.Наурыз тойы мектепте болады деп,Көк есекті желдірттім мен жетектеп.Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?Досымын адал жандардың.Жақсыларға серік боп,Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)2-жүргізуші :
Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, халықтан сұрап көрейікші. (Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.
Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»
деп аталатын дәм дайындалып таратылады.
Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
1-жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
2-жүргізуші
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!
ән
1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп
2-жүргізуші:
Сахналық көрініс. Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.
Шығайбай: - Алла-ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт? Шығайбайға ас беріп жатыр дей ме екен? Шығайбайдың малын шашпақ қой, ойлары. Тағы да демеуші бол, көмектес деуден тайынбас. Кетейін, көрінбей көздеріне.
Алдар көсе: Оу, Шәке қайда бара жатырсыз, қайдан келе жатырсыз?(- деп төс қағыстырмақ болады.) Оу, оу Шәке қайда бара жатырсыз жылыстап. Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі. Көппен бірге болмайсыз ба?Шығайбай: Бұл, Алдар пәле, қайдан тап болды екен - а. Алдаржан, шеттен әкелген тауарларым бар еді, өтпей жатқаны. Шай-пай, бұл-пұл дегендей. Сонда бармасам болмас. Он табын жылқының құны еді.Алдар көсе: Бүгінгі мерекенің құрметіне тауар 50 % - ға арзанға, сатылсын деген жарлық болғанын естіп пе едіңіз?Шығайбай: Тек, оның бетін аулақ қылсын, құдайым – ай! Бір пәлеге кіріп кетпей тұрғанда жөніме кетейін.(деп ақырын жылыстап шығып кетеді)Алдар көсе: Оу, Шәке елмен бірге болыңыз Шәке!(жүгіріп кетеді)1-жүргізуші: Уа жараңдар, жараңдар! Көңілің бар алаңдар Ата менен анаң бар Үлкен кіші ағаң бар Наурыз тойын тойлаймыз Бәрің бері қараңдар!2-жүргізуші: Бермен жақын тұрыңдар, Сөзіме көңіл бұрыңдар. Жауқазындай Наурыздың Жарапазан жыры бар.Жарапазан айтатын Бекзат, Амангелді келеді. Бекзат: Айтамыз жарапазан отбасына, Тілейміз денсаулықты бас – басыңа. Тілесек денсаулықты бас – басыңа, Амандық келер әр күн отбасыңа.Айтамыз жарапазан ауылыңа, Береке, бірлік берсін қауымыңа. Береке, бірлік берсе қауымыңа, Бас имес кімдер келіп ауылыңаАмангелді:Айтамыз жарапазан еліңізге, Байлаңыз жақсы орамал белімізге. Байласаң жақсы орамал белімізге, Кетеміз мақтай - мақтай елімізге. Айтқанмен жарапазан тоямыз ба? Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба? Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?1-оқушы: Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылғанШырағым болып алдымнан бүгін жағылған.Бабамның үні ақ бата беріп жеткізгенӘр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.2-оқушы: Қыс өтіп, қар еріп,Құлпыра көктем жетіпШаруаның кенелгенМейрамы ежелденҚұтты болсын, бұл Наурыз!3-оқушы: Көктем тойы – әнніміз,
Көркем өнер сәнімізӨлең-әнмен той сәнінӨрнектейміз бәріміз.Жарқыраған жас нұрлы,Жаса, наурыз, дәстүрлі.1-жүргізуші:Аспанымда ақша бұлттар аунайды,Наурыз тойы көңілімді баурайды.Тебіренген табиғат та мәз мейрам,Аңқылдаған қазағымнан аумайды.Ойын: қыздар және ұлдар арасында қол күрес1-жүргізуші.Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!Асып-тасысын байлығымыз, кенімізЕл сүйсініп дәулетіне елімнің,Малға толып жатсын барқыт беліміз!2-жүргізуші:Тойла бүгін тауларым мен боз далам,Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.Мереке боп келген бүгін Наурызым!Береке бол ешқашанда тозбаған! Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!