Файл: азастан Республикасыны Сыбайлас жеморлыа арсы ісимыл агенттігіні (Сыбайлас жеморлыа арсы ызмет) Превенция ызметіні басшысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Превенция қызметінің басшысы

С. Қ. Ахметжанов

________________________

«__»_________________2022ж.





БЕКІТЕМІН

М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығының басшысы

Д. Н. Смағұлов

____________________ «___»_______________2022 ж.



Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар

мен жобалар конкурсының

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережемен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі, қатысушыларға қойылатын талаптар, жұмыстарды бағалау көрсеткіштері, конкурсты өткізу мерзімдері айқындалады және барлық конкурстық іс-шаралар аяқталғанға дейін қолданылады.

1.2. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығы (бұдан әрі – СЖҚЗО), ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.
2. Конкурстың міндеттері
2.1. Қазақстан Республикасында іске асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау;

2.2. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне назар аудару;

2.3. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру;

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерін әзірлеу.
3. Конкурс өткізу мерзімдері
3.1. Конкурс 2022 жылы 9 желтоқсаннан 2023 жылы 26 ақпанға дейін өткізіледі. Жұмыстар 2023 жылы 26 ақпанда сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

4. Конкурсқа қатысушылар
4.1. Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары қатыса алады. Жұмыс жеке де, сондай-ақ ұжымдық болуы мүмкін.
5. Конкурс шарттары
5.1. Конкурсқа Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстарды қамтитын мәтіндік құжат, таныстырылым, бейнеролик, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар және т.б. түріндегі идеялар мен жобалар ұсынылады (кез келген салада).

5.2. Жоба бюрократияны азайтуға, автоматтандыруды арттыруға және мемлекеттік басқарудағы рәсімдерді оңайлатуға бағытталуы мүмкін.

5.3. Жобаға қойылатын талаптар:

- форматы - ерікті;

- жоба проблеманың сипаттамасын және ұсынылған шешімді қамтуға тиіс;

- дереккөзге міндетті түрде сілтеме жасай отырып, халықаралық тәжірибені пайдалануға болады;

- бір қатысушы үшін жобалар саны – 3-тен көп емес.

- ұсынылған конкурстық жұмыстарда жалған мәліметтерді пайдалануға тыйым салынады.

5.2. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеге қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес беріледі.

Өтінімге қоса:

а) автордың конкурстық жұмысының мазмұны, тегі, аты, әкесінің аты, оқу орны және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттауы ұсынылады;

б) конкурстық жұмыс электрондық поштаға тіркеледі. Конкурстық комиссия жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстың өтінімін қабылдаудан бас тартуға құқылы.

5.3. Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды және рецензияланбайды.

5.4. Материалдар info@adildik.kz.электрондық мекенжайына жіберіледі.
6. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері
6.1. Жобаның конкурс тақырыбына сәйкестігі.

6.2. Мәселенің өзектілігі.

6.3. Заманауи технологиялардың жаңалығы және пайдаланылуы.

6.4. Нақты және негізделген авторлық ұстаным.

6.5. Идеяның өзіндік ерекшелігі, оны іске асыру мүмкіндігі.
7. Авторлық құқықтар
7.1. Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты конкурсқа жіберген автор (қатысушылар ұжымы) жауапты болады.

7.2. Жұмысты конкурсқа жібере отырып, автор (қатысушылар ұжымы) конкурсты ұйымдастырушыларға бағытталған материалды (интернет желісінде, телебағдарламаларда және т.б. орналастыру) пайдалануға құқық береді.

7.3. Конкурсқа қатысушылар өздерінің дербес деректерін: тегін, атын, әкесінің атын, туған

жылы мен орнын, пошталық мекенжайын, абоненттік нөмірін, электрондық пошта мекенжайларын жібере отырып, конкурсқа қатысушы хабарлаған дербес деректерді өңдеуге өз келісімін береді.
8. Конкурс қорытындысын шығару
8.1. Ең үздік идеяның немесе жобаның авторы жеңімпаз болып табылады.

8.2. Конкурс өткізу үшін Комиссия төрағасы мен мүшелерінен тұратын конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

8.3. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды қарау нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарын айқындайды.

8.4. Жеңімпаздарды айқындау көрсетілген критерийлер бойынша комиссия мүшелері қойған 1-ден 10-ға дейінгі баллдардың жалпы саны негізінде жүргізіледі.

8.5. Ең көп балл жинаған конкурстық жұмыс жеңімпаз деп танылады.

8.6. Комиссияның шешімі отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 50 пайызы қатысқан жағдайда, заңды болады.

8.7. Ұпайлар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

8.8. Комиссия шешімі дауыс беруге қатысқан Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

8.9. Үздік үш жобаның (идеяның) авторлары алғыс хаттармен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.

8.10. Үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пилоттық жоба ретінде енгізу үшін, тиісті мемлекеттік органдарға немесе басқа ұйымдарға жібереді. Жобаны одан әрі іске асыру авторлардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.

1 - Қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар конкурсына қатысуға өтінім


Оқу орны

Қатысушының

Т. А. Ә.

Байланыс деректері

Материалға сілтеме