ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: | Туризм – ел дамуының кепілі | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау. Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу. | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | «Туризм - ел дамуының кепілі» тақырыбы мәтінінің мазмұнын түсініп ,мәтіндегі ойды анықтай алады жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жаза алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Бағалау түрлері | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы |
«Құпия зат» әдісі. Оқушыларға сурет көрсетіледі. Олар оның не екенін жəне сабақпен қалай байланысқанын анықтайды | Кері байланыс | | |||||||||||
Сабақтың ортасы | Білу Тыңдалым. Мәтінді тақтадан екі қайтара оқып шығамын. 1 - тапсырма. Мәтіннен астарлы ойды анықтайды. ЖЖ.ТЖ «ПОПС» формуласының құрылымы: 1.Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...» 2.Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» 3.Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен , мысалдармен дәлелдей аламын...» 4. Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай ой түйдім...»
Қолдану. 2- тапсырма.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді жан – жақты КӘМҚ (SWOT) талдауына салып жасайды. ЖЖ.ТЖ
3 тапсырма. Мақала, тезис, аннотация құрастырып жазады. Тапсырма 1 топ «Туризм – ел дамуының кепілі» тақырыбында мақала жазады. 2 топ Мәтін бойынша тезис құрастырады 3 топ Мәтін бойынша аннотация жазады | Сұрақ – жауап арқылы кері байланыс «Жарайсың!» Топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен Топтық бағалау (әр топ бір – бірін дескриптор арқылы бағалайды) | https://turkystan.kz/article/37341-turizm-memleket-tanymaldyly-yny-kepili Интербелсенді тақта Флипчарт, маркерлер, тірек -сызба | |||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. Тамаша идеялар Сіз үшін жаңа 3 нәрсені жазыңыз Сізде мағынасына күмән туған 4 сөзді жазыңыз Назарыңызды аудартқан 1 нәрсені жазыңыз | Әр оқушы сабаққа байланысты кері байланыс ұсынады | Үлестірме парақтар | |||||||||||
|
Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында елімізде «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды. Аталмыш компанияның алғашқы міндеті – еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау болса, екіншісі – осы салаға инвестиция тарту. «Қазіргі кезде көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстанның туристік саласына инвестиция салуға мүдделі. Себебі Қазақстанның табиғи ландшафты ерекше және ең бастысы – бізде қауіпсіз және халықаралық тәжірибе бар. Барлық белді мемлекеттерде туристік компаниялар бар», – деді жаңа компания туралы ақпарат берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. «Қазақ туризм» компаниясы алдағы уақытта еліміздегі өңірлердің ерекшелігін ескеріп, аймақтық имидж қалыптастыру және маркетинг жұмыстарын жүргізу ісін қолға алады. Сондай-ақ, қай облыста қандай демалыс түрлері ұйымдастырылатынын және қандай туристік бағыт болатынын белгілеумен айналыспақ.
Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға тырысуда. Маусым айында басталған халықаралық ЭКСПО көрмесі осы міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлесін тигізетіні сөзсіз. Халықаралық көрмені бір айдың ішінде ел азаматтарымен бірге шетелдік турист, еріктілерді қосқанда 5 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген.