ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 90
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Елбасы Н.Назарбаевтың
қанатты сөздерінен...
1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.
4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.
5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.
6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.
7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.
8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.
9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
10. Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн.
11. Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
12. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.
Елім деп туған – ерлер бар
(Мақал – мәтелдер)
Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас.
Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.
Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны.
Ел шетіне жау келсе,
Арыстандай айбарлы батырлардың бары игі.
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен.
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін арпалыс, өлмейсің.
Отансыз ұл – ормансыз бұлбұл.
Ел даусыз болмас,
Ер жаусыз болмас.
Ер жігіт өзі үшін туады,
Елі үшін өледі.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Ердің туы – намыс.
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Шын ер жеңсе – тасымас,
Жеңілсе – жасымас.
Батылдықты айт, ерлікті айт,
Батырлықты айт, бірлікті айт.
ӘН-ЖЫР ШАШУ
Сарбаздар жыры
Сөзі: Абдрахман Асылбековтікі
Әні: Сүгірәлі Сапарәліұлынікі
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат – күші құрыш мығым.
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз, сенімменен.
Жол бермейміз ұрысқа түк,
Елге аян айбынымыз.
Дұрыс шығар, дұрыс батып,
Бір тұрғанда ай-күніміз.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз.
Мен қазақтың ұланымын
Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар
Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
А.Өтелова
Отанымның ұлымын
Бұл – гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны!
Бірін–бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл – ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін –
Отанымның ұлымын!
Әдібай Табылды
Қазақстандық патриотизм
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Қазыбек би
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер,
Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.
Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде “қазақстандық патриотизмді” қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.
Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.
Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес.
Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді.
Міне, осы сөздің өзі – тұлабойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.
Патриоттық тәрбие және
Бауыржан Момышұлы
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жарасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И.Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарып, неміс-фашист басқыншыларына соққы беріп, батальонды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты.
Ата мекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл бомасын, -
деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.
Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы “Волокаламск тас жолы” атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды.
Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біраз терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталайық!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.
Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.
Табандылық – батырлардың қалқаны.
Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.
Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы: “Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр”. Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерлік бірлікте емес, жүректе”, “Отанда опасызға орын жоқ”, “Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық” деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.
Тіпті Бауыржан ағамыз туған ауылына келіп, ауыл адамдарының ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін көріп, ызаланады. Дастарханға ас қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата– тілекті жаңаша жаңғыртып, “Я, құдай, дозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта, адамды қадірлемес есерден сақта, нанды басқан есерден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, қайырымсыз жекжаттан