ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Емтиханға дайындық
А мәтіні
Ұлттық қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.
В мәтіні
Қауіпсіздік мəселесі мемлекеттің өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Ол халықаралық саясаттың кез келген мəселесімен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта əр елдің даму барысында халықаралық саясаттың қауіпсіздік саласындағы көптеген өзекті мəселелері алдыңғы орынға шығуда. Мəселен, лаңкестік, діни экстремизм, ымырасыз сепаратизм секілді қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Сонымен бірге заңсыз есірткі жəне қару-жарақ саудасы, заңсыз көші-қон, адам саудасы жəне ұйымдасқан қылмыс та ұлттық қауіпсіздіктің басты мəселелеріне айналды. Соңғы кездердегі қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттерді бірлесе қарсы тұруға итермелейді. Осыған орай, ортақ мəселелерді шешу жолындағы интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне əлемдік қоғамдастықтың ісəрекетін үйлестіру мақсатында мемлекеттер өздеріне ерікті түрде міндеттемелер алып, өздерінің кейбір қызметтері мен өкілеттіктерін ұлттық биліктен жоғары деңгейде əрекет жасайтын халықаралық ұйымдарға беруі заман талабына сай келеді.
Əр елдің өз дамуына негізделген ұлттық саясаты айқындалады. Ұлттық саясаттың басты ұстанымы – ұлттық құндылықтар негiзiнде əр ел өзiнiң экономикалық, саяси, рухани тəуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жəне аумақтың бiртұтастығын мəңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының əлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға негіздейді. Сондай елдердің қатарына Қазақстан Республикасы да ұмтылуда.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық алаңда тұрақтылықтың негізін қалаушы елдердің бірі десе болады. Ол халықаралық қатынас- тар жүйесінде өзекті əлемдік жəне аймақтық мəселелерді шешуге, жаңа əлемдік тəртіпті құру ісіне белсенді түрде араласуда. Өзімен іргелес жатқан елдермен шекара мəселелерін толыққанды айқындаудың негізінде оны халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес жəне əлемнің жетекші елдерімен достық жəне өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын орнатты. Соңғы кездегі мəлімет бойынша Қазақстан Республикасы 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтты
С мәтіні
Жеке адамның ,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған.Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды.Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша – нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың , дамуын бұзды.Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады. Ақша мен меншік адам баласының нарықтық капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп,оның жекелігі тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді.Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүйей бастады.
Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса ,оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепіл берілмейді. Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты.Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді. Ендігі жеде қауіпсіздік әскери фактор:әскер сан мен оның үйретілу дәрежесі ,қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді.XIX ғасырдағы және XX ғасырдың алғашқы жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамады Экономика әскери машинаның “отынына” айналды,табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі ретінде қарастырылды,адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды.
Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле.
1. Адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзіндік тарихы бар ........
2. Халықаралық деңгейдегі әртүрлі мәселелер мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.........
3. Ұлттық қауіпсіздік байланысының өзіндік деңгейлері бар ............
4. Ұлттық саясат әр елдің дамуына негізделеді ...................................
5. Соңғы кездердегі жағдайлар мемлекеттерді бірлесуге итермелейді..........
6. Табиғи орта тек стратегиялық ресурстар көзі................................
7. Қауіпсіздік ұғымы тарихқа байланысты ауысып отырады..................
8. Ел тәуелсіздігін сақтау ұлттық саясаттың басты ұстанымы...........
9. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы ................
10. Ғылым мен технологияларға арқа сүйеуі өз қауіпсіздігінің шарты ............
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200* сөзден тұратын жауап жазыңыз.
Қалай ойлайсың бақуатты, мәңгілік ел болу үшін не керек?
[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]