Файл: Жиынты баалауа арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 98

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Математика 6-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Рационал сандар және оларға амалдар қолдану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11

«Рационал сандарға амалдар қолдану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11

«Алгебрлық өрнектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 14

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20

«Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 23

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 26

«Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 26

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29

«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 33

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Масштаб

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

Оқу мақсаты

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану

6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару

6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бөлу

6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану

6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану.

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады

  • Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады

  • Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады

  • Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады

Ойлау дағдыларыңың деңгейі

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. 3,6 : 8,1 8 :18 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз.

[2]

  1. Күн ыстықта 6 шалғышы кішірек торсықтағы қымызды 1,5 сағатта ішіп бітірді. Осындай мөлшердегі қымызды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді?

[3]

  1. Арба дөңгелегінің радиусы 0,5м болса, осы дөңгелек 20 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.



[3]

  1. Жер бетіндегі 540 км арақашықтық картада 3,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз.

[4]


Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады.

1

екі пропорция құрастырады

1

төрт пропорция құрастырады

1

Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады.


2

шамалардың тәуелділігін ажыратады

1

шарты бойынша пропорция құрады

1

шартқа сәйкес есептің жауабын

табады

1

Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады.


3

шеңбер ұзындығының формуласын

қолданады

1

дөңгелектің ұзындығын табады

1

арақашықты табады

1

Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады.


4

пропорция құрады

1

басқа өлшем бірлігіне ауысады

1

арақашықтықты табады

1

масштабты табады

1

Жалпы балл:

12


«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикалар
Білім алушының аты-жөні:


Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады.

Пропорцияның негізгі қасиетін қолдануда қиналады.

Пропорцияның негізгі қасиетін қолдануда қателіктер жібереді.

Пропорцияның негізгі қасиетін дұрыс қолданады.

Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады.

Шамалары тура және кері пропорционалды қпен байланысты есептерді шығару барысында

қиналады.

Шарты бойынша пропорция құрады, пропорцияның белгісіз мүшесін табу есептеулерінде қателіктер жібереді.

Шамалары тура

және кері

пропорционалдық- пен байланысты есептерді дұрыс шығарады.

Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады.

Шеңбер ұзындығының формуласын қолдануда қиналады.

Шеңбер ұзындығының формуласын қолданады, өрнекті құрады, есептеулерде қателіктер жібереді.

Есеп шығаруда шеңбер ұзындығының формуласын дұрыс қолданады.

Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады.

Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табу барысында

қиналады.

Арақашықтықты табуда / масштабты анықтауда

қателіктер жібереді.

Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты дұрыс табады.


«Рационал сандар және оларға амалдар қолдану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар

Бүтін сандар. Рационал сандар Санның модулі

Рационал сандарды салыстыру

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу

Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы

Оқу мақсаты

6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу

6.1.1.4 координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу

6.1.1.9 санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу

        1. таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау

        2. рационал сандарды азайтуды орындау

6.1.2.24 координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Сандардың берілген жиында жататынын анықтап, Эйлер- Венн диаграммасында кескіндейді

  • Координаталық түзуде нүктелерді салады

  • Рационал сандарды қосады және азайтады

  • Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады

Ойлау дағдыларыңың деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

1. -26; 1; 0; –10; –1,7; 3; 5,4; –612; -3,1; 2,93; –11; 8 ; -1 сандардың қай жиындарда

5 2

жататынын анықтап, осы сандарды сызбаның ішіне орналастырыңыз:



[3]