Файл: ЭссеНеліктен мен фельдшер болым келеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Эссе”Неліктен мен фельдшер болғым келеді?
Орындаған:Аманбай Айша

105топ-Емдеу ісі

Жетекшісі:Кудабаева Назгүл Шарипқызы

Медицина-бұл барлық өнердің ішіндегі

ең асылы

Гиппократ
Болашақ мамандықты таңдау-біздің өмір жолымыздағы ең маңызды шешімдердің бірі. Бірақ өзіңізге ұнайтын, адамның мінезіне және оның ұмтылысына сәйкес келетін жәнеде рахат әкелетін мамандықты таңдау өте қиын.

Мен әрқашан бала күнімде қоғамға үлес қоса алатын және мұқтаж адамдарға көмектесетін мамандықты таңдағым келді.Өйткені сондай мұқтаж адамдарды емдеп,олардың рахметін алу мен үшін қайырымды да,үлкен іс болатын.Жәнеде мен бала кезімде әжем ақ халатты абзал жан болғанымды қалайтын.Әжемнің ойынша бұндай мамандықтар өте ұқыпты,таза,нағыз қыз балаларына арналған мамандық болатын.Осы үшін де әжемнің арманын орындайын депте шештім.Бұл үшін қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуде тынымсыз жұмыс істейтін фельдшер болудан артық не болуы мүмкін деген ойға келдім.Мен дәл қазір осы ойымды жүзеге асыру үстіндемін.Яғни мен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің “Емдеу ісі”мамандығы бойынша 1курс студентімін.

Фельдшер-бұл пациенттерге озық жедел медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өткен адамдар.Бұл мамандыққа кірген кезде адам теориялық білімді клиникалық және далалық жағдайларға қолдануды үйренуі керек.Жәнеде өзін-өзі жетілдіріп,үнемі ізденіс үстінде болуы керек.Өйткені бұл мамандық оңай емес,алғашқы диагнозды қоя білу емнің оң нәтижесіне әсер етеді.Ал диагнозды дұрыс қоя алмасаң,бір адамның алтындай өмірінен айырылуына себеп болуы мүмкін.Тағы да бұл жұмыстың қиындығы әртүрлі клиникалық сценарийлерді өзі көзімізбен көруіміз.Ол жеңіл немесе ауыр сценарий болуыда мүмкін.Осы қиындықтарға,сынақтарға төтеп беру үлкен ерлікті талап етеді. Жәнеде бізге әрбір сынақ қандай да бір сабақ береді. Клиникалық көмек көрсетуден басқа, фельдшерлер тиімді ұйымдастырушылар мен кеңесшілер ретінде әрекет етуі керек. Фельдшерлер көбінесе төтенше жағдайларды бақылау мен басқаруға сүйенеді, бұл жауапкершілік пен күрделі міндеттер мені фельдшер болуға итермеледі.Бұл мамандықтың негізі клиникалық сценарийлерді бағалау,тез шешім қабылдау,орындау және пациенттерге күтім жасау болып табылады.


Осының бәрін қортындылай келе мен өз мамандығымды да,оқу орнымды да таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін.Өйткені түсінгенім біз өзімізге ұнайтын мамандықты таңдап ғана емес, сонымен қатар сізден тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар жақсы адам тәрбиелейтін оқу орнын таңдау маңызды екенін түсінемін!Осы оқу орнымды бітіргеннен кейін мен жедел жәрдеммен жұмыс істегім және өз өмірімді адамдарға қызмет етуге арнағым келеді. Жәнеде кішкене өлең шумақтарын арнап жіберсем:
Ақ халатты абзал жан,

Жаны ашыған науқасқа

Күні мен түні тезірек,

Асығамыз науқасқа

Дендері сау болсын деп

Барамыз біз алысқа.