Файл: Маргарет Хильда Тэтчер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Маргарет Хильда Тэтчер
Маргарет Хильда Тэтчер (1925-2013) - 1979-1990 жж Ұлытбритания премьер-министрі. Осы қызметті атқарған бірден-бір әйел адам, сонымен қатар еуропа мемлекетіндегі алғашқы премьер-министр болып тағайындалған әйел кісі. «Тэт-черизм» атауына ие болған, экономика саласын сауықтандыру бойынша қатаң экономикалық шаралардың авторы. Өз саясатын табандылықпен жүргізді және кеңес басшылығы тарапынан үнемі сынға алынып отыратын, соңын салдарынан «Темір ханым» лақап атына ие болды. 

М.Тэтчердің көшбасшылық қасиетін сипаттайтын басқару стилі авторитарлы басқаруға жақын келеді. Ол - типті бизнес-ханым: ақылды, қисынды, сезімге берілмейтін, сонымен қатар белгілі бір мәселеге әйел адам тұрғысынан қарай алатын тұлға. Фолкленд соғысындағы оның көрсеткен табандылығы - оның өз-өзіне сенімді саясаткер екендігін, ал әрбір қайтыс болған солдаттың жанұясына жазған хаты - оның аналық мейірімділігін көрсетеді. ИРА-мен болған шиеленіс, адамдардың құрбандығы, премьердің өзіне және күйеуіне төнген қауіп, СССР-мен болған қиын қарым-қатынас- осының барлығы, М.Тэтчердің басынан өткізген қиындықтарының жартысына да жетпейді. Мұның барлығына қалайша төтеп бергендігін тарих өзі пайымдай жатар. Бір ғана мәселе қызық - яғни, темір ханым өмір бойы ешқандай кемсітушіліктің жоқтығын көрсете отырып, феминизмге немқұрайлы қарады. Демек, оның ойынша кез-келген нәрсеге қол жеткізу үшін басқаларынан мықты болудың өзі жеткілікті. 

Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келдi. Aқылды және сабырлы қызға әкесiнiң табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд университeтiнe түсуге жеттi. Оны «Органикалық химия» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бiтiргеннен кейiн Маргарет бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында icтeді.

Алайда заң iлiмiне деген зор құштарлық өз дегенiн icтетiп, ол көңiлi хош көрген заң курстарында дәрiс алды.

Маргарет адвокат атағына емтиханды үздiк тапсырып, адвокаттық кәсіппен шұғылдана бастады. Ол белсендi өмiрлiк ұстанымы, ойын кернеген күш-жiгерi мен iскерлiк құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке сайланды. Ол сол уақытта күйеуге шыққандығына және егiз балалы (ұл мен қыз) болғандығына қарамастан отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттiк iстерден қол үзген жоқ.

1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды.


Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады. Ол бiрден салықты төмендетiп, үкiмeттiң кәсiпкерлерге бақылауын әлсiреттi. Ол үшiн әрбір британдықта жеке үйiнiң, меншiктің кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса маңызды еді.

«Меншiккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды.

Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті, шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді.

Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi.

Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британдық нұсқасы түсіндіріледі, оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады.

Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың өмiрдегi мәрелiк жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде де, ақыл-ой қабiлетiн көрсетуде де бipдей емес. Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкiндiгi жоғары) Тэтчер саясатындағы негiзгi сәт — оның «әрбiр адамның маңызы бiрдей» деп санауы.

Сыртқы және iшкi саясаттағы Тэтчердiң қатаңдығы оны «айбынды ару» атандырды.


1990 жылдың аяғында оның танымалдығы төмендей бастады. Оны маңызды мәселелерді шешуде шектен тыс «өзiм бiлемдiкке» салынды деп айыптай бастады. Ол қайтадан консервативтiк партия басшысы болып сайланбады және қызметiнен кетiп, орнын Джон Мейджорға босатып бердi.

Осы бiр дaңқты әйелдің жазған естелiгінің алғашқы басылымы миллиондаған данамен таралды. Маргарет Тэтчер тасы өрге домалаған бизнесменнiң әйелi, екі баланың анасы, Ұлыбритания Корольдiк Қоғамының мүшесi, Соммервилл колледжiнiң Құpмeттi профессоры, Корольдiк химия институтының Құрметтi профессоры.
Қолданған әдебиеттер:

  1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%8D%D1%82%D1%87%D0%B5%D1%80,_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%B5%D1%82

  2. http://www.kaznpu.kz/kz/1516/page/