Файл: Пн аза тілі Т2 Блім Дені сауды жаны сау Кні 11. 05.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| ||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 8. Дені саудың – жаны сау | |||||
Күні : 11.05. | Педагогтің аты-жөні: Тогусбаева Г.А. | |||||
Сынып: 1 В | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | |||||
Сабақтың тақырыбы: «Кел, қайталайық!» | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну; 1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау; 1.4.3.1* жай сөйлемнің тыныс белгілерін мұғалімнің қолдауымен қолдану. | |||||
Сабақтың мақсаты : | Барлық оқушылар: 8-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады. Оқушылардың басым бөлігі: 8-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады. Кейбір оқушылар: 8-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс | ||
Сабақтың басы (5 минут) | Оқушыларды «шаттық шеңберіне»тұрғызып, сәлемдеседі. Жоқ оқушыларды түгендейді. Сабаққа дайындығын тексеру. «Көбелек» ойыны | Оқушылар шеңберге тұрып,айтады Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды | Қолпаштау | Слайд | ||
Сабақтың ортасы (6-32 минут) | Оқушылардың назарын оқулықтағы материалға аударады. Оқулықта осы бөлімде өткен тақырыптарға байланысты 8 сурет берілген. Мұғалім оқушылармен әр сурет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушыларға әр сурет бойынша берілген диалогтің толық нұсқасын аудиодиск арқылы тыңдатады, сұрақ жауапты әр сурет бойынша хормен, жеке-жеке қайталатады. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтқызады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімдері арта түседі. Суреттермен жұмысты «Қызықты суреттер» әдісі бойынша топтық жұмыс ретінде түрлендіре алады. Ол үшін сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді. Мұғалім оқушылардың сұрақжауаптарын тыңдап, қажет болса көмектеседі. | Аудиодиск бойынша сөйлесу үлгілерін тыңдайды. Содан кейін оқулық бойынша өздері толықтырып айтуға тырысады. 1. Мынау қай қол? (Мұғалім оқушының оң немесе сол қолын нұсқап көрсетеді.) 2. Оң қолыңда неше саусақ бар? Сен не істейсің? Сен қолыңды жудың ба? Сен тісіңді тазаладың ба? Сен қайда барасың? Сен спортзалда не істейсің? дене мүшелерін атай алу (бас, қол, аяқ, саусақ);
жуу, тазалау етістіктерін өткен шақта қолдана алу (жудым, тазаладым) дағдыларының қалыптасады. Келесі жұмыс түрі – жұптық жұмыс. Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады. | «Бас бармақ» Дескриптор Қайталауға арналған тапсырмаларды орындайды «Бас бармақ» | Слайд Слайд Оқулық 136 бет Слайд Оқулық 137 бет | ||
| Сергіту сәті Буратино тұрды, Буратино созылды, Буратино секірді, Буратино жүгірді. | | ||||
| 5. Жазылым. | Жазу дәптері №2 | ||||
Сабақтың соңы | «Дұрыс-бұрыс» ойыны | Слайд | ||||
| Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі Қызыл- мүлдем түсінбедім Сары- жартылай түсіндім Жасыл-толық түсінікті | Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді | |