Файл: Білім адамны санасында берілген, зіні ызметінде шынайы дниені зады байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шынды. Техника.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің
заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық.
Техника (грек., "технэ"өнер, шеберлік, ептілік) кең мағыналы адам қызметінің кез келген саласындағы ерекше техникалық үрдіс түрі.
Технология дегеніміз – кез-келген іс-әрекетте қолданатын әр түрлі әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Жаңа технология жетістіктері.
Бүгін 21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда.
Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.
Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.
ЕлбасыН. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз ел қатарына қосылуы бойынша нақты міндеттерді айқындап берді.
Елбасы айтып өткендей: «Ғылымға негізделген экономиканың құрылуы – ең алдымен, қазақстандық ғылым әлеуетінің жоғарылауы».
Республикадағы ғылыми саланың дамуында соңғы жылдар өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына сәйкес ғылымды басқару мен қаржыландырудың озық халықаралық тәжірибеге мейлінше бейімделген жаңа механизмдері іске қосылды.
Медициналық ғылымды басқару Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы №485 бұйрығы және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары. Отандық медициналық ғылымды дамытудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсарту және сақтаумен қамтамасыз ету, оларды негізінде озық медициналық технология және инновацияны енгіздіру.
Соңғы жылдары ғылымизерттеу және ғылыми-педагогикалық кадрлар жас шамасының динамика құрамын жас мамандар алады.
Отандық медициналық және фармацевтикалық білім жүйесінде PhD(пейджди) докторантура және магистратурада ғылыми қызметкердің жаңа формасын енгіздіре бастады
Ғылыми жұмыстың нәтижелері бойынша «Қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының «Денсаулық сақтау саласында» кіші бағдарлама бойынша 20 астам ғылыми-техникалық бағдарлама орындалды.
Басымдық бағыттар шеңберінде «Балалар денсаулығы және ұрпақты болу денсаулығын сақтау технологиясы»: - Ана мен бала ғылыми орталығы – фетоинфантты технологиямен балалар өлімі және репродуктивті төмендетуді өңдеу, сонымен қатар Урология ғылыми орталығы – Балалардың, жасөспірімдердің және ерлердің несеп-жыныс жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары ,Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы - туа біткен ақау, азқазан ішек жолы, өкпе ауруларының кең жайылу кезінде балаларға медициналық көмек көрсету технологиясы өңделген
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы – Қазақстан Республикасында ана және перинаталды аурулар мен өлімді төмендету үшін жүктілік кезінде дифференцирленген алгоритмді жасау және преэклампсия даму болжамдау маркерін және этиопатогенетикалық тетіктеріне зерттеу жүргізіліп жатыр
Сонымен қатар Басымдық бағыттар шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру»:, «Регенеративті медицина»:, «Жарақат және сырқаттан еңбекке қабілеттілігін жоғалту және мезгілсіз өлімнің алдын алу технологиясы»:, «инфекциялық әлеуметтік–маңызы бар ауруларды уақытша төмендету және алдын алу технологиясы»: