ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім

IV тарау Әлемдік діндер.

ПедагогтіңТ.А.Ә.




Сынып:9




Күні:




Сабақтың тақырыбы

Буддизм: діни ілімінің негіздері

Сабақтың мақсаты

Буддизм: діни ілімінің негіздері, тарихы, тәжірибесі және таралу аймақтары. Буддизмніңнегізгітармақтары Барлығы: Буддизм ілімі , пайда болуы, таралуы, негізгі тармақтары мен негізгі ұғымдарын біледі







Қысқа мерзімді жоспар Буддизм: діни ілімінің негіздері


Сабақтың кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Оқуының іс -әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі

«Миға шабуыл»

Суреттер туралы не айтасыздар?

Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай

болады деп ойлайсыздыр?



Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Бейне фильм «Будд изм»

Жаңа сабақ

1-Жеке жұмыс

Фильмді көру арқылы кесте толтыру

Дескриптор

1. Буддизм ілімі, пайда болуы,таралуын жазады

2.Негізгі тармақтарын жазады. 3.Қазіргі Буддизмнің ерекшеліктерін жазады

4. Буддизмнің Қазақстанға келу тарихын жазады

Будда діні туралы басты 5 мәлметті жазады Қызығушылықты ояту: Будда діні бейне фильм көрсету.

Ой толғаныс: БББ кестесі сабақ барысында орындалады


Б Б Б Жеке

жұмыс жауабын жазады








2-Жұптық жұмыс Тірек – кесте арқылы түсіндіру:




Мәтінмен жұмыс жүргізеді.Мәтін дегі негізгі мәлімметтерлі түртіп алады.

Дәптер,кесте ,А4

Сабақтың ортасы

Дескриптор Буддизм

1.Негізгі ұғымдарының мәнін ашып жазады: Буддизм,Гаутама, Карма, Нирвана, Хинаяна, Махаяна,ламаизм, дзен-буддизм

2.Буддизмнің «төрт ақиқат» туралы жазады

Қысқашы мәлмет

Ілімі: негізіне айналған «төрт ақиқат»:

1.Өмір деген – қасірет.Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, қартаюі, өлуі – бәрі қасірет.

2.Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр.Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен

3.Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады.

4.Нирванаға және құдіретті ақиқатқа «ортаңғы» немесе «сегіз түрлі» жолмен жетуге болады. Олар: 1.қасіреттің себептерін дұрыс түсіне білу;

2.дұрыс ойлай білу; 3.сөзді дұрыс құру; 4.дұрыс әрекеттер жасау; 5.салауатты өмір сүру; 6.адал еңбек ету;

7.ізгі нәрселерді ойға сақтау;

8. дене күші мен психиканы дұрыс арнаға салу.

Пайда болуы: Б.з.д ҮІ ғасырда көне Үндістанда пайда болды.Дінің негізін салушы Сидхартха Гаутама 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келгді.

Негізгі тармақтары:

Хинаяна діни ілімі мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады.

Махаяна оған қосымшалар еңгізуді, буддизмге кеңірек және

еркінірек түсіндерме беруді қолдады.

Таралуы: Хинаяна Шри-Ланкада, Тайландта, Бирмада,Лаоста, Камбоджада кең тарады.

Үндістанда, Бангладеште, Вьетнамда, Малазияда,Непалда ықпалы ілгерілерге

қарағанда солғындау болды. Махаяна Қытай , Жапония, Корея,

Непал, Бутан, ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте,

Бурятияда,Жоңғарияда. Айырмашылықтары:махаянада

Будданы құдай бейнесінде мойындайды,ал хинаянада

Будданы мұғалім деп санайды.

Топтық жұмыс Дескриптор

Сұрақтарға жауап жылдам жауап береді

Блиц – турнир ойыны. 1сұрақ.Буддизм дінінің негізін

салушы кім? Сиддхартха Гаутама.

2 сұрақ Үнді мемлекетінің негізін қалаған Маурия әулетінен шыққан патша кім?

Ашок

3 сұрақ Буддизм ілімі неше «ақиқаттан» тұрады?

Төрт

4 сұрақ Нирванаға жету жолы нешеу?

Сегіз

5 сұрақ Негізгі тармақтарын атаңдар.

Хинаяна мен махаяна.

6 сұрақ Қазақстанға буддизм қашан келді?

ІІ-ІІІ ғасырларда.

7 сұрақ Ресейге буддизм нешінші ғасырда келді?

ХҮІІ –ХҮІІІ ғ.ғ.

8 сұрақ Чан- буддизм деген не? Қытайда махаяна мен жергілігті

діндердің синтезі.

9 сұрақ Махаянаның екі бөлігі қалай аталады?

Ламаизм және дзен-буддизм. 10 сұрақ Буддизм діни

басшыларының жиналысы қалай аталады?

Сангити.

11 сұрақ Сиддхартха Гаутама қай жылы өмірге келді?

567 жылы

12 сұрақ Карма деген не? Адамның тағдыры ГРАН при сұрағы СҰРАҚ-Буддизмнің









Сабақтың соңы

Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды?

Бұл ... қиындық туғызды?

Осы ... мені ойландырды?

Б Б Б

Не білгісі

келетінін жазып

қортындылайды
Үй тапсырмасы 10 тақырып 71-75

бет

Қысқаша эссе жазып келіңіз

Тақырыбы «Будда азапты өмірдің

себебі қайғы деп түсінген . Осы

пікірмен келіссің бе?»

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады






Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні - Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, сондай-ақ Қиыр Шығыста таралған ең ерте шыққан әлемдік діндердін бірі. Ол біздің дәурімізге дейінгі V1 ғасырда Үнді жерінде пайда болған. Будда туралы аңыз. Будда теологтарының уағыздауынша, діннің негізін салушы Сиддхартха Гаутама Солтүстік Үнді еліндегі шакья тайпасы патшасының ұлы болып табылады. Алайда бұл туралы әдебиетте нақтылы деректер жоқ. Буддашылардың ұғымында әрбір ең жоғарғы қасиеттілікке жеткен жан будда бола алады, яғни көзі ашылады. Жер бетіндегі өмірінде Шакьямуни (шакья руынан шыққан тақуа) деп аталған буддалардың бірі адамдарға құтқару туралы ілімді жеткізген, оны ізбасарлары санскрит сөзімен дхарма (ілім, заң) деп атаған. Сол себепті будда термині Шакьямуни деп те ұғынылады. Аталмыш дінді зерттеушілердің пікірінше, Будданың тарихта орын алғанына шек келтіріледі. Мысалы, Рис-Рәвиус, А. Мензис Будданы мифтік бейне деп есептейді. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қолдайды. Будда дінінің пайда болуы Үнді елінің б.д.дейінгі V1 ғ.саяси-әкономикалық жағдайымен байланысты. Бұл кезде Үнді елінде таптық қоғам қалыптасып, оның қайшылықтары көріне бастаған. Оған қосымша болған елдегі касталық (қоғамдық топ) жүйе болды. Ең жоғары ката брахмандар (абыздар) қоғамдық өмірде басты орын алды. Ал олардың діні қоғамның кастағ бөлінуін жақтады. Будда дінінің шығуы, касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғандардың, брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Будда діні брахманизм дінінің көптеген әдет-ғұрыптарынан қол үзіп адамдар будда іліміне бой ұсынып құтқарыла алады деп жариялады. Сөйте тұрып брахманизм дінінің бірқатар идеяларын да ұстап қалды.

Будда дінінің уағыздары. Будда дінінің негізгі уағыздары «Трипитака» (Үш себет даналық) деп аталған кітапта баяндалған. Будда діні уағыздарының өзіндік ерекшілігі белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан жоғары тұрады. Ол құтқару мүмкіндігі бар жеке тылсым күш емес, тек қана діндарлардың көзін ашып,оларға ақиқатты танудың,сондай-ақ дұрыс жүрудің жолын көрсетеді. Будда діні де құдай идеясын жаратушы деп танымайды. Дегенмен, Веда (ежелгі үнділердің басты қасиетті кітаптары) уағыздайтын құдайларды, періштелерді, перілерді мойындап, басты құдай Брахманы да қолдайды. Будда діні өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Оның негізгі бағыттары хинаяна және махаяна болып бөлінеді.Хинаяна – «құтылудың тар жолы». Монахтар қауымына (санагха) кетіп өмірден баз сы хинаяна жолы неғұрлым көбірек таралған махаяна – «құтылудың тар жолды». Махаяна Будда дінінің бұрынғы тұйықтығынан қол үзіп, барлық діндарларға құтылудың болатындығын айтты, бұл Будда дінінің әлемдік болуына мумкіндік туғызды.



Буддизмнің пайда болуы. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер – жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан – жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартха патшасының кейпін алған.Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда құл иеленушілік қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер брахмандар мен әскери қауым болды. Брахмандар мен әскери қоғам бір – бірімен бақталастықта болды. «Монахтардың өлеңі» деген буддистердің бір діни әдебиетінде үй – жайын тастап, қайыршылық жолда жүрген, тақуа деп аталатындардың «бостандығын» жырлапты. Бұл кезде Индияда буддизмнен басқа да көптеген діндер болды. Әр жердің өз құдайы бар, әрбір істің немесе құбылыстың өз құдайы бар дегенді уағыздайды. Бұл діндердің, оның ішінде буддизмнің белгілі бір негізін қалаушы құбылыс жоқ және көпшілік кітаптарда олар жайлы түсіндіріп жазушылар болды. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, заңдары жазылған Ману, Джатак деген кітаптары пайда болды. Индияның көпшілік таптары бір – бірімен соғысып отырғанының арқасында жоғары тап қорғану жағдайын жасап, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір – бірімен бірлестікке келіп, топтаса түсті. Нәтижеде Маурья империясы орнады. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүние зерттейтін институттар, діни-философиялық ағымдар пайда бола бастады. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем дінінің бірі дәрежесіне жетті. Сонымен Индияда адамдар қоғамдық касталарға бөлінді. Брахмандар: оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар, баяндамашылар шығады. Ол ең жоғарғы каста, билік те солардың қолында.Кшатрийлер:оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғымда болды.Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару – жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі. Ваишьялар: оларды құдай санынан жаратты деген ұғымда болды, олар сондықтан да ең қиын жұмыстарды орындайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі. Шудралар: оларды құдай аяғынан жаратқан, олар түпкілікті зәнгілер (дуана пақырлар) . Олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар. Міне, осы касталардың бөлінуі де, олардың тұрмыстық орындары да діни тұжырыммен белгіленген. Тәртіптері қатаң: төменгі кастадағы адам жоғары кастадағыға үйленуіне тыйым салынады; ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуіне болады, бірақ төртінші каста – шудрадан емес; брахмандарды Құдайдың таңдаулы адамы дейді; патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды (ыдыс, киім, т.б.); брахманға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады:10 жастағы брахман 100 шудрадан артық бағаланады. Шудралар – бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адам; шудралардың бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудралардың бірі брахманды үйретемін деп әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі. Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Нирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері – веданта, ньяя философиялық мектептері, вайшешика діни мектебі болып табылады.