Файл: Таырып 10 Ерекше білім беру aжеттіліктері бaр бaлaлaрды леуметтендіру мен трбиелеуде педагог пен отбaсыны байланысы Педагог пен отбасыны бірлескен трбиелік шараларды формалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 197
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-қатынасындағы ұстанымдар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады. Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.
Ерекше тұлғаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенін атап өтуге болады:
1) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады. Бұл жағдай елімізде енді қолға алынып жатыр.
2) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады. Бұл кезде мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың объектісіне айналады, яғни олардың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүмкіндіктерін шектейді.
Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына ерекше балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Бұл балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы - ортаны ерекше баланы қабылдауға дайындау.
Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген әлеуметтік жағдайларды жеке тұлғаны қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру процесі, бұл кезде адам сол ортада, топта қабылдаған мінез-құлық ережесіне қалыптасып кетеді.
Ерекше балалардың тәрбиесі бір – біріне қарама – қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі – «шеттетілгендер», яғни ата – анасы баланы жан – жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде, баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата – аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл – күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Психологиялық шеттету баланың интелектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата – аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді, кез – келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді Өз - өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог-мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, ерекше балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдануына жағдай туатын еді.
Жас ұрпаққа үздіксіз білім мен тәрбие беруді жетілдіруқоғам алдындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені қоғам дамыған сайын, әлеуметтік сұраныста күрделенеді. Юнеско білім беру мазмұны бойынша білім мен тәрбиені әлеуметтендірудің келесі түрлерін белгілеуге болады:
- тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету;
-тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету;
-тұлғаны өзгелермен бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету;
-тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, бейімдеу, кіріктіру барысында өткізуге болатын іс-шаралар:
саяхаттар
фестивальдар
үйірмелер
концерттер
әр түрлі кездесу кештер
байқаулар
спорттық жарыстар
сайыстар
Олар әлеуметтік кіріктірудің тиімді түрлері болып саналады. Қызықты және тартымды шаралар коммуникативтік сапаларды қалыптастырып, өзін-өзі білдіру, өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану үрдістерін жеделдетуге мүмкіндік береді және әлеуметтік бейімделу үшін қолайлы жағдай жасалады.
1.Әлеуметтік ортаға кіріктіру барысында білім алуға мүмкіндіктері әртүрлі балалардың жалпы және арнайы педагогикалық жүйесінің адамгершілік баламасы болып табылады;
2.Бейімдеуге байланысқан балалар өз әлеуметтік тәжірибесін байыта отырып, бала ұжымында қалыпты қарым-қатынасты орнатуға үйренеді;
3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар әлеуметтік, адамгершілік жағынан жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.