Файл: абылдаан Оналбек Дуйсенов Орындаан Алдаберген Нранат Тобы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру үдерісі үнемі мақсатқа және күтілетін нәтижелерге бағытталған. Осы тұрғыдан білім беру үдерісін технологияландырылған үдеріс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан мақсаттарға жетудің нақты қадамдары, кезеңдері, сатылары анықталады. Білім беру үдерісі-мұғалімнен балаға оқу ақпараттарын жеткізу арнасы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар да өте кең таралуда.
Білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелер шешімдерінің табыстылығы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Тіпті әрбір сабақтың өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына, әдістемелік шеберлігіне байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Ол балалармен үнемі ынтымақтастықта әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдық іс-әрекет барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып отырған қаншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге қол жеткізулері мүмкін.
Білім беруді үдерісжәне іс-әрекет ретінде жекеше қарастырудың себебі оның көздеген мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің арасындағы қадамдардың қаншалықты белсенді, қаншалықты қозғаушы күш екендігімен байланысты анықталмақ.
Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық-білімділік-кәсіби кұзыреттілік-мәдениет-діл (менталитет).Білім берудіңнәтиже ретінде қарастырылуы оның мазмұнын кеңейте түспек. Оқу-танымдық үдеріс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Мысалы, бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты – оған барлық адамдардың қол жеткізе алуында.
Адамдардың белгілі білім беру ұйымдарында алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар, орта білімді, жоғары білімді адам деп аталатынын көп естиміз. Білімділік – қажетті максимумға дейін жеткізілген қоғамдық және тұлғалық сауаттылық.
Кәсіби құзыреттілік. Бүгінгі ақпараттық қоғамда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, ішкі әлеуетіне қарай бір мамандықты немесе кәсіпті дұрыс таңдауы маңызды. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттілік ұғымы кеңінен талқылануда, себебі қоғам кәсіби құзыреттері, практика сұранысына жауап бере алатын мамандарды талап етуде.
Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде
«құзыреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында қарастырылып келеді. Алдымен «құзыреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «compete» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық терминологиялық сөздікте құзыреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:1) құзыреттілік - нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге қатыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері; 2) құзыреттілік - танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі.
«Кәсіби құзыреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі үздіксіз жетілдіру іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.
Мамандардың біліктіліктері, кәсіби құзыреттіліктері адамның жалпы мәдениетке қатынасын анықтайтын қажетті компонент болып табылады. Мәдениеттің маңызды ерекшеліктері болып жеке тұлғаның өткен ғасырлар мұрасына терең, саналы түрде қастерлі қатынаста болуы, шығармашылықпен қабылдай алу іскерлігі, кез келген іс-әрекеттер немесе қарым-қатынастар саласындағы шынайылықты түсінуі және жағымды тұрғыда өзгертуге ұмтылысы жатады. Мәдениет – адам білімділігі мен кәсіби құзыреттілігінің жоғарғы көрінісі. Мәдениет - адам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке баулитын пәрменді ерекше құрал.
Білім берудің ең жоғарғы құндылығы және мақсаты – жеке тұлғаның және әлеуметтің ділін қалыптастыру. Діл ұғымы адамның мінез-құлқының, дүниетанымының, дүниені қабылдауының ғылыми негіздерін қамтиды.
Діл (менталитет) – тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір әлеумет дүниетанымының, дүниеге көзқарастарының және мінез-құлқының тарихи жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Діл-адамның санасына терең сіңісіп қалған рухани құбылыс. Діл қай халықтың болмасын мәдениетінен, дінінен, өмірлік тұрмысынан, философиялық идеяларынан және білім беру жүйесінен туындап қалыптасады.
Сонымен білім берудің нәтижелілігін мынандай тізбек ретінде қарастыруға болады: сауаттылық – білімділік – кәсіби құзыреттілік- мәдениет-діл. Білім берудің нәтижелілік тізбегінде діл ең жоғарғы сатысында тұрады, және ол тізбектегі басқа бөліктердің жалпы мазмұнын анықтайды.
1.3.Қазіргі білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық тұғырнамалары болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигмадеп аталады. Парадигма ұғымын ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т.Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер бар: парадигманың орнығуына дейінгі кезең, парадигманың қалыптасуы, орнығуы; ғылым саласындағы дағдарыс, ғылыми революция парадигмалардың ауысуы.
Заманның өзгеруіне байланысты парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Ал педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын, қалыптасып қалған негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы, қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасына ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.
Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасыда өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасы дүниеге келді.
Білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығудың басты тетіктерінің бірі – педагогикалық парадигманың өзгеруін талап етіп отырған білім берудің нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы
. Бұл бағыттардағы зерттеулердің барлығы өз алдына жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда.
Білім берудегі жеке тұлғаға бағдарланутұғыры (тұлғалық-бағдарлық бағыт) оқыту мен тәрбиелеуүдерісіндегі әр оқушы тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауды көздейді. Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры деппедагогтардың оқушыны тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогика саласында бұл теория тәрбиенің субъект-субъектіліүдерісретінде анықталуына байланысты ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық қырларын Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, М.С.Каган, В.В.Сериков, И.С.Якиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген.
Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал. Бұл идеяның негізгі мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті арттыру сияқты әлеуетідамыту.Білім беру үдерісінің тұлғаны дамытуға бағ-дарлануы оқушылардың білімді меңгеру арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізе алатындығын басты назарға алады.
Барлық дамыған мемлекеттер білім беруге инвестиция жасаудың ұтымдылығын бағалай отырып,оның нәтижелілігін негізгі басымдық ретінде қарастыруда. Сондықтан білімнің практикалық құндылығын арттыру мақсатында оқушылар бойында қажетті сапаларды қалыптастыру үшін олардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі заман талабына айналды. Кең мағынадағы функционалдық сауаттылық білім беру үдерісінің адамдардың көп жоспарлы қызметімен байланысын кіріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылықтың маңыздылығы адамның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасқа тез бейімделіп, өз білімдерін өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалана алуында.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білім беру негізінде жас ұрпаққа білім берудің мазмұны күрделеніп, оқушыларды болашақ кәсіптерін саналы түрде таңдай білуге бейімдеу, сол арқылы білікті және құзіретті маманы етіп қалыптастыру, ел мүддесі үшін қызмет ететін ерікті азаматтар ретінде тәрбиелеу әр мектептің жауапты міндеті.Қазіргі кезде білім беру барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатты иеленіп, тұтастай қалыптасып жатқан үздіксіз білім беру жүйесінің бір маңызды бөлігіне айналуда. Бұл салада мектеп пен жоғары оқу орындарындағы сабақтастық, мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын
бейіндік оқыту арқылы дұрыс таңдай алулары, сол таңдаған кәсіптері арқылы әр тұлғаның толық өздерін іске асыра алулары көзделген.
1.4.Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар. Білім беру феномені ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдықтардың біріне айналу себебі оның әлеуметтік мәнінің өзектенуімен айқындалып, білім беру жүйесінде үздіксіз реформалар енгізілу үстінде. Енді осы өзгерістерді туындататын негізгі факторларды қарастырып өтейік.
1)Жаһандану үрдісі.Бүкіл дүниежүзілік деңгейде мемлекеттердің өзара ықпалдасуына әсерін тигізіп тұрған жаһандану үрдісі адамдардың планета көлемінде көрініс тауып отырған экологияның бүлінуі, су ресурстары үшін күрес, ғаламдық жылыну қаупі, мемлекеттер мен құрлықтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі үлкен айырмашылықтар, ядролық қару зардаптары, саяси тұрақсыздық және терроризм секілді ауқымды мәселелерді шешу әлемдік қауымдастықтың бірлесе әрекеттесуін қажет етеді.
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі әлемдік, жалпы, бүтін, бәрін қамтушы мәнін білдіреді. Жаһандануды әрі дүниежүзілік кеңістікке ену, әрі әлемдік қарым-қатынасқа көпұлтты қауымдастықтардың кіруі ретінде түсіндіруге болады. Сонымен, жаһандану – қарқынды өсіп жатқан дүниежүзілік дәрежедегі факторлардың жеке мемлекеттердегі шынайы әлеуметтік жағдайларға ықпал ету үдерісі.
2)Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы негізінде адамдардың тұрғылықты жерінің аумағынан аспай-ақ алыстағы қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейді. Дәлірек айтсақ, бұрынғы кезде адамдар басқа елдің адамдарымен тек хат, телеграмма және т.б. арқылы қатынаса алса, қазір адамдардың қарым-қатынасы уақытпен де, кеңістікпен де еш шектелмеген. Электронды техника мен телекоммуникация желілерінің on-line форматтарының дамуы арқасында қазіргі адамға жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысу мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Ақпараттандыру үдерісі әр адамды әлемдік қауымдастықтың бөлшегі екенін сезіндіріп, объективті шындық шегінің кеңейгенін ұғындырды.
3)Әлемдік өркениеттің дамуында гуманистік қағидалардың өзектенуі. Дүниежүзі бойынша байқалып отырған экономикалық дағдарыстар мен қатар адамдар арасындағы рухани-адамгершілік дағдарыстың белең алуы қоғамды ізгілендіру мәселесін күшейте түсті. Бұл мәселе адамдардың білімділігімен, олардың кәсіби құзыреттілігімен, адами құндылықтарымен тығыз байланыста қарастырылуда. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі оның адами капиталының сапасына тікелей байланысты.