Файл: Табиат жне адам блімі бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 263
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11-сынып қазақ әдебиеті пәнінен 4-тоқсан бойынша№1 жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасынан берілген үзіндіні негізге алып, өлең құрастырыңыз.
2-тапсырма. Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасының идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын айқындап, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы ойыңызды жазыңыз.
3-тапсырма. Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қызметіне талдау жасаңыз.
4-тапсырма. Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасын М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен салыстырып, көлемі 80-90 сөз әдеби сын жазыңыз. Әдеби сында мына ерекшеліктерді негізге алыңыз.
«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа| Оқылатын шығарма | Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасы |
| Оқу мақсаты | 11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; 11.3.4.1 – шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу. |
| Бағалау критерийі | Білім алушы |
| |
|
| Ойлау дағдысының деңгейлері | Қолдану |
| Орындау уақыты | 15-20 минут |
| «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді | Менің өлеңім |
| Айналайын бұлбұлым, Бал таңдайым, Саған тор да, Қасқырға қақпан дайын. Шынтақтаған жастықты Көрінеді Аққу-қазды жаныштап жатқандайын. | |
| Поэманың идеясы: | |
| Поэма жазудағы мақсаты: | |
| Поэмадағы көркемдегіш құралдар | |
| Идея мен көркемдегіш құралдың байланысы қалай көрініс тапқан? | |
| Түйінді сөз | |
3-тапсырма. Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қызметіне талдау жасаңыз.
| Поэмадан үзінді | Эпитет | Риторикалық сұрау | Қайталау | Көркемдегіш құралдың қызметі |
| Кеткен жоқ па азайып ерлігіміз?! Кеткен жоқ па жоғалып мәрттігіміз?! | | | | |
| Талай темір көктасқа қайырылды, Талай тәңір сенімнен айырылды. | | | | |
| Қызыл кітап – Тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат. | | | | |
| Кешіре гөр біздерді, Әулие көл! Кешіре гөр біздерді, Қыр киелі! | | | | |
-
Шығарманың атауы; -
Оның жанры мен мазмұны; -
Композициялық ерекшеліктері; -
Кейіпкер бейнесін сомдаудағы автор шеберлігі; -
Жазушының жеке стилі; -
Көркем туындының жазылған кезеңі; -
Көркем шығармадағы оқиғаның орын алған уақыты; -
Осы тақырыпта жазылған басқа да шығармалар; -
Шығармадан дәлел ретінде мысалдар келтіру; -
Автор қандай қорытынды жасайды.
| Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл |
| Білім алушы | |||
| Шығармадан алған үзінді,қанатты сөз, дәйексөздерді шығармашылық жұмыста қолданады. | 1 | Үзіндіні негізге алады; | 1 |
| Өлең құрастырады; | 1 | ||
| Буын, бунақ, ұйқасты сақтайды. | 1 | ||
| Шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысына талдау жасайды. | 2 | Поэманың идеясын анықтайды; | 1 |
| Поэма жазудағы мақсатын анықтайды; | 1 | ||
| Көркемдегіш құралдарды анықтайды; | 1 | ||
| Идея пен көркемдегіш құралдың байланысын айқындайды. | 1 | ||
| Түйінді ойын білдіреді. | 1 | ||
| 3 | Көркемдегіш құралдарды ажыратады; | 1 | |
| Көркемдегіш құралдардың қызметіне талдау жасайды; | 1 | ||
| Шығарманы идеясын мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады. | 4 | Поэманың ерекшелігін анықтайды; | 1 |
| Поэманы салыстырады; | 1 | ||
| Әдеби сын жазуда ерекшеліктерді сақтайды; | 1 | ||
| Әдеби сын жазуда сөз санын сақтайды; | 1 | ||
| Әдеби сын жазады. | 1 | ||
| Барлығы | 15 | ||