ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-Күн тапсырмасы, Оқу және функционалдық сауаттылық
Тақырыптар | Сұрақтар |
1.Пәнді жақсы білу (оқи білу) | Сіздің пәніңіз бойынша Функционалдық оқудың негізгі мазмұны қандай? Функционалдық оқудың негізгі салалары қандай? |
– математиканың мазмұнын басқа ғылымдармен интеграциялау негізінде біртұтастық және қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы туралы дүниетанымын қалыптастыру; – оқушылардың математиканың әлемдегі орнын анықтау мен түсіну қабілетін қалыптастыру, қоршаған ортадағы мәселелерді аталған ғылым әдістері арқылы шешу; – статистикалық мәліметтер, шамаларды өлшеу, логикалық құрылған дәлелдерді көрсету негізінде ұсынысын негіздеу үшін физика-математикалық білімді қолдану қабілетін дамыту; – түрлі бағыттағы ғылыми жобаларды орындау барысында және заттың сандық параметрін анықтауда түрлі математикалық әдістерге сүйене білудің жүйелі білігін қалыптастыру. | |
2.Оқыту әдіс-тәсілдері | Функционалдық оқуға дағдыландыру үшін қолданылатын оқыту және тәжірибеде қолдану әдістері қандай? |
Белсенді оқыту стратегиялары: «Эссе», «Бес жолды өлең», «INSERT», «Венн диаграммасы», «Болжау», «Топтастыру», «РАФТ», «Ақылдың алты қалпағы», «Кубизм». | |
3.Ынталандыру (уәж) | Мұғалім осы дағдыны дамытуға оқушыларды қалай ынталандыра және белсендігін арттыра алады? Мұғалім осы үдерісте оқушының өзін-өзі реттеуіне қалай қолдау көрсете алады? |
Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Ойын біріншіден, білу жTне үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. | |
4.Бағалау | Функционалдық оқуды бағалау үшін қандай білім мен дағдылар қажет? Функционалдық оқуды бағалауда қолдануға болатын әдіс-тәсілдер мен құралдар қандай? |
Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі — білім беру жүйесіндегі көкейкесті, өте өзекті мәселелердің бірі. Себебі, оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді, білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері болмады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс қалыптаспады, «оқушы үні» естілмеді. Бағалау – оқыту мен үйретуді жасаушы үрдіс екенін мұғалімдер қауымы білгенмен, сабақта қолданылатын бағалау түрлері бойынша мұғалімдердің жиі қиындықтарға кездесуі өзекті мәселелердің бірі. | |
5.Қарым-қатынас | Функционалдық оқуды дамытуда мұғалімнің қандай карым-катынас дағдылары маңызды болып табылады? Мұғалім сауатты оқуды дамыту барысында сыныптағы карым-қатынас пен ынтымақтастыққа қалай ықпал ете алады? |
Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру балыйша қамтамасыз етіледі: - педагогтың балалармен нағыз психологиялық байланысы; - педагогтың балалармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру; - оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру; - ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психолгиялық жағдайының пайда болуы; - оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің шығармашылық ойын айқындауы тиіс. | |
6.Эмоционалдық дағдылар және өз бетінше ұғыну | Функционалдық оқу барысында қандай эмоционалдық дағдылар дамиды? Мұғалім функционалдық оқу барысында оқушылардың өз бетінше ұғыну дағдысын дамытуға қалай қолдау көрсете алады? |
Оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік-психологиялық негізін орнату; жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату; жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату; қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік-психологиялық факторларды меңгеру. |